Oursson MO0902/DC Руководство по эксплуатации онлайн [6/13] 881209
![Oursson MO0902/DC Руководство по эксплуатации онлайн [6/13] 881209](/views2/2119855/page6/bg6.png)
10 11
ҰСЫНЫМДАР
• Аспапты пайдаланар алдында, пайдаланушының
нұсқаулығымен мұқият танысып шығыңыз. Оқып
шыққан соң, оны болашақта пайдалану үшін сақтап
қойыңыз.
• Осы нұсқаулықта келтірілген барлық иллюстрация-
лар нақты объектілердің схемалық бейнелері болып
табылады, олар нақты бейнелерден ерекшеленуі
мүмкін.
• Аспапты пайдалану кезінде жылжытпаңыз.
• Аспапты тамақ дайындау мен қыздыру үшін ғана
пайдаланыңыз.
• Аспапты жылу көзі ретінде пайдаланбаңыз.
• Аспап жұмыс істеп тұрғанда, есігін ашық
қалдырмаңыз.
• Шағын тұмшапешке лайықты термотөзімді ыдысты
ғана пайдаланыңыз.
• Аспапқа консерві банкаларын, бөтелкелерді,
сондай-ақ нығыздап жабылған сыйымдылықтар
мен тым ірі өнімдерді салмаңыз. Бұл жарақатқа не-
месе аспаптың бұзылуына алып келуі мүмкін.
• Шикі етті/балықты тікелей торға салмаңыз, өйткені
тоң май мен май тұтануы мүмкін. Өнімді алдын
ала фольгаға орап, пісіруге арналған қалыпты
пайдаланыңыз. Фольганың қыздыру элементтеріне
тиіп тұрмағанына көз жеткізіңіз.
• Фольганы пайдаланған кезде, қаңылтыр табаны
орта деңгейге орналастырмаңыз.
• Жұмыс істеп тұрған аспапты қараусыз
қалдырмаңыз.
• Аспаптың ішіне/үстіне қағаз, картон, пластик,
сүлгі және т.б. қоймаңыз, өйткені бұл өрт тудыруы
мүмкін.
KZ
• Пайдалану аяқталған соң, бұйымды желіден
ажыратыңыз.
• Құрылғыны соққылардан, құлаудан, дірілден
және басқа механикалық әсерлерден қорғаңыз.
• Жууды бастар алдында, құрылғыны міндетті
түрде желіден ажыратыңыз.
• Бұйымды бөлмеден тыс пайдаланбаңыз.
• Бұл аспап физикалық, сенсорлық немесе ақыл-
ой қабілеттері шектеулі немесе тәжірибесі мен
білімі жоқ адамдарға (соның ішінде балаларға)
қолдануға арналмаған. Олар аспапты олардың
қауіпсіздігіне жауапты адамның бақылауымен
немесе аспапты қауіпсіз пайдалану туралы
нұсқаулықтан кейін ғана пайдалана алады.
Балаларлың бұйыммен ойнауына рұқсат
бермеңіз.
• Бұл өнім тек күнделікті өмірде пайдалануға
арналған.
• Аспапты тазалау кезінде абразивті материалдар
мен органикалық тазартқыш заттарды (спирт,
бензин және т.б.) пайдаланбаңыз. Құрылғының
корпусын тазарту үшін аз мөлшерде бейтарап
жуғыш затты қолдануға рұқсат етіледі.
Электр аспаптарын пайдалану кезінде келесі
сақтық шараларын сақтау керек:
• Аспапты осы пайдалану нұсқаулығына сәйкес
пайдаланыңыз.
• Аспапты орнықты бет үстіне орнатыңыз.
• Құрылғы жиынтығына кіретін керек-жарақтарды
ғана пайдаланыңыз.
• Өрт немесе электр тогының соғу қаупін
болдырмау үшін құрылғыға су тиюіне және
құрылғыны жоғары ылғалдылық жағдайында
пайдалануға жол бермеңіз. Егер қандай
да бір себептермен құрылғы ішіне су кірсе,
уәкілетті қызмет көрсету орталығына (USC)
хабарласыңыз.
• Аспаптың электрмен жабдықтау үшін
тиісті сипаттамалары бар электр желісін
пайдаланыңыз.
• Аспапты ауада тез тұтанатын заттардың буы
болуы мүмкін орынжайларда пайдаланбаңыз.
