Electrolux OEM3H40TX Руководство по эксплуатации онлайн [3/68] 884671

Electrolux OEM3H40TX Руководство по эксплуатации онлайн [3/68] 884671
1. ҚАУІПСІЗДІК АҚПАРАТЫ
Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге
жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз.
Дұрыс орнатпау немесе пайдаланбау нәтижесінде
орын алған жарақат немесе зақымға өндіруші
жауапты емес. Нұсқаулықтарды кейін қарап жүру
үшін әрқашан қауіпсіз және қол жетімді жерде
сақтаңыз.
1.1 Балалар мен осал адамдар қауіпсіздігі
Балалардың құрылғымен және бар мобильді
құрылғылармен ойнамауын қадағалау керек.
Барлық орам материалдарын балалардан алыс
ұстап, қоқысқа тиісті түрде тастау керек.
ЕСКЕРТУ: Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда немесе
ол суып жатқанда, балалар мен үй жануарларын
оған жақындатпаңыз. Қолжетімді бөлшектер
пайдалану кезінде ыстық болуы мүмкін.
Құрылғыда бала қауіпсіздігінің құралы бар болса,
оны белсендіру керек.
Балалар құрылғыны жөндеу және тазалау
жұмыстарын бақылаусыз орындамауы керек.
1.2 Жалпы қауіпсіздік
Білікті маман ғана осы құрылғыны орнатуы және
кабельді ауыстыруы тиіс.
Құрылғыны кірістірілген құрылымға орнату
алдында пайдаланбаңыз.
Кез келген техникалық қызмет көрсетуді орындау
алдында құрылғыны қуат көзінен ажыратыңыз.
Қуат cымына зақым келсе, электр қатерінен
сақтандыру үшін оны өндіруші немесе оның
уәкілетті қызмет көрсету орталығы немесе сол
сияқты білікті маман ауыстыруы тиіс.
ЕСКЕРТУ: Электр тогының соғу қаупін болдырмас
үшін шамды ауыстыру алдында құрылғының
өшірулі екеніне көз жеткізіңіз.
ҚАЗАҚ 3

Похожие устройства

Скачать