Samsung RT42CB662022/WT черный Руководство по эксплуатации онлайн [90/192] 892962

Samsung RT42CB662022/WT черный Руководство по эксплуатации онлайн [90/192] 892962
Қауіпсіздік туралы ақпарат
Қазақ22
Қауіпсіздік туралы ақпарат
Құрылғыны қоқысқа тастауға қатысты қатаң ескертулер
ЕСКЕРТУ
Бұл құрылғының орам материалдарын қоршаған ортаға зиян
келтірмейтін етіп тастау керек.
Құрылғыны қоқысқа тастар алдында, артқы түтіктерінің
ешбіріне зақым келмегеніне көз жеткізіңіз.
Салқындатқыш ретінде R-600a немесе R-134a
пайдаланылған. Тоңазытқышыңызда қандай тоңазытқыш
сұйық қолданылғанын, құрылғының артындағы
компрессордың жапсырмасынан немесе құрылғының
ішіндегі техникалық ақпарат тақтайшасынан қараңыз. Бұл
тоңазытқышта тұтанғыш газ (R-600a салқындатқышы) бар
болса, бұл құрылғыны қауіпсіз етіп тастау үшін жергілікті
уәкілетті мекемеге хабарласыңыз.
Бұл тоңазытқышты тастаған кезде, кішкене балалар немесе
жануарлар қамалып қалмас үшін тоңазытқыштың есігін/
есігінің тығыздағышын және есігінің бекітпесін ағытып алыңыз.
Балаларды құрылғымен ойнамас үшін қадағалап отыру керек.
Бала ішіне қамалып қалса, жарақат алуы немесе тұншығып
мерт болуы мүмкін.
Оқшаулау үшін циклопентан қолданылған. Оқшаулау
материалындағы газды тастау үшін арнайы қоқысқа тастау
шарасын орындау керек. Осы құрылғыны қоршаған ортаға
залал тигізбейтін етіп тастау үшін жергілікті уәкілетті мекемеге
хабарласыңыз.
Орам материалдарының барлығын балалардың қолы
жетпейтін жерде ұстаңыз, себебі орам материалдары
балалар үшін қауіпті болуы мүмкін.
- Бала басына қалтаны киіп алса, тұншығып қалуы мүмкін.
Untitled-9 22 2023-03-21  6:00:49

Похожие устройства

Скачать