Samsung WW80AG6S28ANLP Руководство по эксплуатации онлайн [113/224] 881223
![Samsung WW80AG6S28ANLP Руководство по эксплуатации онлайн [113/224] 881223](/views2/2120509/page113/bg71.png)
Қазақ 33
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
• Жуғыш зат үлестіргішіне 1 немесе 2 диспенсерді орнатпай кір жуғыш машинаны жұмыс істетпеңіз.
- Судың ағуынан электр тогының соғу қатері орын алуы не адам жарақаттануы мүмкін.
• Келесі жуғыш заттарды үлестіргішке салып пайдаланбаңыз.
- Таблетка, капсула, шарик немесе тор тәрізділер.
• Жуғыш зат үлестіргішінде гель түріндегі немесе тұтқыр жуғыш заттарды/жұмсартқыштарды
қолданбаңыз, себебі олар дұрыс ақпауы мүмкін.
- Кір жуғыш машинада қолданар алдында жуғыш зат/жұмсартқыш өндірушінің нұсқауларын оқып
шығыңыз.
• Жуғыш зат үлестіргішінен алынған диспенсерді өзіңізбен алып жүрмеңіз. Диспенсерді орнына қайта
қойыңыз.
- Әйтпесе диспенсер шайқалып, ішіндегісі төгіліп қалуы мүмкін.
• Кір жуғыш машинаны жылжытпас бұрын, ішіндегісі еденге төгіліп кетпес үшін, жуғыш зат
үлестіргішіндегі диспенсерлерді босатыңыз.
• Мата жұмсартқышын жұмыс бетіне немесе басқару панеліне төгіп алмау үшін абай болыңыз.
ЕСКЕРІМ
• Жуғыш зат үлестіргіші толық жабылмаса, “Диспенсерді жабыңыз” деген хабарлама шығады. Кір жуғыш
машина жұмысын бастамас бұрын жуғыш зат үлестіргішін жабыңыз.
• Егер дисплейде "Автоматты мөлшерлеуішті жуғыш құралға толтырыңыз", "Автоматты мөлшерлеуішке
кондиц. салыңыз" немесе "Авто- мөлшерлеуішке жуғыш құрал мен кондиц.салыңыз" хабары пайда
болса, тиісті диспенсерді толтырыңыз. Бұл ескерту хабарламалары кір жуғыш машина бос жуғыш зат/
жұмсартқышты байқағаннан кейін кір жуғыш машинаны қосқан кезде ғана көрсетіледі.
• Жүн циклі кезінде жуғыш зат/жұмсартқыш автоматты түрде берілмейді. Жүн циклінде жуғыш затты/
жұмсартқышты ағызу үшін жуғыш заттың/жұмсартқыштың деңгейін қолмен орнату керек.
• Жуғыш зат үлестіргішін саусақ ұшымен ғана ашу қиын болуы мүмкін. Жуғыш зат үлестіргішінің
тұтқасынан мықтап ұстап, ашыңыз.
• Жуғыш зат үлестіргішін жабу үшін толығымен итеріңіз. Үлестіргіш дұрыс жабылған кезде сіз шерту
дыбысын естисіз.
• Жұмсартқыштың иісі әлсіз болып көрінсе, жұмсартқышты қосу деңгейін жоғары деңгейге қойыңыз.
• Диспенсер саңылауларын тексеріп, қақпақтарын бұрап ашыңыз, содан кейін MAX сызығына дейін жуғыш
затпен немесе жұмсартқышпен толтырыңыз.
• Жуғыш зат пен жұмсартқыш қоспасын пайдаланбаңыз.
• Диспенсерлерді әрқашан қақпағы жабық күйде ұстаңыз.
Автоматты үлестіргішке жуғыш зат салу
ЕСКЕРІМ
• Егер дисплейде "Автоматты мөлшерлеуішті жуғыш құралға толтырыңыз", "Автоматты мөлшерлеуішке
кондиц. салыңыз" немесе "Авто- мөлшерлеуішке жуғыш құрал мен кондиц.салыңыз" хабары пайда
болса, тиісті диспенсерді толтырыңыз.
• Диспенсерді толтырған соң толтыруға байланысты шыққан хабарлама жойылмаса, кір жуғыш машинаны
өшіріп-қосыңыз, я болмаса жуғыш зат үлестіргішін 3 секундтан ұзақ ашып тұрыңыз да, жабыңыз.
- Кір жуғыш машина толтырылған жуғыш затты немесе жұмсартқышты анықтай бастайды.
Untitled-1 33 2024-01-24 4:44:43
Похожие устройства
- Dewal Beauty Triumph HDB1010 Coffee Руководство по эксплуатации
- Fit EH-2000 Руководство по эксплуатации
- Fit PB-400 Руководство по эксплуатации
- Бирюса M114m Руководство по эксплуатации
- Galaxy Line GL 4336 Руководство по эксплуатации
- STONBERG K-108CRB Руководство по эксплуатации
- STARWIND SW-LED43UG405 Руководство по эксплуатации
- Lex EVI 321A IV Руководство по эксплуатации
- Kitfort КТ-3431 Руководство по эксплуатации
- Philips TAT2139WT/00 Руководство по эксплуатации
- Oursson KE1742G/GA Руководство по эксплуатации
- Eltax Monitor III BT Phono Active Speaker Black Руководство по эксплуатации
- Eltax Monitor III BT Phono Active Speaker White Руководство по эксплуатации
- STARWIND SW-LED50UG400 Руководство по эксплуатации
- STARWIND SW-LED55UG400 Руководство по эксплуатации
- Tesler CCF-3001 Руководство по эксплуатации
- Necchi NC-204D Руководство по эксплуатации
- Hisense RQ760N4IF1 Руководство по эксплуатации
- Lex EVI 321A WH Руководство по эксплуатации
- Oasis M-S38CB Руководство по эксплуатации