KRAFT KF-MG2201BL Руководство по эксплуатации онлайн [36/52] 882226

KRAFT KF-MG2201BL Руководство по эксплуатации онлайн [36/52] 882226
36
ЕТ ТАРТҚЫШ
ҚОЛДАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ
тып ұстамаңыз. Еттартқышты тасымалдағанда аспап корпусын екі қолыңызбен
ұстаңыз. Пайдаланғаннан кейін электрмен қоректендіру сымын аспапты айнал-
дыра орамаңыз, себебі бұл сымның үзілуіне алып келуі мүмкін. Әрқашан сақтаған
кезде сымын тарқатып түзулеңіз.
Ет артқышты өнімдерді турап шығу талап етілгеннен ұзақ уақытқа қосулы күйінде
қалдырмаған жөн.
Үй жануарларын аспапқа жақындатпаңыз. Олардың аспапты немесе элек-
трмен қоректендіру бауын бүлдіріп тастамауын, сондай-ақ өткір пышақтарға
жақындамауын қадағалаңыз.
Керекарақтар мен қондырмаларды ауыстырар кезде еттартқышты өшіріңіз.
Оларды электр қозғалтқыш әбден тоқтағаннан кейін ғана ет тартқышқа
қондыруға немесе алып тастауға болады. Пайдалану кезінде саусақтарыңызды,
қасықтарды және қалақтарды аспаптың қозғалмалы бөліктеріне тигізбеңіз,
бұл оның бұзылуына әкелуі мүмкін. Сынған жағдайда ақаулы аспапты немесе
қондырмаларды пайдаланбаңыз.
Жарақаттанудға жол бермес үшін саусақтарыңызды, шашыңыз бен киіміңізді
еттартқыштың қозғалмалы бөліктерінен қауіпсіз қашықтықта ұстаңыз. Еш
жағдайда пышақтың жүзін ұстамаңыз.
Жұмыс істеп тұрған кезде өнімдерді ет артқыштың турайтын корпусының аузына
қолмен немесе басқа да заттармен итеріп салмаңыз. Бұл үшін тек жиынтықтағы
арнайы итергішті пайдаланыңыз.
Кептеліп қалуына жол бермес үшін, еттартқыштың турайтын корпусының аузына
өнімдерді салған кезде, артық күш түсіруге болмайды.
Ет артқышты тек түпнұсқалық керек-жарақтарымен пайдаланыңыз. Жеткізу
жиынтығына кірмейтін басқа өндірушілердің керек-жарақтарын қолданған
жағдайда, кепілдікпен көретілетін қызметтерге жүгіну құқығынан айрыласыз.
Жұмыс істеп тұрған еттартқышты жылжытпаңыз.
Ет артқышты тек жұмсақ, еріген өнімдерді (сүйексіз ет, көкөністер мен дәні
жоқ жемістер) ұсақтап турау үшін қолданыңыз. Сүйектерді және қабығы бар
жаңғақтар, кофе дәндері, жарма, бұршақ сияқты және басқа да аса қатты тамақ
түрлерін ұнтақтамаңыз. Ұнтақтау алдында тамырсабақты өнімдерді кішкене ке-
сектерге бөліп, кемінде 10 сағаттай суға батырып қою керек.
Бүлінбес үшін майлардың және тоң майлардың (соның ішінде өсімдіктен алынған)
аспап корпусына және пластик бөлшектеріне түсуіне жол бермеңіз. Пластик
тетіктерді қыздырмаңыз.
Еттартқыштың және оның аксессуарларының таза болуын қадағалаңыз.
Өткір металл қырғыштарды, жебір және абразивті тазартқыш құралдарды
пайдаланбаңыз, олар аспаптың бетін сызып тастауы мүмкін. Пышақтарды жуған
кезде абай болыңыз, оларды жалаң қолыңызбен тазаламаңыз, ол үшін щетканы
қолданыңыз.
МАҢЫЗДЫ! Еттартқыштың ең жоғары айналымдағы жұмыс
уақыты 3 минуттан аспауы керек. Жұмысты қатарынан екі-үш жұмыс
циклын жүргізгеннен кейін 1 минутқа тоқтату керек.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Еттартқыштың пышақтары өте өткір,
оларды қолданған кезде абай болыңыз. Еттартқышты бөлшектемес
бұрын оның электр желісінен ажыратылғанына көз жеткізіңіз!

Похожие устройства

Скачать