Huawei MateBook D14 i3-1215U/8/512GB DOS SG 53014ASS Руководство по эксплуатации онлайн [22/22] 896173
![Huawei MateBook D14 i3-1215U/8/512GB DOS SG 53014ASS Руководство по эксплуатации онлайн [22/22] 896173](/views2/2135459/page22/bg16.png)
жақын қоймаңыз. Адаптерге немесе құрылғыға ылғалды қолдармен тимеңіз. Бұл қысқа тұйықталу, бұзылу
немесе электр тоғының соғу жағдайларына әкелуі мүмкін. Адаптерді өздігіңізден бөлшектеуге немесе
жөндеуге болмайды. Ақаулық анықталса, адаптерді қуат көзі мен құрылғыдан ажыратып, көмек алу үшін
өкілетті сервистік орталыққа немесе дилерге хабарласыңыз.
• Құрылғыңызды пайдалануыңыз медициналық құрылғы жұмысына кедергі келтіретінін анықтау үшін
дәрігерге және құрылғы өндірушісіне хабарласыңыз.
• Ауруханалар мен денсаулықты сақтау мекемелері орнатқан ережелерді немесе нормаларды ұстаныңыз.
• Балаларға арналған барлық қауіпсіздік ережелерін ұстаныңыз. Адаптер мен оның сымы ойыншықтар
емес. Кейбір адаптерлердің сымдары жұтып қою қаупін төндіреді. Оны балалар жетпейтін жерде
сақтаңыз. Балалардың адаптерді немесе сымын аузына салуына рұқсат бермеңіз. Бұл адаптер мен сым
балалардың пайдалануына арналмаған.
• Батареяны өз бетіңізбен ауыстыруға әрекет етпеңіз, сіз батареяға зақым келтіріп, бұл қызып кетуге, өртке
және жарақатқа себеп болуы мүмкін. Құрылғыға кірістірілген батареяға Huawei немесе өкілетті қызмет
көрсетуші қызмет көрсетуі керек.
• Жарылыс болуы мүмкін орта болып табылатын кез келген аумақта құрылғы қуатын өшіріңіз және барлық
белгілер мен нұсқаулардың талаптарын орындаңыз.
Қоқысқа лақтыру және қайта өңдеу туралы ақпарат
Өнімдегі, қосалқы құралдардағы, батареядағы, оқулықтағы немесе бумадағы таңба өнімді, оның
электрондық қосалқы құралдарын (оның ішінде адаптер/зарядтағыш, гарнитура және USB кабелі) және
батареяларды қызмет мерзімі соңында жергілікті билік органдары белгілеген бөлек қоқыс жинау
орындарына апару керектігін білдіреді. Бұл EEE қоқысының құнды материалдарды сақтайтын және
адамдардың денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғайтын жолмен өңделуін және қайта өңделуін
қамтамасыз етеді. Қосымша ақпарат алу үшін жергілікті билік органдарына, сатушыға немесе тұрмыстық
қоқысты жою қызметіне хабарласыңыз немесе
https://consumer.huawei.com/en/
веб-сайтына кіріңіз.
Қауіпті заттарды азайту
Бұл құрылғы және оның электрлік керек-жарақтары ЕО REACH ережесі, RoHS және батареялар (қосылған
жерде) директивасы сияқты электрлік және электрондық жабдықтағы белгілі бір қауіпті заттарды пайдалану
шектеуіне қолданылатын жергілікті ережелерге сәйкес. REACH және RoHS туралы сәйкестік мәлімдемелерін
алу үшін
https://consumer.huawei.com/certication
веб-сайтына кіріңіз.
РЖ экспозициясы туралы ақпарат
10 грамм тінге 2,0 Вт/кг МСК лимитін қабылдаған елдерге арналған. Құрылғы денеңізден 0.0 см қашық
қолданылғанда RF техникалық сипаттарына сәйкес келеді. Ең жоғары хабарланған МСК мәні: дене МСК: 0.68
Вт/кг.
ЕО регламенттеріне сәйкестік
Осылайша, Huawei Device Co., Ltd. компаниясы бұл құрылғының мына директиваға сәйкес екенін
мәлімдейді: RED 2014/53/EU, RoHS 2011/65/EU, ErP 2009/125/EC. ЕО сәйкестік декларациясының толық
мәтіні, ErP туралы толық ақпарат және керек-жарақтар мен бағдарламалық құрал туралы ең соңғы ақпарат
мына интернет мекенжайында қолжетімді:
https://consumer.huawei.com/certication
.
Сауда белгілері және рұқсаттар
Компьютерде үшінші тарап операциялық жүйесі алдын ала орнатылады немесе ешбір жүйе алдын ала
орнатылмайды. Үшінші тарап операциялық жүйесінің сауда белгісі үшінші тарапқа тиесілі. Мысалы,
«Microsoft» және «Windows» — Microsoft сауда белгілері.
Қазақстан Республикасы аумағындағы импорттаушы және тұтынушылардың
шағымдарын қабылдауға уәкілетті тұлға:
ЖШС «Хуавей Текнолоджиз Казахстан», 050051, Достық даңғылы 210, Бизнес центр “Grand Koktem”, 1-ші
блок, Медеу ауданы, Алматы қ., Қазақстан Республикасы. Huawei бірыңғай көмек көрсету қызметі: 6530.
18
Похожие устройства
- Meyvel AF-DB50X Руководство по эксплуатации
- Asus E1504GA-BQ562/15.6"/Intel Core i3 N305/8/256/NoOS/Black (90NB0ZT2-M00Y10) Руководство по эксплуатации
- Huawei MateBook D14 MDF-X i3-1215U/8/256GB Win11 Sp Gray Руководство по эксплуатации
- Meyvel AF-DB40X Руководство по эксплуатации
- A4T BH350C White Руководство по эксплуатации
- Asus TUF F17 FX707ZC4-HX097/17.3"/Core i5-12500H/16/512/RTX 3050/NoOS/Grey (90NR0GX1-M00740) Руководство по эксплуатации
- Asus Vivobook Go 15 OLED E1504FA-L11198 (90NB0ZR1-M02420) Руководство по эксплуатации
- Asus ZenBook 15 OLED UM3504DA-MA479W/15.6"/Ryzen 5-7535U/16/1TB/Win/Grey (90NB1163-M00P10) Руководство по эксплуатации
- Asus ZenBook 14 OLED UM3406HA-QD129W/14"/Ryzen 7-8840HS/16/1TB/Win/Black (90NB1271-M00800) Руководство по эксплуатации
- Garmin Forerunner 965 47мм белые Руководство по эксплуатации
- Garmin Forerunner 965 47мм черный/темно-серый/желтые Руководство по эксплуатации
- Thunderobot LQ27F180L-Q Руководство по эксплуатации
- Kyocera ECOSYS M2135DN (1102S03NL0) Руководство по эксплуатации
- HP LaserJet Pro 3003dn (3G653A) Руководство по эксплуатации
- HP LaserJet Pro 3003dw (3G654A) Руководство по эксплуатации
- Canon PIXMA G2430 (5991C009) Руководство по эксплуатации
- HP Smart Tank 580 (1F3Y2A) Руководство по эксплуатации
- Oasis PM-130/180 Eco Руководство по эксплуатации
- Oasis PM-150\180 Руководство по эксплуатации
- HP DeskJet Ink Advantage 2875 Руководство по эксплуатации