Samsung MS23DG4504ATBW Руководство по эксплуатации онлайн [70/78] 893638
![Samsung MS23DG4504ATBW Руководство по эксплуатации онлайн [70/78] 893638](/views2/2132924/page70/bg46.png)
30 Қазақ
Тағам пісіруге қатысты ақыл-кеңес
Тағам пісіруге қатысты ақыл-кеңес
Қыздыру
Микротолқынды пеш тағамды әдеттегі конвекция пеші немесе электр пештерінде жұмсалатын
уақыттың аз мөлшерін ғана пайдаланып тағамды лезде қыздырады.
Төмендегі кестеде көрсетілген қуат мәні мен қыздыру уақыттарын жалпылама нұсқау ретінде
қолданыңыз. Кестедегі уақыт сұйық тағам +18-ден +20 °C дейінгі бөлме температурасында, немесе
тоңазытылған тағамның температурасы +5 градустан +7 °C градус деген есеппен берілген.
Орналастыру және бетін жабу
Еттің үлкен кесегі тәрізді үлкен тағамдарды қыздырмаңыз – олардың ішкі жағы піскенше сырты қатты
пісіп, кебірсіп қалуы мүмкін. Тағамды кішкене мөлшерде қыздырсаңыз, нәтижесі соғұрлым жақсырақ
болады.
Қуат мәндері және тағамды араластыру
Кейбір тағамды 800 Вт қуатты қолданып, кейбірін 600 Вт, 450 Вт немесе тіпті 300 Вт қуатты қолданып
қыздыруға болады.
Кестедегі ұсыныстарды қараңыз. Жалпы, тағам баппен пісіруді қажет етсе, үлкен мөлшерде
дайындалса немесе тез қызып кететіндей болса (мысалы, фарш қосылған бәліш), бұндай тағамдарды
төмен қуатпен қыздырған дұрыс.
Жақсылап араластырыңыз немесе қыздырып жатқан кезде аударыңыз. Мүмкін болса, үстелге қоярдың
алдында тағы да араластырыңыз.
Сұйық тағам немесе баланың тағамын қыздырғанда ерекше абай болыңыз. Сұйық тағам кенет тасып
төгіліп, адам соған күйіп қалмас үшін, тағамды қыздырардың алдында және қыздырып болғаннан кейін
араластырыңыз. Оларды микротолқынды пештің ішіне, қоя тұру уақыты аяқталғанша қоя тұрыңыз.
Пластик қасық немесе шыны қалақты сұйық заттарға салып қоюды ұсынамыз. Тағамды қатты
қыздырудан (іске алғысыз болмас үшін) сақ болыңыз.
Пісіру уақытын аз есептеп, қажет болса, қосымша уақыт қосып қоя тұрыңыз.
Қыздыру және қоя тұру уақыттары
Тағамды алғаш рет қыздырғанда, сол уақытты бұдан кейін қажет кезде қарап жүру үшін жазып
қойған дұрыс.
Қыздырылған тағамның әрқашан ыстық буы бұрқырап тұрсын.
Тағамды қыздырып болғаннан кейін біраз уақыт қоя тұрыңыз – температура тағам бойына
біркелкі таралу үшін.
Қыздырып болғаннан кейін, егер кестеде басқаша көрсетілмесе, тағамды 2-4 минут қоя тұруды
ұсынамыз.
Сұйық тағам немесе баланың тағамын қыздырғанда ерекше абай болыңыз. Сонымен қатар, сақтық
шаралары қамтылған тарауды да қараңыз.
Сұйықтарды қыздыру
Температура тағам бойына біркелкі тарау үшін пешті сөндіргеннен кейін тағамды әрқашан, кем
дегенде 20 секунд қоя тұрыңыз. Қажет болса, қыздырып жатқанда және қыздырып болғаннан кейін де
ӘРҚАШАН араластырыңыз. Кенет тасыған тағамға күйіп қалмас үшін, қасық немесе шыны қалақты
сусынның ішіне салып қою керек, қыздырып жатқанда және оның алдында, қыздырып болғаннан кейін
араластырыңыз.
Бала тағамын қыздыру
Баланың тағамы:
Шұңғыл керамика табаққа салыңыз. Пластик қақпақпен жабыңыз. Қыздырып болғаннан кейін
жақсылап араластырыңыз!
Берердің алдында 2-3 минут қоя тұрыңыз. Қайта араластырыңыз, температурасын тексеріңіз.
Мына температурадағы сүтті беруге болады: 30-40 °C аралығындағы.
Балаға берілетін сүт:
Сүтті зарарсыздандырылған шыны бөтелкеге құйыңыз. Бетін жаппай қыздырыңыз. Баланың
шөлмегін ешқашан еміздігін алмай қыздырмаңыз, себебі қатты қызған шөлмек жарылып кетуі мүмкін.
Шайқаңыз да, қоя тұрыңыз, берердің алдында қайта шайқаңыз ! Балаға берілетін сүт немесе тағамның
температурасын әрқашан тексеріп барып беріңіз. Мына температурадағы сүтті беруге болады: қ/а. 37 °C.
Ескертпе:
Әсіресе баланың тағамын, бала күйіп қалмас үшін мұқият тексеру керек. Төмендегі кестеде
көрсетілген қуат мәндері мен уақыттарды тағам қыздыру үшін нұсқау ретінде қолданыңыз.
Похожие устройства
- Samsung MS23DG4504AGBW Руководство по эксплуатации
- AM.PM W88G-205-090MT64 Руководство по эксплуатации
- Miele SOML0 Triflex HX2 белый лотос Руководство по эксплуатации
- Babyliss ST393E Руководство по эксплуатации
- Babyliss 6710DE Руководство по эксплуатации
- AM.PM W83G-302U120CT64 Руководство по эксплуатации
- Dyson V15s Detect Submarine Руководство по эксплуатации
- AM.PM W83G-315-090CT Руководство по эксплуатации
- Miele G5265 SCVi XXL Руководство по эксплуатации
- AM.PM W88E-205-090BT64 Руководство по эксплуатации
- AM.PM W53E-315-090MT Руководство по эксплуатации
- AM.PM W88G-205-080MT64 Руководство по эксплуатации
- AM.PM W90G-401-080WT Руководство по эксплуатации
- AM.PM W90G-405-090MT Руководство по эксплуатации
- AM.PM W83G-333-095CT Руководство по эксплуатации
- AM.PM W83G-333-095CG Руководство по эксплуатации
- Moulinex Nutri XXL JU660D30 нержавеющая сталь, отличная Руководство по эксплуатации
- Moulinex Nutri XXL JU660D30 нержавеющая сталь, хороший Руководство по эксплуатации
- Tefal Silence Force Cyclonic Effitech TW7941EA, отличный Руководство по эксплуатации
- Tefal Silence Force Cyclonic Effitech TW7941EA, хороший Руководство по эксплуатации