Samsung ME83KRW-3 белая Руководство по эксплуатации онлайн [86/120] 887047

Samsung ME83KRW-3 белая Руководство по эксплуатации онлайн [86/120] 887047
Қазақ - 26
тағам пісіруге катысты ақыл-кеңес
МИКРОТОЛҚЫНДАР
Микротолқын қуаты тағамға енеді де, оның құрамындағы су, май және қантқа
сіңеді.
Микротолқындар тағамның құрамындағы молекулаларды жылдам қозғалтуға
себеп болады. Молекулалардың жылдам қозғалысы үйкеліс тудырады да, пайда
болған қызудың көмегімен тағам піседі.
ПІСІРУ
Микротолқынмен пісіруге арналған ыдыс-аяқ:
Ыдыстар микротолқын қуатын барынша өткізетін болуға тиіс. Тот баспайтын
темір, алюминий және мыс тәрізді металдар микротолқындарды шағылыстырады,
бірақ микротолқын керамика, шыны, фарфор және пластик, сонымен қатар қағаз
бен ағаштан өте алады. Сондықтан, металл сауыттарда ешқашан тағам пісірмеу
керек.
Микротолқынды пеште пісіруге болатын тағам:
Тағамның көптеген түрін, атап айтқанда тоңазытылған көкөніс, жеміс, макарон,
күріш, дән, бұршақ, балық, ет тәрізді тағамдардың көпшілігін микротолқынды
пеште дайындауға болады. Соус, горчица, сорпа, бу пуддингі, консервленген
тағам және көкөніс котлеттерін микротолқынды пеште пісіруге болады. Жалпы
айтқанда, кәдімгі пеште пісірілетін тағамның бәрін пісіру үшін микротолқын
керемет жарайды. Сарымай немесе шоколадты еріту, мысалы.
Пісіріліп жатқан тағамның бетін жабу
Тағамды бетін жауып пісірген өте маңызды, себебі буланған су тағамға қосылып
оны пісіруге көмектеседі. Тағамды бірнеше әдіспен жабуға болады: мысалы,
керамика қақпақпен, пластик қақпақпен немесе микротолқынға төзімді жылтыр
қағазбен.
Қоя тұру уақыты
Пісіріп болғаннан кейін, температура тағам бойына біркелкі таралу үшін пеште
қоя тұру керек.
Сұйықтарды және тағамдарды қыздыру
Осы кестедегі қуат мәндері мен уақыттарды қыздыру үшін нұсқау ретінде қолданыңыз.
Тағам Үстелге тарту мөлшері Қуат Уақыт (мин.)
Сусындар
(кофе, шәй және
су)
150 мл (1 кесе)
250 мл (1 кружка)
800 Вт 1-1½
1½-2
Нұсқаулар
Кесеге құйып, бетін жаппай қыздырыңыз. Кесе/кружканы бұрылмалы
табақтың ортасына қойыңыз. Қоя тұру уақыты келгенде микротолқынды
пеште ұстаңыз да, жақсылап араластырыңыз. 1-2 минут қоя тұрыңыз.
Сорпа
(Салқындатылған)
250 г 800 Вт 3-3½
Нұсқаулар
Шұңғыл керамика табаққа салыңыз. Тесілген таспасымен жабыңыз.
Қыздырып болғаннан кейін жақсылап араластырыңыз. Үстелге тартардың
алдында тағы да араластырыңыз. 2-3 минут қоя тұрыңыз.
Бұқтырылған
тағам
(салқындатылған)
350 г 600 Вт 5½-6½
Нұсқаулар
Бұқтырылған тағамды шұңғыл керамика табаққа салыңыз. Тесілген
таспасымен жабыңыз. Ара-тұра араластыра отырып қыздырыңыз, қоя тұру,
үстелге тартудың алдында қайта араластырыңыз. 2-3 минут қоя тұрыңыз.
Соус қосылған
макарон
(салқындатылған)
350 г 600 Вт 4½-5½
Нұсқаулар
Макаронды (мысалы, спагетти немесе вермишель) жалпақ керамика
табаққа салыңыз. Микротолқын таспасымен жабыңыз.
Үстелге тартардың алдында араластырыңыз. 3 минут қоя тұрыңыз.
Соус қосылған,
толтырмасы
бар макарон
(салқындатылған)
350 г 600 Вт 5-6
Нұсқаулар
Толтырмасы бар макаронды (мысалы, равиоли, тортеллини) шұңғыл
керамика табаққа салыңыз. Пластик қақпақпен жабыңыз.
Ара-тұра араластыра отырып қыздырыңыз, қоя тұру, үстелге тартудың
алдында қайта араластырыңыз. 3 минут қоя тұрыңыз.
Табаққа
салынған тағам
(салқындатылған)
350 г 600 Вт 5½-6½
Нұсқаулар
2-3 тоңазытылған тағам қосымшаларынан тұратын тағамды керамика
табаққа салыңыз. Микротолқын таспасымен жабыңыз. 3 минут қоя тұрыңыз.
Макарон
(мұздатылған)
(каннелони,
макарони,
лазанья)
400 г 450 Вт 16-16½
Нұсқаулар
Мұздатылған макаронды кішкене, жалпақ әрі тік төртбұрышты шыны пирекс
табағына салыңыз. Табақты бұрылмалы табаққа тура қойыңыз.
2-3 минут қоя тұрыңыз.
ME83K_ME83_ME83A_BWT_DE68-04285A-06_RU+UK+KK+UZ_F.indb 26 2019-11-21  6:58:27

Похожие устройства

Скачать