Eurolux G6500A Руководство по эксплуатации онлайн [7/36] 888366

Eurolux G6500A Руководство по эксплуатации онлайн [7/36] 888366
Ред. 1.1
2.3 Химиялық қауіпсіздік
1. Отынмен жанасуды болдырмаңыз. Тері жабынының, көздің шырышты
қабығының, жоғарғы тыныс алу жолдарының тітіркенуі немесе жеке көтере
алмаушылық кезінде аллергиялық реакциялар болуы мүмкін. Отынға жиі
жанасу өткір қабынуға және созылмалы экземаларға әкеп соғуы мүмкін.
2. Еш уақытта шығарынды газдарды ішке тартпаңыз. Шығарынды газдар
түс пен иісі жоқ, және өте улы болып табылатын тұншықтырғыш газды
құрайды. Тұншықтырғыш газдың тыныс алу органдарына өтуі естен тануға
немесе өлімге алып келуі мүмкін.
3. Еш уақытта қозғалтқышты орынжай ішінде немесе нашар желдетілетін
орындарда іске қоспаңыз.
4. Майлар уытты және қауіпті зат болып табылады. Майдың асқазан-ішек
жолына өтуіне жол берілмейді. Майдың терімен ұзақ және қайталанатын
түйісулерін болдырмаңыз. Ыстық майдың теріге түсуіне жол бермеңіз.
2.4 Физикалық қауіпсіздік (жарақаттар)
1. Ыстық бәсеңдеткішке және цилиндр қырларына жанаспаңыз, себебі бұл
әрекет күрделі күйіктерге әкеп соқтыруы мүмкін.
2. Генераторды бір жерден басқа жерге алып жүрмес бұрын
қозғалтқышты сөндіріңіз.
3. Техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша барлық жұмыстар
сөндірулі қозғалтқыш кезінде жүргізілуі қажет.
4. Генераторды іске қосу кезінде әрдайым тұрақты қалыпты және тепе-
теңдікті сақтаңыз.
2.5 Техникалық қауіпсіздік (құрылымы)
1. Егер цилиндр қырлары және бәсеңдеткіш ластанған болса,
генераторды пайдаланбаңыз.
2. Қозғалтқышты іске қоспас бұрын генератор басқа заттармен
жанаспауын қадағалаңыз.
3. Майдың төгілуін болдырмау үшін, егер май құю қылтасының қақпағы
ашық болса, қозғалтқышты іске қоспаңыз.
4. Пайдалануды бастамас бұрын генераторда бөтен заттарың жоқтығына
көз жеткізіңіз.
5. Генераторға сервистік қызмет көрсетуді тек білікті персонал жүзеге
асыруы тиіс.
6. Іске қосу аэрозолі”, “Суық стартнемесеЖылдам стартсекілді іске
қосуға арналған қосымша химиялық құралдарды пайдаланбаңыз.
7

Похожие устройства

Скачать