Samsung WW11CG604CLELP Руководство по эксплуатации онлайн [110/224] 881207

Samsung WW11CG604CLELP Руководство по эксплуатации онлайн [110/224] 881207
Іске кірісу алдында
Қазақ30
ҚАДАМ: 5 Салынатын кірдің мөлшерін анықтау
Кір жуғыш машинаны шамадан тыс толтырмаңыз. Өте көп кір салынса, кір жуғыш машина дұрыс жумауы
мүмкін. Киім түрлеріне арналған салмақ мөлшерін 40-беттен қараңыз.
ЕСКЕРІМ
Төсек жабдығын немесе төсек жапқыштарды жуғанда, жуу уақыты ұзаруы немесе айналдыру тиімділігі
төмендеуі мүмкін. Төсек жабдықтарын немесе ақжаймаларды жуу үшін ұсынылатын ең үлкен айналдыру
циклі 800 мин/айн және салмақ 2,0 кг немесе бұдан аз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Егер кірдің теңгерімі жоқ болса, айналдыруға әсер етеді.
Барабанға кір толтырыла салынып, есікке қыстырылмай тұрғанына көз жеткізіңіз.
Есікті қатты жаппаңыз. Есікті баппен жабыңыз. Әйтпесе, есік дұрыс жабылмауы мүмкін.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Барабанға кір толтырыла салынып, есікке қыстырылмай
тұрғанына көз жеткізіңіз.
ҚАДАМ: 6 Дұрыс жуғыш зат түрін пайдалану
Жуғыш заттың түрі матаның түріне (мақта мата, синтетика, нәзік мата, жүн мата), түсіне, жуу температурасына
және қаншалықты кірлегеніне байланысты. Автомат кір жуғыш машиналарға арналған жуғыш заттарды
пайдаланыңыз.
ЕСКЕРІМ
Жуғыш затты өндіруші нұсқауларын кірдің салмағын, қаншалықты кірлегенін және аймағыңыздағы
судың кермектігін ескере отырып орындаңыз. Судың қаншалықты кермек екенін білмесеңіз, жергілікті
уәкілетті мекемеге хабарласыңыз.
Жентектеліп немесе қатып қалған жуғыш затты қолданбаңыз. Бұндай жуғыш зат шаю циклінен кейін
қалып, су төгетін түтікті бітеп тастауы мүмкін.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Жүн матаны Жүн циклімен жуғанда, жүн матаға арналған арнайы жуғыш затты ғана пайдаланыңыз. Жүн
циклінде ұнтақ жуғыш затты пайдалансаңыз, киімге жұғып, бояуы оңып кетуі мүмкін.
Untitled-1 30 2024-01-24  4:44:42

Похожие устройства

Скачать