Bosch KGN39XI30U Руководство по эксплуатации онлайн [61/140] 881659

Bosch KGN39XI30U Руководство по эксплуатации онлайн [61/140] 881659
Қауіпсіздік kk
61
1.5 Қауіпсіз орнату
ЕСКЕРТУ‒Электрик тоқ соғу қатері бар!
Дұрыс емес жасалған орнатулар қауіпті болып табылады.
Бұйымды тек қана бұйым тақташасында көрсетілген
мәліметтері бойынша іске қосып қолданыңыз.
Құрылғыны тек ережелер бойынша орнатылған жерге
қосылған розетка арқылы айнымалы тоқ желісіне қосыңыз.
Ішкі электр сымдарының жерге тұйықтау жүйесінің
ережелерге сәйкес лайықты түрде орнатылуы тиіс.
Құрылғыны сыртқы қосқышпен, мысалы, таймермен немесе
қашықтан басқару пультімен жабдықтауға тыйым салынады.
Егер құрылғы кіріктірілген болса, желілік кабель ашасына
еркін қол жеткізу мүмкіндігі болуы қажет немесе бұл мүмкін
болмаса, стационарлық электр қондырғысында орнату
шарттарына сәйкес ажыратқыш құрылғы орнатылуы қажет.
Құрылғыны орнатуда желіге қосу сымы қысылмағанына
немесе зақымдалмағанына тексеріңіз.
Желіге қосу сымының зақымдалған оқшаулауы қауіпті.
Еш жағдайда желі кабелін жылу көздеріне тигізбеңіз.
ЕСКЕРТУ‒Жарылу қауіпі!
Құрылғының желдету саңылаулары жабық болса, тоңазыту
айналымындағы ағып кету тұтанғыш газ-ауа қоспасын тудыруы
мүмкін.
Құрылғы корпусы мен енгізу корпусындағы желдету
саңылауларын жауып тастамаңыз.
ЕСКЕРТУ‒Өрт шығу қатері!
Ұзартылған желілік кабельді және рұқсат етілмеген адаптерді
пайдалану қауіпті болып табылады.
Ұзартқыш кабельді немесе көп ұялы қалыптарды
пайдаланбаңыз.
Тек қана өндіруші рұқсат еткен адаптер мен желілік
кабельдерді пайдаланыңыз.

Похожие устройства

Скачать