Scarlett SC 440 Инструкция по эксплуатации онлайн [20/22] 10654

Scarlett SC 440 Инструкция по эксплуатации онлайн [20/22] 10654
IM010
www.scarlett.ru SC-440
20
Аспап асқын қызудан қорғау құралымен жарақталған. Асқын қызып кеткен кезде құрылғы автоматты түрде
өшіп қалады. Мұндай жағдайда оны желіден ажыратып, əбден суығаннан кейін ғана жұмысын қайта
жалғастырыңыз.
Блендерге салынатын азық өнімдері жұмыс кезінде шараға 1000 мл белгісінен асыра толтырылмауға тиіс.
Жұмыс барысында аспаптың өткір элементтерін ұстауға тыйым салынады. Жұмыс
кезінде шараның үстіне
еңкеймеңіз. Азық өнімдерін тықпалау үшін жинаққа кіретін итергішті ғана қолданыңыз.
ЕСКЕРТУ: Кескіш жүздер өте өткір, сондықтан олар қауіпті болып табылады. Оларды үлкен сақтықпен
пайдаланыңыз!
Егер бұйым біршама уақыт 0ºC-тан төмен температурада тұрса, іске қосар алдында оны кем дегенде 2
сағат бөлме температурасында ұстау керек.
Өндіруші
бұйымның қауіпсіздігіне, жұмыс өнімділігі мен жұмыс мүмкіндіктеріне түбегейлі əсер етпейтін
болмашы өзгерістерді оның құрылмасына қосымша ескертпестен енгізу құқығын өзінде қалдырады.
ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДАУ
Блендер езбе көжелерді, түрлі тұздықтар мен асқатықтарды, сондай-ақ балалар тағаын дайындау үшін,
сан алуан түрлі коктейльдерді араластыру үшін аса қолайлы.
Алғаш рет пайдаланар алдында алмалы-
салмалы бөлшектерінің барлығын жуғыш зат қосылған жылы
сумен жуыңыз да, əбден құрғатыңыз. Қаптамасының сыртын сəл дымқыл əрі жұмсақ матамен сүртіңіз.
Қаптамасын кез келген сұйық затқа матыруға жəне оны сумен жууға тыйым салынады.
Процессорды біртегіс, орнықты жерге орнатыңыз.
ЖҰМЫС
Арасынан бір пышақты таңдаңыз.
Араластыруға арналған пышақ.
Мыналар үшін арналған:
жемістер мен көкөністердің езбесін өңдеу;
шоколад жəне ірімшікті ұнтақтау;
сəбіз, сарымсақ, жуаны бір сəтте ұнтақтау;
майды шайқау;
қамырды илеу;
мұз салынған коктейльді араластыру;
паштеттер мен салаттардың барлық түрлеріне арналған еттерді ұсақтау.
Ұсақтауға раналған пышақ.
Мыналар үшін арналған:
жаңғақтарды, құрғатылған жемістер мен шөптерді жəне кофе дəндерін ұсатуға;
аскөк қосылған қою кремдер мен майларды шайқау.
Стақанға/шараға таңдалған пышақты мықтап бұраңыз.
Азық өнімдерін стақанға/шараға салыңыз.
Стақанның/шараның қақпағын жабыңыз.
Стақандағы/шарадағы бекітпелер процессордың қозғалтқыш бөлігіндегі ойықшаларға сəйкес келетіндей
етіп, стақанды/шараны қозғалтқыш бөліктің үстіне
орнатыңыз.
ЕСКЕРТУ: Стақанды/шараны тек қозғалтқыш толық тоқтағанда ғана орнатуға немесе алуға болады!
Импульстік режимде жұмыс істеу үшін стақанның/шараның үстінен басыңыз. Құрылғыны сөндіру үшін
аспаптың үстінен басуға болмайды.
Үздіксіз режимде жұмыс істеу үшін қозғалтқыш бөлікке блендердің стақанын/шарасын жапсыра қысыңыз
да, бекіту үшін сағат тілінің бағытымен
бұрыңыз.
ЕСКЕРТУ: аспаптың асқын қызып кетуіне жол бермеу үшін үздіксіз жұмыс уақыты 3 минуттан
аспауға тиіс. Содан кейін аспап сууы үшін жұмыста біраз уақыт үзіліс жасау керек.
Тесік қақпақтарды ұнтақталған тамақтарды себу үшін пайдалануға болады.
2 саңылаусыз қақпақ өңделген тамақтарды сақтауға арналған.
ШЫРЫН СЫҚҚЫШ
Блендерге ұсақтауға арналған пышақты тығыздап
бұраңыз.
Блендер құмырасына сүзгіні орнатыңыз.
Содай-ақ, құмыраның ішкі жағындағы 4 шығыңқы сүзгі ернегінің 4 ойығына тығыздалып кіруі керек.
Сүзгісі жоғарғы жағынан бекітілетіндей етіп, құмыраны қақпақпен жабыңыз.
Сыртына блендерді орнатыңыз жəне ол бекуі үшін баса отырып жаймен ғана сағат тілінің бағытымен
бұраңыз.
Тамақтарды итергіш құрал арқылы беріңіз.
Сүзгіні үнемі жуып отырыңыз.
Жұмысты аяқтағаннан кейін, азық-түлік пен қондырмаларды алып шықпас бұрын аспапты электр
желісінен ажыратыңыз да, электр қозғалтқыш толық тоқтағанша күте тұрыңыз.
ТАЗАЛАУ ЖƏНЕ КҮТІП ҰСТАУ
Жұмысты аяқтағаннан кейін аспапты өшіріңіз де, оны электр желісінен ажыратыңыз.
Дереу (ұзақ уақыт суламастан) барлық алмалы-салмалы
бөлшектерді сабынды жылы сумен жуыңыз да,
құрғақ таза сүлгімен сүртіңіз. Бұл үшін ыдыс-аяқ жуатын машинаны қолданбаңыз.
Скачать
Случайные обсуждения