Бирюса T960NF Руководство по эксплуатации онлайн [20/48] 881544

Бирюса 960NF Руководство по эксплуатации онлайн [20/48] 878554
19
ҚАЗАҚША
ӨНІМДЕРДІ САҚТАУ ЖӘНЕ МҰЗДАТУ БОЙЫНША ҰСЫНЫМДАР
Балғын
өнімдерді
сақтау
Мұздатылған
өнімдерді
сақтауға
арналған
бөлімшеде
азық-түліктерді
мұздату
Full No Frost (FNF) салқындату жүйесі ылғалды жоятын және қыраудың түзілуін
болдырмайтын салқын ауаның үздіксіз айналымын қамтамасыз етеді.
Жүйе тоңазыту бөлімі жарықшамының бүйір жағында орналасқан желдету
саңылауларының болуымен ерекшеленеді.
Өнімдерді немесе ыдыстарды артқы қабырғаға жақындатпаңыз, өнімдерді шыны
сөрелердің шетінен алшақ қоймаңыз, желдету саңылауларын жаппаңыз - бұл конденсаттың
түзілуіне және салқындатудың нашарлауына әкеле алады.
Ерекше иісі бар немесе иісті оңай сіңіретін өнімдерді оралған күйінде, сұйықтықтарды -
тек жабық күйінде сақтаңыз.
Өнімдердің сақталуы үшін салқындатылған ауаның жеткілікті айналуы маңызды.
Тоңазыту немесе мұздату бөлімін өнімдермен шамадан тыс толтырмаңыз - бұл ауаның
еркін айналуына, дұрыс жұмыс істеуіне кедергі келтіреді және электр энергиясының
қосымша шығынын тудырады.
Тоңазытқышта қақпағы жоқ ыдыстағы сұйықтықтарды қоймаңыз - бұл ылғалдылықтың
артуына және тоңазыту бөліміндегі температураның ұлғаюына әкеледі.
Мұздатудың ұзақтығы буып-түюге, қаптауға, төсеу әдісіне, өнім түріне байланысты. Ұзақ
сақтауға арналған өнімдерді сапалы мұздату үшін оларды мұздатылған өнімдерді сақтауға
арналған бөлімшеге мұздату қуатынан аспайтын үлестермен салу керек. Мұздату қуаты
техникалық сипаттамалар кестесінде көрсетілген.
Мұздатуға арналған өнімдерді төсеу алдында бөліктерге бөліп, қаптамада мүмкіндігінше
аз ауа қалуы үшін мықтап салыңыз.
Мұздатылған тағамның жанына жылы тағамдарды қоймаңыз.
Мұздатылған өнімдерді сақтауға арналған бөлімге газдалған сусындары бар шыны
ыдыстарды ұзақ уақытқа салмаңыз. Қатып қалған сұйықтық ыдысты бұзуы мүмкін.
Бөлме температурасына дейін суыған өнімдерді ғана салыңыз.
Қажет болмаса бөлімнің есігін ашпаңыз және оны ашық күйде ұзақ ұстамаңыз.
Мұздату процесінде мұздатылған тағамдардың температурасының кез-келген
жоғарылауы бұл өнімдердің сақтау мерзімін қысқартады.
Тоңазытылған
өнімдерді
сақтау
мерзімдері
Дүкенде сатып алынған дайын мұздатылған өнімдердің қаптамаларында көрсетілген сақтау
мерзімдерін сақтауды ұсынамыз. Өздігінен мұздатылған өнімдерді сақтау кезінде төменде
келтірілген кестені басшылыққа алыңыз.
Көкөністер мен
жемістерге
арналған
ыдыстың
ылғалдылығын
реттеуші.
Жемістер мен көкөністерді сақтаудың оңтайлы
жағдайларын жасау үшін Сіз ыдыстағы ауаның
ылғалдылығын жүктелген тағамның мөлшеріне қарай
реттей аласыз.
Ылғалдылықты реттеу ыдыстың үстіндегі сөре
бастырмасының тұтқасын жылжытумен (оң жаққа-сол
жаққа) жүргізіледі (суретті қараңыз).
Жемістер мен көкөністерге арналған ыдыста
сақталатын өнімдердің түріне және санына
байланысты конденсат түзіле алады. Конденсатты
құрғақ майлықпен сүрту және реттегіш тұтқасымен
ыдыстағы ылғалдылықты реттеу керек.
Өнімдер
Айларда сақтау мерзімі
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12
Тартылған ет
Балық, теңіз өнімдері
Ет (шошқа еті, сиыр еті, қой еті)
Саңырауқұлақтар
Ірімшік, май
Жемістер, көкөністер, жидектер
Құс еті
Тоңазытылған өнімдерді сақтаудың болжамды мерзімдері

Похожие устройства

Скачать