Hotpoint HFZ 5171 S Руководство по эксплуатации онлайн [10/28] 888212
![Hotpoint HFZ 5171 W Руководство по эксплуатации онлайн [10/28] 888210](/views2/2126799/page10/bga.png)
Қауіпсіздік – жақсы әдет
10
Осы нұсқаулықты сақтаңыз. Ол құралды сату,
тапсыру жағдайында немесе жаңа пәтерге көшу
кезінде, құралдың жаңа иесі оның қызмет көрсету және
қызмет ету ережелерімен таныса алуы үшін
мұздатқышпен жинақта болуы тиіс.
Нұсқаулықты мұқият оқыңыз: онда Сіздің мұздатқышты
орнату мен қауіпсіз пайдалану бойынша маңызды
мәліметтер бар.
Мұздатқыш ішкі қолдануға арналған және кәсіби
қолдануға арналмаған.
Бұл аспап азық-түлікті тоңазытуға және мұздату бөлімінде
сақтауға тағайындалған.
Құрал дене, сезімдік немесе қабілеттілігі
төмендеген тұлғалардың немесе оларда өмірлік
тәжірибесі мен білім жоқ тұлғалардың пайдалануы
үшін тағайындалмаған, егер олар олардың қауіпсіздігі
үшін жауапты тұлғаның бақылауында болмаса немесе
құралды олардың қауіпсіздігі үшін жауапты тұлғалардың
пайдалану туралы нұсқаулық алмаса. Балалардың
прибормен ойнауына жол бермеу үшін бақылауда болуы
тиіс.
Аспаптың ақауы болған жағдайда электрлік токпен
зақымданудың алдын алу үшін ылғалды қолмен
мұздатқышты ұстамаңыз.
Ұзартқыштарды және өткізгіштерді пайдаланбаңыз!
Бұл тұтанудың әлеуетті қауіптілігін тудырады.
Өндіруші өткізгіштер мен ұзартқыштарды, сонымен қатар
қимасы тұтынылатын қуаттылыққа сәйкес келмейтін
жалғағыш кабельді пайдаланудан туындаған жану
салдары үшін жауапкершілік алмайды. Айырды
розеткадан сымды ұстап суырмаңыз: ол өте қауіпті. Қорек
көзі шнуры зақымдалған кезде оны өндірушіден немесе
оның өкілінен алынған арнайы шнурмен немесе жинақпен
алмастырған жөн. Кабельді алмастыруды тек білікті
қызметкер жүргізуі тиіс.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Аспапты орнатқан кезде,
қуат беру баусымының қысылмағанына және
зақымданбағанына көз жеткізіңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Көп орынды тасымалды
розеткаларды (ұзартқыштарды) немесе қуат
берудің тасымалды көздерін аспаптың артына
орналастырмаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Аспапты қосу үшін сыртқы
таймерді немесе қашықтықтан басқару жүйесін
пайдалануға жол берілмейді. Бұл құрылғы тек үйде кәсіби
емес қолдануға арналған. Аспапты ашық ауада
қолданбаңыз.
Мұздатқыштың ішкі салқындатқыш беттеріне
тимеңіз, әсіресе егер қолдарыңыз су болса.
Мұздатқыштан жаңа ғана алынған мұз кесектерін
ауызыңызға салмаңыз, - олай жергілікті үсік алуға болады.
Жуу немесе қызмет көрсету бойынша кез келген
операцияларды орындау алдында мұздатқышты желіден
ажыратыңыз.
Егер мұздатқыш есігінде бекіткіш құралы бар ескіні
алмастыру үшін тағайындалған болса, ескі мұздатқышты
тастамас бұрын, істен шығарыңыз немесе ойнау
уақытында мұздатқыш ішінде бекітіліп қалуы қаупі бар
балаларды қауіпсіздендіру үшін бұл құрылғыны алып
тастаңыз.
Стандартты емес жағдай туындаған кезде мұздатқышты
желіден ажыратыңыз да, кепілдік құжатта телефоны
көрсетілген сервистік орталыққа қоңырау шалыңыз
(сервистік сертификат).
Мұздатқыштың құрылымын өзгертуге және кепілдік
жөндеуге өндірушімен уәкілетті емес тұлғалардың
араласуына тыйым салынады.
Жанармай, басқа да өрт қаупі бар сұйықтықтар мен
газдарды мұздатқышта немесе басқа да электр
тұрмыстық аспаптарда немесе жанында сақтамаңыз және
пайдаланбаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Мұздатқыштың артқы
қабырғасының газ плитасын қосу үшін
қолданылатын газ металл жеңімен , сондай-ақ газбен
және сумен жабдықтаудың металл құбырларымен,
өзге электр аспаптардың электр баусымдарымен
жанасуына тыйым салынады.
