Samsung MS23DG4504ATBW Руководство по эксплуатации онлайн [46/78] 893638
![Samsung MS23DG4504ATBW Руководство по эксплуатации онлайн [46/78] 893638](/views2/2132924/page46/bg2e.png)
6 Қазақ
Қауіпсіздік нұсқаулары
Қауіпсіздік нұсқаулары
Микротолқынды пешті іске қосуға қатысты сақтық шаралары
Төмендегі сақтық шаралары орындалмаса, микротолқын қуатының қатеріне ұшырауыңыз мүмкін.
• Есігі ашық тұрған пешті іске қоспаңыз. Қауіпсіздік бекітпелеріне тимеңіз (есіктің бекітпелері).
Қауіпсіздік бекітпесінің саңылауларына ешқашан ешнәрсе сұқпаңыз.
• Пештің есігі мен алдыңғы жағының арасына ештеңе қоймаңыз немесе тығыздағыштарға тағам
немесе тазалағыш заттың қалдықтары жиналуына жол бермеңіз. Есік пен есік тығыздағышының
беттерін, пешті қолданып болған сайын дымқыл, содан кейін жұмсақ, құрғақ шүберекпен тазалаңыз.
• Зақым келген пешті іске қоспаңыз. Білікті техник жөндегеннен кейін ғана іске қосыңыз.
Маңызды: пештің есігін дұрыс жабу керек. Есік майыспаған болуы керек; есіктің топсалары сынған
немесе босап тұрмаған болуы керек; есіктің тығыздағыштарына және тығыздағыш беттеріне нұқсан
келмеген болуы керек.
• Барлық түзету және жөндеу жұмыстарын білікті техник іске асыруы керек.
Шектеулі кепілдік
Керек-жарақтарды ауыстыру немесе косметикалық зақымдарды жөндеу жұмыстарын, егер осы
зақымдарды пайдаланушы келтірсе Samsung ақылы түрде іске асырады. Бұған келесі жағдайлар жатады:
• Соғылған, сызылған немесе сынған есік, тұтқа, сыртқы панель немесе басқару панелі.
• Сынған немесе жоғалып кеткен науа, сырғыма жол, жалғастырғыш немесе темір тор.
Бұл пешті тек осы пайдаланушы нұсқаулығында көрсетілген мақсатта ғана қолданыңыз. Бұл
пайдаланушы нұсқаулығында көрсетілген «Ескертулер» мен «Қауіпсіздік нұсқауларында», орын
алуы ықтимал жағдайлар мен оқиғалардың барлығы бірдей қамтылмаған. Пешті абайлап, сақтықпен
орнатуға, күтім көрсетуге, іске қосуға өзіңіз міндеттісіз.
Себебі бұл іске пайдалану нұсқауларында әр түрлі үлгілер қамтылғандықтан, микротолқынды
пешіңіздің техникалық сипаттамасы, осы нұсқаулықта көрсетілген пештерден сәл өзгеше болуы және
ескерту белгілерінің барлығы бірдей сізге қатысты болмауы мүмкін. Толғандырып жүрген мәселеңіз
немесе сұрағыңыз болса, жергілікті Samsung қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз немесе
www.samsung.com арқылы онлайн ақпарат және көмек алыңыз.
Бұл пешті тағам қыздыру үшін ғана пайдаланыңыз. Бұл пеш үйде қолдануға ғана арналған. Матаны
немесе дән толтырылған жастықшаларды қыздырмаңыз. Пешті дұрыс немесе тиісті түрде қолданбау
нәтижесінде орын алған зақым үшін өндіруші жауапкершілік көтермейді.
Пеш бетінің бүлінуіне және қауіпті жағдайларға жол бермеу үшін пешті әрқашан таза және жақсы
күтіп ұстаңыз.
Құрылғы тобының сипаттамасы
Бұл 2-ші топтағы, B санатына жататын ISM құрылғысы. 2-ші топқа радио-жиіліктегі қуатты
электромагнитті сәуле ретінде, материалдарды өңдеу үшін арнайы шығаратын ISM құрылғыларының
барлығы, сондай-ақ EDM және доғамен дәнекерлейтін құрылғылар жатады.
B санатына тұрмыста қолдануға арналған немесе төмен кернеулі желіге тіке жалғанған тұрғын үй
кешендерінде қолданылатын құрылғылар жатады.
Аталған өнімді дұрыс пайдалану
(Электр қуатын шығындау және Электрондық жабдық)
(Жеке қоқыс жинайтын жүйесі бар елдерге қатысты)
Өнімдегі, акцессуардағы немесе нұсқаулықтағы бұл таңбалау өнімді және оның
электрондық аксессуарларын (мысалы, қуат беру құрылғысын, құлаққаптың,
USB кабелін), олардың қызмет ету мерзімі өткен соң, үйде басқа мақсатта
пайдалануға болмайтындығын білдіреді. Қалдықтардың бақыланбайтын
пайдаланылуынан қоршаған ортаға немесе адам денсаулығына зиян
келтірудің алдын алу үшін бұл заттарды басқа қалдық түрлерінен бөлек алып
қойыңыз және оларды материалдық ресурстарды екінші рет пайдалану үшін
қолданыңыз.
Үйде пайдаланушылар экологиялық қауіпсіз түрде қайта өңдеу үшін осы
өнімді қай жерден және қалай алуға болатынын анықтау мақсатында, осы
өнімді сатып алған жердегі ретейлермен немесе оның жергілікті кеңсесімен
хабарласуы тиіс.
Іскерлік пайдаланушылар сату-сатып алу шартының талаптары мен
ережелерін тексеру үшін өзінің жабдықтаушысымен хабарласуы тиіс. Осы
өнім және оның электрондық аксессуарлары жойылатын басқа пайдаланған
қаптамалармен араласып кетпеуі тиіс.
Похожие устройства
- Samsung MS23DG4504AGBW Руководство по эксплуатации
- AM.PM W88G-205-090MT64 Руководство по эксплуатации
- Miele SOML0 Triflex HX2 белый лотос Руководство по эксплуатации
- Babyliss ST393E Руководство по эксплуатации
- Babyliss 6710DE Руководство по эксплуатации
- AM.PM W83G-302U120CT64 Руководство по эксплуатации
- Dyson V15s Detect Submarine Руководство по эксплуатации
- AM.PM W83G-315-090CT Руководство по эксплуатации
- Miele G5265 SCVi XXL Руководство по эксплуатации
- AM.PM W88E-205-090BT64 Руководство по эксплуатации
- AM.PM W53E-315-090MT Руководство по эксплуатации
- AM.PM W88G-205-080MT64 Руководство по эксплуатации
- AM.PM W90G-401-080WT Руководство по эксплуатации
- AM.PM W90G-405-090MT Руководство по эксплуатации
- AM.PM W83G-333-095CT Руководство по эксплуатации
- AM.PM W83G-333-095CG Руководство по эксплуатации
- Moulinex Nutri XXL JU660D30 нержавеющая сталь, отличная Руководство по эксплуатации
- Moulinex Nutri XXL JU660D30 нержавеющая сталь, хороший Руководство по эксплуатации
- Tefal Silence Force Cyclonic Effitech TW7941EA, отличный Руководство по эксплуатации
- Tefal Silence Force Cyclonic Effitech TW7941EA, хороший Руководство по эксплуатации