Samsung ME83KRW-3 белая Руководство по эксплуатации онлайн [69/120] 887047
![Samsung ME83KRW-3 белая Руководство по эксплуатации онлайн [69/120] 887047](/views2/2126333/page69/bg45.png)
Қазақ - 9
02
ОРНАТУ / КҮТІМ КӨРСЕТУ
күтім көрсету
ТАЗАЛАУ
Пештің ішіне немесе үстіне қоқыс жиналып қалмау үшін мезгіл-мезгіл тазалаңыз.
Сонымен қатар, есікке, есіктің тығыздағышына және бұрылмалы табаққа және
айналмалы шығырыққа (қолданылатын үлгілерге ғана қатысты) аса назар
аударыңыз.
Егер есік оңай ашылып немесе жабылмаса, әуелі есіктің тығыздағыштарына
қоқыс тұрып қалмағанын тексеріңіз. Пештің ішкі және сыртқы беттерін тазалау
үшін жұмсақ шүберек пен сабынды суды пайдаланыңыз. Шайыңыз да, мұқият
құрғатыңыз.
Пештің ішіндегі иістенген, қатып қалған қоқыстарды тазалау үшін
1. Пеш бос тұрған кезде, бұрылмалы табақтың ортасына кесеге ерітілген лимон
шырынын қойыңыз.
2. Пешті ең жоғары қуат деңгейіне қойып 10 минут қыздырыңыз.
3. Цикл аяқталғаннан кейін пеш салқындағанша күтіңіз. Содан кейін, есікті ашып,
тағам пісіретін бөлікті тазалаңыз.
Ішкі тербелмелі қыздырғышы бар үлгілерді тазалау үшін
Пісіру бөлігінің үстіңгі тұсын тазалау үшін үстіңгі
қыздырғыш элементті көрсетілгендей 45° градусқа
төмендетіңіз. Бұл үстіңгі жақты тазалауға көмектеседі.
Болған кезде, үстіңгі қыздырғыш элементті орнына
қойыңыз.
НАЗАР САЛЫҢЫЗ
• Есік пен есіктің тығыздағыштарын таза ұстаңыз және есіктің оңай ашылып
жабылатынына көз жеткізіңіз. Әйтпесе, пештің қолданыс мерзімі қысқаруы
мүмкін.
• Пештің саңылауларына су шашыратпау үшін абай болыңыз.
• Тазалау үшін жеміргіш немесе химиялық заттарды пайдаланбаңыз.
• Пешті әр қолданып болған сайын пеш салқындағанша күтіп, жұмсақ жуғыш
затты пайдаланып тағам пісіретін бөлікті тазалаңыз.
АУЫСТЫРУ (ЖӨНДЕУ)
ЕСКЕРТУ
Бұл пештің ішінде пайдаланушы ағытып алуға болатын ешбір бөлшек жоқ. Пешті
өзіңіз жөндеуге немесе бөлшектерін ауыстыруға әрекеттенбеңіз.
• Топсаларға, тығыздағышқа, және/немесе есікке қатысты мәселе туындаса,
білікті техникке немесе жергілікті Samsung қызмет көрсету орталығына
хабарласып, техникалық көмек алыңыз.
• Егер жарықтама шамын ауыстырғыңыз келсе, жергілікті Samsung қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз. Өзіңіз ауыстырмаңыз.
• Егер пештің сыртқы корпусына қатысты мәселе туындаса, әуелі қуат
сымын қуат көзінен ағытып, содан кейін жергілікті Samsung қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
ҰЗАҚ УАҚЫТ ПАЙДАЛАНБАҒАН КЕЗДЕ КҮТІМ КӨРСЕТУ
Егер пешті ұзақ уақыт пайдаланбасаңыз, қуат сымын ағытып, пешті құрғақ, шаңы
жоқ жерге қойыңыз. Пештің ішіне жиналып қалатын ылғал және шаң пештің
жұмысына әсер етуі мүмкін.
ME83K_ME83_ME83A_BWT_DE68-04285A-06_RU+UK+KK+UZ_F.indb 9 2019-11-21 6:58:21
Похожие устройства
- Honor Choice Band белый Руководство по эксплуатации
- Honor Choice Band розовый Руководство по эксплуатации
- Honor Choice Band черный Руководство по эксплуатации
- Rombica 23.8"/IPS/1920x1080/75Гц/черный (I24X2) Руководство по эксплуатации
- Rombica 27"/VA/1920x1080/75Гц/черный (V27X1) Руководство по эксплуатации
- Rombica 27"/VA/1920x1080/165Гц/черный (V27G1) Руководство по эксплуатации
- Rombica 27"/VA/2560x1440/165Гц/черный (V27G2) Руководство по эксплуатации
- Rombica 23.8"/VA/1920x1080/165Гц/черный (V24G1) Руководство по эксплуатации
- Lamark L214 Dark Grey Руководство по эксплуатации
- GoodLine 1800 Руководство по эксплуатации
- GoodLine 2400 Руководство по эксплуатации
- GoodLine 2700 Руководство по эксплуатации
- GoodLine 3000 Руководство по эксплуатации
- Calviano Air Blue Руководство по эксплуатации
- Calviano Air Pink Руководство по эксплуатации
- Calviano Milan Аir Blue Руководство по эксплуатации
- Calviano Milan Аir Beige Руководство по эксплуатации
- Calviano Milan Аir Pink Руководство по эксплуатации
- Haier U1540EM/15.6"/Celeron N4020/4/128/Win/Gray Руководство по эксплуатации
- Legrand 694525 Руководство по эксплуатации