Жарылыс қаупі бар заттарды қоймаламаңыз,
соның ішінде құралдағы тұтанғыш толтырғышы бар
аэрозольды баллондарды сақтамаңыз.
Артық салмақ салдарынан жарақаттану қаупі.
Сіздің бұйымды орнату және орынын ауыстыру
үшін екі немесе одан да көп адамды пайдаланыңыз. Осы
нұсқаулықтарды орындаудан бас тарту зақымдануға және
жарақатқа әкелуі мүмкін. Қорғаныс қолғаптарын
пайдаланыңыз.
Электрлік қорек көзін ұзақ мерзім өшірген жағдайда
өнімдер бұзылуы мүмкін.
Мұздатқыш аспаппен манипуляциялар кезінде (орнату,
тазалау және т.б.) балалардың жарақаттануына жол
бермеу үшін оларды қадағалаңыз.
Аспапты қоршаған ортаның температурасы техникалық
мәліметтері бар кестеде көрсетілген климаттық санатқа
сәйкес келетін ғимаратта орнатқан жөн. Егер ол ұзақ
уақыт бойы рұқсат етілген аралықтан тыс температурада
болса, құрылғы дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
Климаттық
санат
Қоршаған ортаның
температурасы
SN
+ 10°С-тан + 32°С-қа дейін
N
+ 16°С-тан + 32°С-қа дейін
ST
+ 16°С-тан + 38°С-қа дейін
T
+ 16°С-тан + 43°С-қа дейін
Құрылғыда хлорфторкөміртектер (CFC) жоқ.
Тоңазытқыш тізбегінде R600a (HC)
қолданылады. Изобутан (R600a) бар
құрылғылар үшін: изобутан-қоршаған ортаға зиянды әсер
етпейтін, бірақ жанғыш табиғи газ. Осыған байланысты
Тоңазытқыш контурының түтіктеріне зақым келтірмеу
керек. Түтіктер зақымдалған жағдайда, салқындатқышты
Тоңазытқыш тізбегінен шығару үшін шаралар
қолданыңыз.
Көбік оқшаулауында көбік түзетін зат ретінде
жанғыш газ болып табылатын с-пентан қолданылады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Құрылғының ішінде
электрлік құралдарды пайдаланбаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Құрылғының корпусында
немесе ендірілетін құрылымда орналасқан
желдеткіш тесіктерін бітемеңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Салқындату агенті
контурының зақымдалуына жол бермеңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Еру процессін
жылдамдату үшін өндіруші ұсынғаннан басқа,
механикалық құрылғыларды немесе басқа да
құралдарды пайдаланбаңыз.
Тығыздағыш зақымдалған жағдайда оны тез арада
алмастыру бойынша шараларды қолданыңыз.
Қаптама материалдар қайталап өңдеуге жатады
және таңбамен таңбаланады.
Құралды қайталап қосуды (мысалы, абайсыз өшіп
қалғанда) 5-10 минуттан кейін жүргізіңіз.
Похожие устройства
- Meyvel MH2-1400P1 Руководство по эксплуатации
- Meyvel MH3-1200P4 Руководство по эксплуатации
- Meyvel MH4-1000P1 Руководство по эксплуатации
- Meyvel MH6-1200S1 Руководство по эксплуатации
- Creality Sermoon D3 Руководство по эксплуатации
- Meyvel MH7-1000S1 Руководство по эксплуатации
- Meyvel MH8-1000S1 Руководство по эксплуатации
- Meyvel MH9-2000P1 Руководство по эксплуатации
- Oasis bi500/100/8 ЭКО Руководство по эксплуатации
- Oasis 500/80/10 ЭКО Руководство по эксплуатации
- Oasis 500/80/12 ЭКО Руководство по эксплуатации
- Oasis 500/80/8 ЭКО Руководство по эксплуатации
- Oasis PRO bi500/80/4 Руководство по эксплуатации
- Oasis PRO bi500/80/6 Руководство по эксплуатации
- Oasis PRO bi500/80/8 Руководство по эксплуатации
- Mediclinics SPEEDFLOW PLUS Руководство по эксплуатации
- Oasis PRO bi500/100/10 Руководство по эксплуатации
- Hotpoint HFZ 6185 W белая Руководство по эксплуатации
- Braun MQ3145.WH Aperitive Руководство по эксплуатации
- Oasis PRO bi500/100/12 Руководство по эксплуатации