Samsung WW80AG6S28ANLP Руководство по эксплуатации онлайн [141/224] 881223
![Samsung WW80AG6S28ANLP Руководство по эксплуатации онлайн [141/224] 881223](/views2/2120509/page141/bg8d.png)
Қазақ 61
Ақаулық Әрекет
Қатты дірілдейді
немесе шуыл
шығарады.
• Кір жуғыш машинаның тайғанақ емес тегіс, қатты еденге орнатылғанына көз
жеткізіңіз. Егер еден тегіс болмаса, кір жуғыш машинаның биіктігін реттеу
үшін деңгейлегіш аяқтарды пайдаланыңыз.
• Тасымалдау болттарының алынғанын тексеріңіз.
• Кір жуғыш машинаның басқа ешбір затқа тиіп тұрмағанына көз жеткізіңіз.
• Кірдің теңгерімі дұрыс екеніне көз жеткізіңіз.
• Қалыпты жұмыс барысында қозғалтқыштан шуыл шығуы мүмкін.
• Темірден жасалған заттармен безендірілген жұмыс комбинизондары немесе
киімдерден жуу барысында шуыл шығуы мүмкін. Бұл қалыпты жағдай.
• Тиын тәрізді темір заттардан шуыл шығады. Жуып болғаннан кейін осы
заттарды барабаннан және сүзгінің корпусынан алыңыз.
• Кірді қайта таратып салыңыз. Бір ғана кірді, мысалы монша халатын немесе
джинс шалбарды жуу қажет болса, соңғы айналдыру нәтижесіне көңіл
толмауы мүмкін және дисплейде “Киімдерді қайта үлестіріп, қайтадан іске
қосыңыз.” тексеру хабары пайда болады.
Суды төкпейді
және/немесе
айналдырмайды.
• Су төгетін түтіктің су төгетін құбырға дейін тура қосылып тұрғанына көз
жеткізіңіз. Су төгуге кедергі келсе, қызмет көрсету орталығына қоңырау
шалыңыз.
• Қоқыс сүзгісінің бітеліп қалмағанына көз жеткізіңіз.
• Есікті жабыңыз да, түймесін басып тұрыңыз.
Өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету үшін кір жуғыш машина есік
жабылмайынша кептірмейді немесе айналдырмайды.
• Су төгетін түтіктің мұздап немесе бітеліп қалмағанын тексеріңіз.
• Су төгетін түтіктің кептеліп қалмаған құбырға жалғанғанына көз жеткізіңіз.
• Егер кір жуғыш машинаға ток жеткіліксіз мөлшерде берілсе, кір жуғыш
машина уақытша су төкпейді немесе айналдырмайды. Кір жуғыш машинаға
ток жеткілікті беріле бастаған кезде ол қалыпты жұмыс істейді.
• Су төгетін түтіктің қосылым түріне қарай дұрыс төселіп тұрғанына көз
жеткізіңіз.
• Қоқыс сүзгісін тазалаңыз, бітеліп қалған болуы мүмкін.
Есік ашылмайды.
• Кір жуғыш машинаны тоқтату үшін түймесін басып тұрыңыз.
• Есік бекітпесінің механизмі ашылғанша шамалы уақыт қажет болуы мүмкін.
• Машина тоқтағаннан кейін немесе ток сөнгеннен кейін 3 минут өтпейінше,
машинаның есігі ашылмайды.
• Барабан ішіндегі судың әбден төгілгеніне көз жеткізіңіз.
• Барабан ішінде су бар болса есік ашылмауы мүмкін. Барабанның ішіндегі
суды төгіп, есікті қолмен ашыңыз.
• Есік бекітпесінің индикаторының сөніп тұрғанына көз жеткізіңіз. Кір жуғыш
машинаның суы төгілгеннен кейін есік бекітпесінің шамы сөнеді.
Untitled-1 61 2024-01-24 4:44:50
Похожие устройства
- Dewal Beauty Triumph HDB1010 Coffee Руководство по эксплуатации
- Fit EH-2000 Руководство по эксплуатации
- Fit PB-400 Руководство по эксплуатации
- Бирюса M114m Руководство по эксплуатации
- Galaxy Line GL 4336 Руководство по эксплуатации
- STONBERG K-108CRB Руководство по эксплуатации
- STARWIND SW-LED43UG405 Руководство по эксплуатации
- Lex EVI 321A IV Руководство по эксплуатации
- Kitfort КТ-3431 Руководство по эксплуатации
- Philips TAT2139WT/00 Руководство по эксплуатации
- Oursson KE1742G/GA Руководство по эксплуатации
- Eltax Monitor III BT Phono Active Speaker Black Руководство по эксплуатации
- Eltax Monitor III BT Phono Active Speaker White Руководство по эксплуатации
- STARWIND SW-LED50UG400 Руководство по эксплуатации
- STARWIND SW-LED55UG400 Руководство по эксплуатации
- Tesler CCF-3001 Руководство по эксплуатации
- Necchi NC-204D Руководство по эксплуатации
- Hisense RQ760N4IF1 Руководство по эксплуатации
- Lex EVI 321A WH Руководство по эксплуатации
- Oasis M-S38CB Руководство по эксплуатации