Pitatel TSB-100-DE14C-40L Руководство по эксплуатации онлайн [15/28] 891477

Pitatel TSB-100-DE14C-40L Руководство по эксплуатации онлайн [15/28] 891477
ҚАЗАҚША
15
Ешқашан желіге қосылып тұрған
құралды қараусыз қалдырмаңыз.
Жұмыс кезіндегі үзілістерде
құрылғыны тегіс жылуға төзімді
бетке орналастырыңыз.
Шашты бұйралағаннан кейін бірден
тарамаңыз, сәнді шаш табиғи болып
көріну үшін шашты суытып алыңыз,
шаштың ірі тарамдарын кішірек
тарамдарға абайлап бөліңіз.
Басқа жұмыс беттерді (2) пайдалану
Жұмыс беттерін (2) 3D бұйраларын
жасау үшін күйіне « », немесе
шаш бұйраларында ірі немесе ұсақ
гофре жасау үшін күйіне « »,
« » орнатыңыз.
Қажетті жұмыс бетін (2) орнату үшін,
бекіткішке (1) үстінен басыңыз және
оны сағат тілі бағытымен/бағытына
қарсы қажетті жұмыс бағытына дейін
бұраңыз, бекіткішті (1) жіберіңіз, жұмыс
беті бекітілгендігіне көз жеткізіңіз.
Осындай әдіспен екінші жұмыс бетін
орнатыңыз.
Ескертпе: жұмыс беттерінің (2)
дұрыс таңдалғанын бақылаңыз, құрылғы
жартыларын сәйкестендіргенде,
бекіткіштердегі (1) жұмыс беттерінің
таңбалары біркелкі болуы тиіс.
Шаш тарамын беттердің (2) арасына
орналастырыңыз, беттерді (2)
қысыңыз.
Шаш тарамының барлығына қажетті
бұйра қалыбын жасаңыз.
Шаштың соңғы сәндеуінің алдында
немесе лак себу алдында шаш
тарамдарын салқындатыңыз.
Құрылғыны пайдаланып болғаннан
кейін қуаттандыру сөндіргішін (5) «0»
күйіне орнатыңыз, желі бауының ашасын
электр розеткасынан шығарыңыз.
Құрылғыны салқындатыңыз.
Жұмыс беттерін (2) қысыңыз және
бекіткітіңіз, ол үшін бекіткішті (6)
көлденең күйге орнатыңыз.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІМ ЖАСАУ
Тазалау алдында құралды электрлік
желіден өшіріп, толық суытып алыңыз.
Құралды, желілік бауды және желілік
баудың айырын суға және кезкелген
басқа сұйықтықтарға салуға тыйым
салынады.
Құрылғыны тазалау үшін жуғыш және
абразивті құралдарды немесе қандай
да бір еріткіштерді пайдалануға тыйым
салынады.
Құралды жұмсақ, сәл ылғалды матамен
сүртіңіз, содан кейін құрғатып сүртіңіз.
САҚТАУ
Құралды сақтау алдында оны толық
суытып, тазалаңыз.
Құралды желілік сыммен орамаңыз,
себебі бұл оның бүлінуіне алып келуі
мүмкін.
Сақтау кезінде ыңғайлы болуы
үшін іліп қоюға арналған ілмек (7)
қарастырылған, мұны құралға су
тимейтін жағдайда қолдануға болады.
Құралды құрғақ салқын, балалардың
және мүмкіндіктері шектеулі адам
дардың қолы жетпейтін жерде сақтау
керек.
ЖЕТКІЗІЛІМ ЖИЫНТЫҒЫ
Мультистайлер – 1 дана.
Нұсқаулық – 1 дана.
Кепілдік талоны – 1 дана.
ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ
Электрлік қуаттандыруы:
220240 В ~ 50/60 Гц
Номиналдық тұтыну қуаттылығы: 25 Вт
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Аспапты су
маңында ванна бөлмесінде, душта,
бассейнде және т.б. жерлерде пайда
лануға болмайды.

Похожие устройства

Скачать