Xiaomi Outdoor Bluetooth Speaker Mini черные Руководство по эксплуатации онлайн [4/16] 881166

Xiaomi Outdoor Bluetooth Speaker Mini черные Руководство по эксплуатации онлайн [4/16] 881166
Қосылу
Құрылғыға қосылу
Қуат көзі батырмасын 2 секунд басып тұрыңыз. Индикатор 1 секунд бойы көк түспен жылтырағаннан
кейін, бағана іске қосылады. Содан кейін индикатор көк түспен жыпылықтайды, бұл бағананың қосылуды
күтетінін көрсетеді. Өзіңіздің құрылғыңызда Bluetooth функциясын қосыңыз, содан кейін «Mi Portable
Bluetooth Speaker» іздеңіз жəне қосыңыз. Егер құпиясөз сұралса, «0000» енгізіңіз. Бағана мен сіздің
құрылғы сəтті қосылғаннан кейін индикатор көк түсті болып қалады. Егер бағана кез-келген құрылғыға
30 минут ішінде қосылмаса, ол автоматты түрде өшеді.
Автоматты қосылу
Mi портативті Bluetooth бағанасы қосылғаннан кейін жаңадан қосылған Bluetooth құрылғысына автоматты
түрде қосылады. Егер қосылу тарихы анықталмаса немесе кез-келген Bluetooth құрылғысына қосылу
мүмкін болмаса, индикатор көк түспен жыпылықтайды, ал бағана қосылуды күту режиміне өтеді.
Ескертпе. Егер бағана құрылғыға автоматты түрде қосыла алмаса, бағананы құрылғыдағы Bluetooth
баптаулары арқылы қажетті құрылғыға қолмен қосу керек.
Жаңа құрылғыға қосылу
Бағанаңыздың өшірулі екендігіне көз жеткізіңіз. Түйіндескен Bluetooth құрылғысына автоматты түрде
қосылуды болдырмау үшін қуат көзі батырмасын 6 секунд бойы басып тұрыңыз. Индикатор 1 секунд
ішінде көк түспен жанып тұрады, содан кейін Мi портативті Bluetooth бағанасы қосылады жəне қосылуды
күту режиміне өтеді. Сіздің жаңа құрылғыңызда Bluetooth қосыңыз, содан кейін бағананы өзіңіздің
құрылғыңызға қосыңыз.

Похожие устройства

Скачать