Samsung GE88SUB/BW Руководство по эксплуатации онлайн [90/160] 879998
![Samsung GE88SUB/BW Руководство по эксплуатации онлайн [90/160] 879998](/views2/2119284/page90/bg5a.png)
10 Қазақ
Күтім көрсету
Күтім көрсету
Тазалау
Пештің ішіне немесе үстіне қоқыс жиналып қалмау үшін мезгіл-мезгіл тазалаңыз. Сонымен қатар,
есікке, есіктің тығыздағышына және бұрылмалы табаққа және айналмалы шығырыққа (қолданылатын
үлгілерге ғана қатысты) аса назар аударыңыз.
Егер есік оңай ашылып немесе жабылмаса, әуелі есіктің тығыздағыштарына қоқыс тұрып қалмағанын
тексеріңіз. Пештің ішкі және сыртқы беттерін тазалау үшін жұмсақ шүберек пен сабынды суды
пайдаланыңыз. Шайыңыз да, мұқият құрғатыңыз.
Пештің ішіндегі иістенген, қатып қалған қоқыстарды тазалау үшін
1. Пеш бос тұрған кезде, бұрылмалы табақтың ортасына кесеге ерітілген лимон шырынын қойыңыз.
2. Пешті ең жоғары қуат деңгейіне қойып 10 минут қыздырыңыз.
3. Цикл аяқталғаннан кейін пеш салқындағанша күтіңіз. Содан кейін, есікті ашып, тағам пісіретін
бөлікті тазалаңыз.
Ішкі тербелмелі қыздырғышы бар үлгілерді тазалау үшін
A
Пісіру бөлігінің үстіңгі тұсын тазалау үшін үстіңгі
қыздырғыш элементті көрсетілгендей 45° градусқа (A)
төмендетіңіз. Бұл үстіңгі жақты тазалауға көмектеседі.
Болған кезде, үстіңгі қыздырғыш элементті орнына
қойыңыз.
НАЗАР САЛЫҢЫЗ
• Есік пен есіктің тығыздағыштарын таза ұстаңыз және есіктің оңай ашылып жабылатынына көз
жеткізіңіз. Әйтпесе, пештің қолданыс мерзімі қысқаруы мүмкін.
• Пештің саңылауларына су шашыратпау үшін абай болыңыз.
• Тазалау үшін жеміргіш немесе химиялық заттарды пайдаланбаңыз.
• Пешті әр қолданып болған сайын пеш салқындағанша күтіп, жұмсақ жуғыш затты пайдаланып
тағам пісіретін бөлікті тазалаңыз.
Ауыстыру (жөндеу)
ЕСКЕРТУ
Бұл пештің ішінде пайдаланушы ағытып алуға болатын ешбір бөлшек жоқ. Пешті өзіңіз жөндеуге
немесе бөлшектерін ауыстыруға әрекеттенбеңіз.
• Топсаларға, тығыздағышқа, және/немесе есікке қатысты мәселе туындаса, білікті техникке
немесе жергілікті Samsung қызмет көрсету орталығына хабарласып, техникалық көмек алыңыз.
• Егер жарықтама шамын ауыстырғыңыз келсе, жергілікті Samsung қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз. Өзіңіз ауыстырмаңыз.
• Егер пештің сыртқы корпусына қатысты мәселе туындаса, әуелі қуат сымын қуат көзінен ағытып,
содан кейін жергілікті Samsung қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Ұзақ уақыт пайдаланбаған кезде күтім көрсету
Егер пешті ұзақ уақыт пайдаланбасаңыз, қуат сымын ағытып, пешті құрғақ, шаңы жоқ жерге қойыңыз.
Пештің ішіне жиналып қалатын ылғал және шаң пештің жұмысына әсер етуі мүмкін.
GE88SUB_BW_DE68-04559A-01_RU+UK+KK+UZ.indb 10 2/18/2019 5:32:52 PM
Похожие устройства
- Anker PCore 321 MagGo 5K A1616 BK черный Руководство по эксплуатации
- Samsung MS23K3513AK/BW Руководство по эксплуатации
- Gorenje BM201AG1X Руководство по эксплуатации
- Pioneer PBS1004 Руководство по эксплуатации
- Elikor ECO 50 BK Руководство по эксплуатации
- Gorenje BM201AG1X Руководство по эксплуатации
- Elikor ECO 60 BK Руководство по эксплуатации
- Elikor ECO 50 WH Руководство по эксплуатации
- Aqara Door and Window Sensor T1 (DW-S03D) Руководство по эксплуатации
- Philips FC8243/09 Руководство по эксплуатации
- Philips GC6815/20 Руководство по эксплуатации
- Garlyn SR-500 Руководство по эксплуатации
- Garlyn HB-C Руководство по эксплуатации
- Garlyn GST-08 Pro Руководство по эксплуатации
- Kitfort КТ-3442 Руководство по эксплуатации
- Garlyn SM-3000 Руководство по эксплуатации
- uGreen PB312 20000mA Руководство по эксплуатации
- Garlyn PM-2000 Руководство по эксплуатации
- Garlyn L2000 Руководство по эксплуатации
- Garlyn Aqua Base 3 Руководство по эксплуатации