• Ешқашан өз бетімен құрылғыны ашпаңыз
– бұл электр тоғының соғу себебі болуы,
аспаптың істен шығуына әкелуі мүмкін және
өндірушінің міндеттемелерінің күшін жояды.
Жөндеу және техникалық қызмет көрсету
үшін тек OURSSON сауда маркасының
өнімдерін жөндеуге уәкілетті қызмет көрсету
орталықтарына хабарласыңыз.
• Құрылғыны салқын бөлмеден жылы бөлмеге
және керісінше жылжытқан кезде, оны
қолданудан бұрын ашыңыз және қоспай, 1-2
сағат күтіңіз.
• Электр тогының соғу қаупіне жол бермеу
мақсатында, сымдардың немесе бүкіл
бұйымның суға батырылуына жол бермеңіз.
• Егер жұмыс істеп тұрған аспаптың жанында
балалар болса, ерекше сақ және мұқият
болыңыз.
• Аспаптың ыстық бетіне қол тигізбеңіз, бұл
жарақатқа әкелуі мүмкін.
• Қорек бауын үстелдің өткір жиегінен немесе
қыздырылған бет үстілеріне тигізбеңіз.
• Сымды үстелдің өткір жиегінен салбырауына
немесе қыздырылған бет үстілеріне тиюіне жол
бермеңіз.
• Бұл аспапты басқа электр құрылғыларымен
шамадан тыс жүктелген желіге қоспаңыз: бұл
құрылғының дұрыс жұмыс істемеуіне әкелуі мүмкін.
• Өнімді газ және электр плиталарына, сондай-ақ
пештерге жақын орнатпаңыз.
• Аспап қорек бауы зақымдалған кезде, сондай-ақ
өнімнің қалыпты жұмысы бұзылған жағдайда,
егер аспап құлап кетсе немесе басқа жолмен
зақымдалса, пайдаланбаңыз.
• Өнімді желіден ажыратқан кезде, штепсельді
ғана ұстаңыз, сымнан ұстап тартпаңыз – бұл
сымның немесе розетканың зақымдалуына және
қысқа тұйықталуға әкелуі мүмкін.
Қауіптілік символы
Пайдаланушыға жоғары кернеу туралы ескерту.
Ескерту символы
Нұсқаулыққа сәйкес барлық әрекеттерді жүргізу
қажеттілігі туралы пайдаланушыға ескерту.
ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ, А СУР.
Күйіп қалу қаупінің белгісі
Пайдаланушының еске салғышы
жоғары температура туралы.
• Тұмшапештен өнімді алу үшін, қармағышты
немесе термотөзімді қолғапты пайдаланыңыз.
• Аспапты пайдалану кезінде есікті қатты жаппаңыз,
қаңылтыр банаы мен басқа заттарды ашық есікке
қоймаңыз, аспаптың қызып тұрған есігіне салқын
сұйықтықтың түсуіне жол бермеңіз, А-1- сурет.
• Егер тамақ дайындау кезінде, тамақ жанатын бол
-
с а н е месе т ү т ін ш ықса, а с папт ы өш іріп , ш тепс е л ь ді
розеткадан суырыңыз. Жалын тоқтағанша есікті
ашпаңыз, өйткені оттегінің берілуі жалынды
күшейте түседі. Аспапқа су құймаңыз, өйткені
әйнек сынып кетуі мүмкін
Осы аспапты пайдалану ешқандай жағдайда
оған дене күшін қолдануды қарастырмайды,
өйткені бұл пайдаланушының кінәсінен
бұйымның бұзылуына әкелуі мүмкін.
ОРН АТУ, А-2- сурет
• Аспапты қабырғалардан / жиһаздардан
қашықтықты сақтай отырып, балалардың қолы
жетпейтін биіктікте көлденең, ыстыққа төзімді
тегіс бетке орнатыңыз. Бір жағы толық бос болуы
тиіс. Осы аспапты кіріктіруге тыйым салына-
ды.
• Жұмыс істемейтін аспапты перденің немесе оңай
тұтанатын материалдардың астына/жанына
қоймаңыз, өйткені бұл өртке әкелуі мүмкін.
ЖИНАҚТАЛЫМ, В- сурет
Корпус ..................................................................1 дана.
1
Қаңылтыр таба
...............................................1 дана.
2
Решетка ...........................................................1 дана.
Пайдалану жөніндегі нұсқаулық ........................1 дана.
