Samsung WW11CG604CLELP Руководство по эксплуатации онлайн [113/224] 881207

Samsung WW11CG604CLELP Руководство по эксплуатации онлайн [113/224] 881207
Қазақ33
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Жуғыш зат үлестіргішіне 1 немесе 2 диспенсерді орнатпай кір жуғыш машинаны жұмыс істетпеңіз.
- Судың ағуынан электр тогының соғу қатері орын алуы не адам жарақаттануы мүмкін.
Келесі жуғыш заттарды үлестіргішке салып пайдаланбаңыз.
- Таблетка, капсула, шарик немесе тор тәрізділер.
Жуғыш зат үлестіргішінде гель түріндегі немесе тұтқыр жуғыш заттарды/жұмсартқыштарды
қолданбаңыз, себебі олар дұрыс ақпауы мүмкін.
- Кір жуғыш машинада қолданар алдында жуғыш зат/жұмсартқыш өндірушінің нұсқауларын оқып
шығыңыз.
Жуғыш зат үлестіргішінен алынған диспенсерді өзіңізбен алып жүрмеңіз. Диспенсерді орнына қайта
қойыңыз.
- Әйтпесе диспенсер шайқалып, ішіндегісі төгіліп қалуы мүмкін.
Кір жуғыш машинаны жылжытпас бұрын, ішіндегісі еденге төгіліп кетпес үшін, жуғыш зат
үлестіргішіндегі диспенсерлерді босатыңыз.
Мата жұмсартқышын жұмыс бетіне немесе басқару панеліне төгіп алмау үшін абай болыңыз.
ЕСКЕРІМ
Жуғыш зат үлестіргіші толық жабылмаса, Диспенсерді жабыңыздеген хабарлама шығады. Кір жуғыш
машина жұмысын бастамас бұрын жуғыш зат үлестіргішін жабыңыз.
Егер дисплейде "Автоматты мөлшерлеуішті жуғыш құралға толтырыңыз", "Автоматты мөлшерлеуішке
кондиц. салыңыз" немесе "Авто- мөлшерлеуішке жуғыш құрал мен кондиц.салыңыз" хабары пайда
болса, тиісті диспенсерді толтырыңыз. Бұл ескерту хабарламалары кір жуғыш машина бос жуғыш зат/
жұмсартқышты байқағаннан кейін кір жуғыш машинаны қосқан кезде ғана көрсетіледі.
Жүн циклі кезінде жуғыш зат/жұмсартқыш автоматты түрде берілмейді. Жүн циклінде жуғыш затты/
жұмсартқышты ағызу үшін жуғыш заттың/жұмсартқыштың деңгейін қолмен орнату керек.
Жуғыш зат үлестіргішін саусақ ұшымен ғана ашу қиын болуы мүмкін. Жуғыш зат үлестіргішінің
тұтқасынан мықтап ұстап, ашыңыз.
Жуғыш зат үлестіргішін жабу үшін толығымен итеріңіз. Үлестіргіш дұрыс жабылған кезде сіз шерту
дыбысын естисіз.
Жұмсартқыштың иісі әлсіз болып көрінсе, жұмсартқышты қосу деңгейін жоғары деңгейге қойыңыз.
Диспенсер саңылауларын тексеріп, қақпақтарын бұрап ашыңыз, содан кейін MAX сызығына дейін жуғыш
затпен немесе жұмсартқышпен толтырыңыз.
Жуғыш зат пен жұмсартқыш қоспасын пайдаланбаңыз.
Диспенсерлерді әрқашан қақпағы жабық күйде ұстаңыз.
Автоматты үлестіргішке жуғыш зат салу
ЕСКЕРІМ
Егер дисплейде "Автоматты мөлшерлеуішті жуғыш құралға толтырыңыз", "Автоматты мөлшерлеуішке
кондиц. салыңыз" немесе "Авто- мөлшерлеуішке жуғыш құрал мен кондиц.салыңыз" хабары пайда
болса, тиісті диспенсерді толтырыңыз.
Диспенсерді толтырған соң толтыруға байланысты шыққан хабарлама жойылмаса, кір жуғыш машинаны
өшіріп-қосыңыз, я болмаса жуғыш зат үлестіргішін 3 секундтан ұзақ ашып тұрыңыз да, жабыңыз.
- Кір жуғыш машина толтырылған жуғыш затты немесе жұмсартқышты анықтай бастайды.
Untitled-1 33 2024-01-24  4:44:43

Похожие устройства

Скачать