Samsung MS23DG4504ATBW Руководство по эксплуатации онлайн [64/78] 893638

Samsung MS23DG4504ATBW Руководство по эксплуатации онлайн [64/78] 893638
24Қазақ
Пешті іске пайдалану
Пешті іске пайдалану
Төмендегі кестеде әр түрлі Ускоренная разморозка (Жылдам жібіту) бағдарламалары, тағамның
үстелге тартылатын мөлшері, қоя тұру уақыты мен тиісті нұсқаулар берілген. Тағамды жібітудің
алдында орам материалдарының барлығын алыңыз. Етті, құс етін, балықты, көкөністерді және нанды
жалпақ шыны ыдысқа немесе керамика табаққа салыңыз.
Код/Тағам
Үстелге тарту
мөлшері (г)
Нұсқаулар
1
Ет
200-1500 Шеттерін алюминий фольгамен жабыңыз. Пеш сигнал берген
кезде етті аударыңыз. Бұл сиыр, қой, шошқа етін, стейк, туралған
ет, фаршталған етті пісіруге жарайтын бағдарлама.
20-60 минут қоя тұрыңыз.
2
Құс еті
200-1500 Сирақтары мен қанаттарының ұшын алюминий фольгамен
жабыңыз. Пеш сигнал берген кезде құс етін аударыңыз. Бұл
бүтін тауықты да, сонымен қатар бөлшектелген тауық етін де
пісіруге жарайтын бағдарлама.
20-60 минут қоя тұрыңыз.
3
Балық
200-1500 Бүтін балықтың құйырығын алюминий фольгамен жабыңыз. Пеш
сигнал берген кезде балықты аударыңыз. Бұл бүтін балықты да,
балық филесін де пісіруге жарайтын бағдарлама.
20-60 минут қоя тұрыңыз.
4
Мұздатылған
көкөністер
200-1500
Мұздатылған көкөністерді шыны табаққа біркелкі таратып салыңыз.
Пеш сигнал берген кезде мұздатылған көкөністерді аударыңыз
немесе араластырыңыз. Бұл мұздатылған көкөністердің барлық
түрлеріне жарайтын бағдарлама. 5-20 минут қоя тұрыңыз.
5
Нан
200-1500
Нанды ас үй қағазына көлденеңінен салыңыз да, пеш сигнал
берген кезде аударыңыз. Тортты керамика табаққа салыңыз
және мүмкін болса пеш сигнал берген кезде аударыңыз. (Пеш
жұмыс істеп тұрады және есігін ашқан кезде тоқтайды.) Бұл
туралған немесе тұтас нанның барлық түрлеріне, сондай-ақ
тоқаш пен багеттерге сай келетін бағдарлама. Тоқаштарды
шеңбер бойымен орналастырыңыз. Бұл ашытқылы қамырдан
жасалған майқоспаның, чизкейктің және қатпарлы қамырдың
барлық түрлеріне жарайтын бағдарлама. Ол үгілмелі/қыртысы
қатты қамырға, жеміс торттары мен кілегейлі торттарға, сондай-ақ
шоколад қосылған тортқа жарамайды. 10-30 минут қоя тұрыңыз.
Жылы ұстау функцияларын пайдалану
Поддержание тепла (Жылы ұстау) функциясы тағамды үстелге тартқанша ыстық қалпы ұстайды.
Тағамды үстелге тартқанша ыстық қалпы ұстау үшін осы функцияны пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТПЕ
Жылы ұстау уақыты 99 минут деп көрсетілген.
Жылы ұстау уақыты ең көбі 99 минутқа созылады.
1
1. Поддержание тепла (Жылы ұстау) түймесін
басыңыз.
2
2. Старт/+30с (Бастау/+30с) түймешігін басыңыз.
Нәтижесі: 99 минут көрсетіледі.
Тағамды жылытуды тоқтату үшін есікті ашыңыз
немесе Стоп/Эко (Тоқтату/Эко) түймесін
басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ
Бұл функцияны суық тағамдарды қыздыру үшін қолданбаңыз. Бұл бағдарламалар жаңа ғана
пісірілген тағамды жылы ұстауға арналған.
Тамақты тым ұзақ (1 сағаттан артық) жылы ұстамаған жөн, себебі ол пісе береді. Жылы тамақ
тезірек бұзылады.
Қақпақтармен немесе пластик таспамен жаппаңыз.
Тағамды алған кезде тұмшапеш қолғабын киіңіз.

Похожие устройства

Скачать