КОНСТРУКЦИЯ ЭЛЕМЕНТТЕРІ, С- cурет
1
Жақтау
2
Тор мен қаңылтыр табаға арналған қуыстар
3
Есіктер
4
Басқару панелі
5
Желдетуге арналған саңылаулар
6
Жұмыс индикаторы
7
Есіктің тұтқасы
8
Үстіңгі және астыңғы қыздыру элементтері
ПАЙДАЛАНУ
Басқару панелі, С-2-сурет
Температураны реттеу
• Температураны 100°С-ден 250°С-ге дейін
реттеу
Таймер
• Таймер, 0-ден 60 минутқа дейін уақытты
таңдау
• СТОП орналасымы, дайындау процесін
тоқтату үшін пайдаланыңыз
Жұмысқа дайындық
Алғашқы пайдаланар алдында барлық орауыш мате-
риалдарын алып тастаңыз және шкафта ескерту жап-
сырмаларын (бар болса) және өнімнің сериялық нөмірі
жапсырмасын сақтаңыз. құрылғының корпусын құрғақ
және жұмсақ шүберекпен сүртіңіз. Қалған бөліктерін
ыдыс жуатын сұйықтық қосылған жылы сумен жуыңыз.
Аспапты құрастырудан немесе бөлшектеуден бұрын
аспаптың розеткадан ажыратылғанына көз жеткізіңіз.
Барлық бөлшектерді мұқият сүртіңіз.
Жаңа аспаптың иісін кетіру үшін, бос ыдысты 10-15
минутқа қосыңыз, 250°С максималды температура-
ны орнатыңыз. Бөлмені желдетіңіз. Аспапты суытып
алыңыз.
Жұмыс тәртібі, С-2-сурет.
1. Таймердің тұтқасы орналасымда тұрғанына
көз жеткізіңіз. Аспаптың айырын розеткаға
қосыңыз.
2. Реттеуіштің көмегімен қажетті температураны
орнатыңыз
.
3. Аспап қызуы үшін, таймерді
5 минутқа қосыңыз.
Дайындау барысында таймердің тұтқасы автомат-
ты түрде бұрылады.
4. Алдын ала дайындалған өнімддерді қаңылтыр
табаға/торға салыңыз. Өнімдерді қыздыру
элементтерінен 2 см жақын орналастырмаңыз.
5. Аспапқа торды/қаңылтыр табаны ұқыптап
орнатыңыз. С-3-сурет. Есікті жабыңыз.
6. Қажетті уақытты қойып
, таймерді қосыңыз.
Дайындау барысында есікті ашуға болмайды.
ЕСКЕРТПЕ: Аспап жұмыс істеп тұрғанда, жұмыс ин-
дикаторы
6
қосулы болады, С-1-сурет.
7. Дайындау аяқталған соң, таймер (аспап) авто-
матты түрде өшеді. Барлық реттеуіштерді
орналасымына орнатыңыз.
8. Есікті ақырын ашып, қармағыштың көмегімен
дайындалған өнімді алыңыз
.
Похожие устройства
- Beko B1RCSK402W Руководство по эксплуатации
- Lex EVI 631A BL Руководство по эксплуатации
- Dreame H12 Dual Руководство по эксплуатации
- Rowenta Optiliss SF3320F0 Руководство по эксплуатации
- Beko B1RCSK402W Руководство по эксплуатации
- Thermex Nixen 150 F (combi) Руководство по эксплуатации
- HP SMART TANK 580 (1F3Y2A) Руководство по эксплуатации
- Canon PIXMA G2430 (5991C009) Руководство по эксплуатации
- Philips TAT2139BK/00 Руководство по эксплуатации
- Samsung WW11CGC04CAELP Руководство по эксплуатации
- Rowenta Glam & Shine SF4641F0 Руководство по эксплуатации
- Electrolux LIR60433 Руководство по эксплуатации
- Samsung WW80AG6S28ANLP Руководство по эксплуатации
- Dewal Beauty Triumph HDB1010 Coffee Руководство по эксплуатации
- Fit EH-2000 Руководство по эксплуатации
- Fit PB-400 Руководство по эксплуатации
- Бирюса M114m Руководство по эксплуатации
- Galaxy Line GL 4336 Руководство по эксплуатации
- STONBERG K-108CRB Руководство по эксплуатации
- STARWIND SW-LED43UG405 Руководство по эксплуатации