Samsung WW11CG604CLELP Руководство по эксплуатации онлайн [130/224] 881207

Samsung WW11CG604CLELP Руководство по эксплуатации онлайн [130/224] 881207
Әрекеттер
Қазақ50
Арнайы функциялар
Smart Control (тек қолжетімді үлгілерге қатысты)
Кір жуғыш машинаңызды қашықтан басқару үшін SmartThings қолданбасына қосылуыңызға болады.
Кір жуғыш машинаны қосу
1. Смартфон немесе планшетіңізге (Android және iOS) SmartThings қолданбасын жүктеңіз де, оған кіріңіз.
2. Кір жуғыш машинаны оған қосу үшін түймесін басыңыз.
3. түймесін басып тұрыңыз.
a. Кір жуғыш машина AP режиміне кіреді де, смартфоныңызға немесе планшетіңізге қосылады.
b. Кір жуғыш машинаңызды аутентификациялау үшін түймесін басыңыз.
c. Аутентификация үдерісі аяқталғаннан кейін кір жуғыш машинаңыз қолданбаға сәтті түрде қосылады.
- SmartThings қолданбасындағы әртүрлі функцияларды пайдалануыңызға болады.
ЕСКЕРІМ
Кір жуғыш машинаңыз SmartThings қолданбасына қосыла алмаса, қосылу әрекетін қайталаңыз.
Кір жуғыш машинаны SmartThings қолданбасына қосқаннан кейін интернет қосылымында ақау пайда
болса, роутерді тексеріңіз.
Wi-Fi өшірулі болса, түймесін 3 секунд басып тұрып, Теңшелімдер/Жүйе функциялары мәзіріне кіріңіз
де, қосу үшін Wi-Fi опциясын таңдаңыз.
Кір жуғыш машинаның Wi-Fi функциясын қоссаңыз, кір жуғыш машинаңызды оның ток көзіне қосулы
тұрған-тұрмағанына қарамай, смартфон немесе планшет арқылы SmartThings қолданбасына қоса
аласыз. Егер кір жуғыш машинаның Wi-Fi функциясы сөндірулі тұрса, кір жуғыш машина SmartThings
қолданбасында желіден тыс күйде тұрады.
Smart Control функциясын бастау алдында есікті жабыңыз.
Кір жуғыш машинаңызды біраз уақыт SmartThings қолданбасына қоспай пайдалансаңыз, Смарт басқару
туралы қалқыма хабар 3 секунд көрінеді.
Кір жуғыш машинаның Wi-Fi функциясы AP (кіру протоколы) көзіне қосылмаса, оны ток көзінен
ағытқанда Wi-Fi да сөнеді.
Stay Connect
SmartThings қолданбасынан Stay Connect функциясын, цикл соңында Smart Control қосылған қалпы
ұстау үшін, орнатыңыз. Үйден немесе сырттан қосымша нұсқау жіберуге мүмкіндік беру үшін кір жуғыш
машинаңыз қолданбаға қосылып тұрады.
1. Егер Stay Connect функциясын SmartThings қолданбасы арқылы қоссаңыз, цикл аяқталғаннан кейін кір
жуғыш машинаңыз күту режимінде қуат үнемдеу күйінде тұрады.
- Есік жабық болса, Stay Connect функциясы 24 сағатқа дейін белсенді болады.
2. Stay Connect функциясы қосылып тұрса, кір жуғыш машина дисплейінде Smart Control, Есік бекітпесі
және Wi-Fi белгілері жанып тұрады.
3. Кір жуғыш машинаңызды оңтайлы басқаруға, SmartThings көмегімен шаю, айналдыру немесе кептіру
циклдерін қосуға болады.
Untitled-1 50 2024-01-24  4:44:47

Похожие устройства

Скачать