Samsung WW11CG604CLELP Руководство по эксплуатации онлайн [90/224] 881207
![Samsung WW11CG604CLELP Руководство по эксплуатации онлайн [90/224] 881207](/views2/2120493/page90/bg5a.png)
Қауіпсіздік ақпараты
Қазақ10
Пайдалану кезінде сақталатын сақтық шаралары
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Кір жуғыш машина жуғыш зат, кір, тамақ қалдықтары және басқа заттармен ластанған кезде, қуат сымын
суырып, кір жуғыш машинаны дымқыл, жұмсақ шүберекпен тазалаңыз.
• Бұлай істемегенде, құрылғының өңі кетіп, деформациялануы, бүлінуі не тоттануы мүмкін.
Қатты соққы тисе алдыңғы шынысы сынып қалуы мүмкін. Кір жуғыш машинаны пайдаланған кезде абай
болыңыз.
• Шынысы сынып қалса, жарақат алу қаупі бар.
Ұзақ уақыт пайдаланбағаннан кейін, сумен жабдықтаудың бұзылуынан немесе су құятын түтікті қайта
жалғағаннан кейін су шүмегін баяу ашыңыз.
• Су құятын түтіктегі немесе су құбырындағы ауа қысымы құрылғының бір бөлігін зақымдауы немесе судың
ағып кетуіне әкелуі мүмкін.
Жұмыс істеп тұрғанда су төгілсе, су төгуге қатысты ақаулықтың бар-жоғын тексеріңіз.
• Су төгіліп, құрылғы суда қалған кезде оны іске қоссаңыз, электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы
мүмкін.
Кірді салған кезде есікке қысылып қалмайтын етіп, кір жуғыш машинаға әбден салу керек.
• Егер кір есікке қыстырылып қалса, киімге немесе кір жуғыш машинаға нұқсан келуі немесе су ағып кетуі
мүмкін.
Кір жуғыш машинаны пайдаланбаған кезде суды жауып қойыңыз.
• Су құятын түтіктің жалғастырғышының бұрандаларының дұрыс қатайтылғанын тексеріңіз.
Резеңке тығыздағыш пен алдыңғы есікті ешбір бөгде зат (мысалы, қоқыс, жіп, шаш т.с.с.) ластап тастамауын
қамтамасыз етіңіз.
• Есікке бөгде зат қыстырылып қалса немесе есік толық жабылмаса су ағып кетуі мүмкін.
Су құятын шүмекті ашып, су құятын түтіктің коннекторы мықтап бекітілгенін және құрылғыны қолданар
алдында судың ағып кетпегенін тексеріңіз.
• Егер су құятын түтік жалғастырғышының бұрандалары босап қалса, су ағып кетуі мүмкін.
Сіз сатып алған құрылғы тек үйде пайдалануға арналған.
Құрылғыны іскери мақсатта пайдалану құрылғыны дұрыс пайдаланбау ретінде анықталады. Бұл жағдайда
құрылғыға Samsung компаниясы берген стандартты кепілдік берілмейді және мұндай дұрыс пайдаланбау
салдарынан болған ақаулар үшін Samsung жауапкершілік көтермейді.
Құрылғының үстіне шықпаңыз немесе үстіне зат (мысалы, кір, жанып тұрған шамшырақ, тұтатылған темекі,
ыдыс-аяқ, химиялық заттар, темір заттар т.с.с.) қоймаңыз.
• Бұл электр тогының соғуына, өртке, құрылғының жұмысына байланысты мәселелерге немесе жарақатқа
әкелуі мүмкін.
Untitled-1 10 2024-01-24 4:44:36
Похожие устройства
- Oursson MO0902/DC Руководство по эксплуатации
- Beko B1RCSK402W Руководство по эксплуатации
- Lex EVI 631A BL Руководство по эксплуатации
- Dreame H12 Dual Руководство по эксплуатации
- Rowenta Optiliss SF3320F0 Руководство по эксплуатации
- Beko B1RCSK402W Руководство по эксплуатации
- Thermex Nixen 150 F (combi) Руководство по эксплуатации
- HP SMART TANK 580 (1F3Y2A) Руководство по эксплуатации
- Canon PIXMA G2430 (5991C009) Руководство по эксплуатации
- Philips TAT2139BK/00 Руководство по эксплуатации
- Samsung WW11CGC04CAELP Руководство по эксплуатации
- Rowenta Glam & Shine SF4641F0 Руководство по эксплуатации
- Electrolux LIR60433 Руководство по эксплуатации
- Samsung WW80AG6S28ANLP Руководство по эксплуатации
- Dewal Beauty Triumph HDB1010 Coffee Руководство по эксплуатации
- Fit EH-2000 Руководство по эксплуатации
- Fit PB-400 Руководство по эксплуатации
- Бирюса M114m Руководство по эксплуатации
- Galaxy Line GL 4336 Руководство по эксплуатации
- STONBERG K-108CRB Руководство по эксплуатации