Haier HB-600 Руководство по эксплуатации онлайн [8/11] 890422

Haier HB-600 Руководство по эксплуатации онлайн [8/11] 890422
14 15
БЛЕНДЕР КОРПУСЫН ТАЗАЛАУ
Блендер корпусының сыртқы бөлігін
сабынды ерітіндіге немесе бейтарап жуғыш
құралға суланған ылғал сүлгімен, содан кейін
жұмсақ құрғақ сүлгімен сүртіңіз. Корпусты
тазалау үшін агрессивті химиялық заттар
пайдаланбаңыз.
Блендер тостағынын, қақпақ пен өлшеуіш
стақанды ыдыс жуатын машинада жууға
болады.
ӨЗІН ӨЗІ ТАЗАЛАУ ФУНКЦИЯСЫ
Біршама тиімділік үшін, азық-түлік қалдықтары
кеуіп қалмауы үшін, блендерді пайдаланғаннан
кейін бірден өзін өзі тазалау функциясын
жүргізу керек.
AUTOCLEAN режимі тостағанды пышақтар
блогымен бірге тазалау процесін жеңілдетеді.
Блендердің тостағанына 500 мл су құйып,
бейтарап жуғыш құралдың бір тамшысын
қосыңыз.
Блендердің орташа жылдамдығын қосыңыз
немесе PULSE режимін пайдаланыңыз.
Блендерді электр желісінен ажыратыңыз, ал
тостаған мен оның компоненттерін ағынды
сумен шайып, жақсылап құрғатыңыз.
ПЫШАҚТАРДЫ АЛУ ЖӘНЕ ОРНАТУ
Пышақтарды тазалау анағұрлым ыңғайлы
болу үшін оларды тостағаннан ажыратуға
болады.
Ол үшін тостағанның түбіндегі пышақ
бекіткішті сағат тілімен бұраңыз.
Пышақтар мен силикон тығыздағышты шыға-
рып, оларды ағын сумен жуып, құрғатыңыз.
Тостағанға силикон тығыздағышты, пышақ
блогын қайта орнатыңыз және оны сағат
тіліне қарсы бұрап, бекіткішпен бекітіңіз.
Силикон тығыздағыштың түзу орнатылғаны-
на және пышақ блогынан шығып қалмағанына
көз жеткізіңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Пышақтар өткір,
оларды дененің ашық жерлеріне тигізбей,
абайлап жуу керек.
САҚТАУ
Блендерді сақтауға қояр алдында оны
электр желісінен ажыратып, тазалаңыз және
құрғатыңыз.
Аспапты жиналған, тік күйде құрғақ, салқын
орында, қышқылдар мен сілтілер сақтайтын
орындардан оқшау, 5-тен 30 °C-қа дейінгі тем-
пературада және салыстырмалы ылғалдығы
65%-дан аспайтын жерде сақтаңыз.
Аспапты температураның елеулі ауытқула-
рынан және тікелей күн сәулесінің әсерінен
қорғаңыз.
ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ
Номиналды кернеу: 220–240 В ~
Номиналды жиілік: 50/60 Гц
Номиналды қуат тұтыну: 1200 Вт
Өлшемдері (Б×Е×Т): 41×18×20 см
Таза салмақ: 4,9 кг
Қытайда жасалған
Кепілдік мерзімі сатылған күнінен бастап 12 ай.
Бұйымның тағайындалуы туралы ақпарат:
құрылғы тамақ өнімдерін және сұйықтықтарды
араластыруға, ұсақтауға, сондай-ақ мұзды
жаруға арналған.
ЖИНАҚТАЛЫМЫ
Блендер табаны: 1 дана
Тостаған: 1 дана.
Өлшеуіш стақаны бар тостағанға арналған
қақпақ: 1 дана.
Пайдаланушы нұсқаулығы мен кепілдік талоны:
1 дана.
СЕРТИФИКАТТАУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
ТӨнім сертификатталған. Өндіруші белгіле-
ген қызмет мерзімі бұл өнім сатылған күннен
бастап 3 жылға тең бұйым осы пайдалану
жөніндегі нұсқаулықта баяндалған ережелер
мен ұсынымдарға және қолданылатын техни-
калық стандарттарға сәйкес пайдаланылған
жағдайда. Сәйкестік және сертификат туралы
ақпаратты мына сайттан табуға болады:
https://haieronline.kz/.
Өнім Еуразиялық экономикалық (Кеден) одағы-
ның техникалық регламенттерінің талаптарына
сәйкес келеді.
Сәйкестік сертификаты
№ ЕАЭС RU С-CN.АЯ46.В. 24251/22
25.02.2022 бастап 24.02.2027
дейін жұмыс істейді.
Өндіріс күні туралы ақпарат тауардың
шильдінде мына форматта көрсетілген:
Апта нөмірі / жылдың соңғы 2 саны.
Аспаптың жұмысында ақаулықтар анықталған
жағдайда оны пайдалануды дереу тоқтатып,
тестілеу, ауыстыру немесе жөндеу үшін Haier
компаниясының жақын жердегі сервистік
орталығына тапсыру керек.
Қауіпсіздік мақсатында құрылғыны жөндеу
және қызмет көрсету бойынша барлық жұмы-
старды тек HAIER компания сының уәкілетті
сервистік орталықтарының өкілдері ғана
орындауы тиіс.
Өндіруші: “Haier Overseas Electric Appliances
Corp. Ltd., Қытай, Room S401, Haier Brand
building, Haier Industry park, Hi-tech Zone,
Laoshan District, Qingdao.
Қазақстан Республикасындағы уәкілетті
ұйым/ импорттаушы: «Хайер Мидл Эйжа»
ЖШС, 050000, Алматы қаласы, Медеу ауданы,
Достық даңғылы, 210 ғимарат.
Тел.: 8 800 070 01 29, эл. поштаның
мекенжайы: support-kz@haieronline.kz.
Назар аударыңыз! Өнімді үздіксіз жетілдіруге
байланысты өндіруші құрылымына, жинақта-
масына және техникалық сипаттамаларына
өзгерістер енгізу құқығын өзіне қалдырады.
Осы нұсқаулықтың толық нұсқасын
https://haieronline.kz/ сайтынан қарауға болады.
АҚАУЛЫҚТАРДЫ ЖОЮ БОЙЫНША ІС-ШАРАЛАР

Похожие устройства