Eurolux G6500A Руководство по эксплуатации онлайн [20/36] 884790

Eurolux G6500A Руководство по эксплуатации онлайн [20/36] 884790
www.eurolux-russia.ru
2. Оталдыру шырағын ауыстыру және оған қызмет көрсету.
3. Ауалық сүзгіні тазарту.
4. Бактің және бензин беру кранының отын сүзгілерін тазарту
(бұйымдардың кейбір модификацияларында кран сүзгісі болмауы мүмкін).
7.1 Май деңгейін тексеру және майды ауыстыру.
Май деңгейін тексеруді әрбір іске қосудың алдында жүргізу қажет.
Майдың деңгейін тексеру және құю процесі осы пайдалану жөніндегі
нұсқаулықтың «Жұмысқа дайындау және жұмыс тәртібі» бөлімінде
сипатталған.
Майды ауыстыру мерзімділігі: жұмыстың әр 50 сағаты сайын немесе 6 ай
сайын, сондай-ақ ысылтудан кейін жұмыстың алғашқы 10 сағатынан кейін бір
рет.
Жұмыс температурасына дейін қыздырылған қозғалтқышта құю
саңылауының астына сыйымдылықты қойып, май ағызуға арналған тығынды
бұрап алыңыз. Майды ағызып алғаннан кейін тығынды орнына қойып, нықтап
бекітіңіз. Құю саңылауының төменгі шегіне дейін қылтаға май құю.
13-сур. Майды ағызып алу
Назар аударыңыз!
Майлау жүйесін өз бетінше шаюды жүргізбеңіз. Ластанудың жоғары деңгейіне
қатысты күмән туындаған жағдайда тиісті авторластырылған сервис орталығына
жүгіну.
7.2 Оталдыру шырағын тексеру және ауыстыру.
Шырақты тексеруді жүргізу мерзімділігі: кемінде жұмыстың әр 50 сағаты
сайын немесе үш ай.
Шырақты жоспарлы аустыруды жүргізу мерзімділігі: кемінде жұмыстың
әр 100 сағаты сайын немесе әр алты ай сайын.
1. Жоғары вольтты сымды шешіп алыңыз және, 21 мм шырақ кілтін
пайдаланып, қозғалтқыштан шырақты бұрап алыңыз.
20

Похожие устройства

Скачать