Samsung GE88SUB/BW Руководство по эксплуатации онлайн [86/160] 879998
![Samsung GE88SUB/BW Руководство по эксплуатации онлайн [86/160] 879998](/views2/2119284/page86/bg56.png)
Қауіпсіздік нұсқаулары
6 Қазақ
Қауіпсіздік нұсқаулары
Қауіпсіздікті сақтауға қатысты жалпылама ескертулер
Кез келген өзгеріс енгізу немесе жөндеу жұмыстарын білікті маман ғана орындауға тиіс.
Тұмшаланған сауыттардағы тағамды немесе сұйықты микротолқын функциясымен қыздырмаңыз.
Пешті бензол, сұйылтқыш, алкоголь, бумен немесе жоғары қысыммен тазалағыш заттармен
тазаламаңыз.
Пешті қыздырғыштың, тұтанғыш заттың қасына орнатпаңыз; ылғалды, майлы немесе шаңды жерге
қойып немесе күн сәулесі тура түсетін және су ағатын немесе газ шығуы мүмкін жерге, тегіс емес
жерге қоймаңыз.
Бұл пешті жергілікті және мемлекеттік стандарттарға сай жерге дұрыс тұйықтау керек.
Пештің ашасы қосылатын ағытпалар мен контакт түйіспелеріндегі қоқыстарды тазалау үшін құрғақ
шүберекті жиі пайдаланыңыз.
Қуат сымын қатты тартпаңыз, майыстырмаңыз немесе оның үстіне ауыр зат қоймаңыз.
Газ жылыстап шықса (мысалы, пропан, сұйылтылған газ т.б.) бөлмені дереу желдетіңіз. Қуат сымына
қол тигізбеңіз.
Қуат сымын дымқыл қолмен ұстамаңыз.
Пеш жұмыс істеп тұрғанда, қуат сымын желіден ағытып сөндіруге болмайды.
Саусақтарыңызды немесе бөгде затты сұқпаңыз. Егер пешке бөгде зат кіріп кетсе, ашаны розеткадан
суырыңыз да, жергілікті Samsung қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Пешке шамадан тыс күш салмаңыз немесе баспаңыз.
Пешті осал заттардың үстіне қоймаңыз.
Кернеу, жиілік және тоқ параметрлерінің, техникалық параметрлерге сай келетініне көз жеткізіңіз.
Ашаны қабырғадағы розеткаға мықтап сұғыңыз. Көп ашалы адаптерді, ұзартқыш сымдарды немесе
электр трансформаторын қолданбаңыз.
Қуат сымын металл заттарға іліп қоймаңыз. Қуат сымының заттардың арасында немесе пештің
артында болуын қамтамасыз етіңіз.
Бүлінген қуат ашасын, қуат сымын немесе босап қалған розетканы қолданбаңыз. Зақым келген қуат
ашалары немесе сымдары үшін жергілікті Samsung қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Пешке су құюға немесе суды тура бүркуге болмайды.
Пештің үстіне, ішіне немесе пеш есігінің үстіне зат қоймаңыз.
Құрт-құмырысқаларды құртуға арналған бүріккіш тәрізді тұтанғыш затты пешке шашпаңыз.
Пештің ішіне тұтанғыш зат салып сақтауға болмайды. Құрамында алкоголі бар тағамды немесе
сусындарды қыздырған кезде өте сақ болыңыз, себебі алкоголь буы пештің ыстық бөліктеріне тиіп
кетуі мүмкін.
Балалар есікке соғылып қалуы немесе саусақтарын қыстырып алуы мүмкін. Есікті ашып/жапқанда,
балаларды алыс ұстаңыз.
Микротолқынға қатысты ескерту
Сусындарды микротолқынмен қыздырғанда кенет тасып төгілуі мүмкін, сондықтан сауытты әрқашан
абайлап ұстау керек. Сусындарды әрқашан 20 секунд қоя тұрғаннан кейін алыңыз. Қажет болса,
қыздыру барысында араластырыңыз. Қыздырып болғаннан кейін әрқашан араластырыңыз.
Бу шалып кетсе, төмендегі алғашқы жәрдем нұсқауларын орындаңыз:
1. Бу шалып кеткен жерді кем дегенде 10 минут суық суға малыңыз.
2. Таза, құрғақ дәкемен жабыңыз.
3. Ешбір крем, май немесе лосьон жақпаңыз.
Науаға немесе торға зақым келтірмеу үшін тағам пісіріп болғаннан кейін суға дереу салмаңыз.
Пешті тағамды майға батырып қуыру үшін пайдаланбаңыз, себебі, май температурасын бақылау
мүмкін емес. Нәтижесінде ыстық май тасып төгілуі мүмкін.
GE88SUB_BW_DE68-04559A-01_RU+UK+KK+UZ.indb 6 2/18/2019 5:32:50 PM
Похожие устройства
- Anker PCore 321 MagGo 5K A1616 BK черный Руководство по эксплуатации
- Samsung MS23K3513AK/BW Руководство по эксплуатации
- Gorenje BM201AG1X Руководство по эксплуатации
- Pioneer PBS1004 Руководство по эксплуатации
- Elikor ECO 50 BK Руководство по эксплуатации
- Gorenje BM201AG1X Руководство по эксплуатации
- Elikor ECO 60 BK Руководство по эксплуатации
- Elikor ECO 50 WH Руководство по эксплуатации
- Aqara Door and Window Sensor T1 (DW-S03D) Руководство по эксплуатации
- Philips FC8243/09 Руководство по эксплуатации
- Philips GC6815/20 Руководство по эксплуатации
- Garlyn SR-500 Руководство по эксплуатации
- Garlyn HB-C Руководство по эксплуатации
- Garlyn GST-08 Pro Руководство по эксплуатации
- Kitfort КТ-3442 Руководство по эксплуатации
- Garlyn SM-3000 Руководство по эксплуатации
- uGreen PB312 20000mA Руководство по эксплуатации
- Garlyn PM-2000 Руководство по эксплуатации
- Garlyn L2000 Руководство по эксплуатации
- Garlyn Aqua Base 3 Руководство по эксплуатации