Alteco SG 2205 Руководство по эксплуатации онлайн [5/32] 897594

Alteco SG 2205 Руководство по эксплуатации онлайн [5/32] 897594
KZ
alteco.hk 5
Сіздің құралыңыздың мақсаты, қызмет ету принципі, жұмыс тәсілдері және
барынша мүмкіндіктерімен танысыңыз.
Бояу бүріккішімен жұмыс істегенде жеке қорғаныс құралдарын: қолғап,
арнайы киім, маска-респиратор, қорғаныш көзілдірігін қолданыңыз. Жеке
қорғаныс құралдарын қолдану қауіпті заттардың әсер ету қаупін төмендетеді.
Осы электр құралымен жақсы желдетілетін әрі таза ауа үнемі кіретін үй-жайда
жұмыс істеуге кеңес беріледі.
Жұмыс орнын таза әрі ұқыпты ұстаңыз. Ұқыпсыздық немесе жұмыс
орныңыздың жарық түспейтін аймақтары бар болғанда жазатайым оқиғаның
пайда болу қаупі төнеді.
Бояу бүріккішін адамдар немесе жануарларға қарай бағыттамаңыз.
Шашырайтын құралдың ағыны үлкен жылдамдықпен және үлкен қысыммен
шығады.
Қажетті жабысқақтығы бар лак-бояу өнімдерін қолданыңыз.
Денеңізді табиғи емес қалпында ұстамаңыз. Әрдайым тұрақты дене қалпында
болып, тепе-теңдікті сақтаңыз. Бұның арқасында Сіз электр құралын күтпеген
жағдайда жақсы бақылай аласыз.
Балалардың электр құралын пайдалануға жол бермеңіз, балаларға қол
жетімсіз жерде сақтаңыз.
Осы нұсқаулықпен таныспаған тұлғаларға электр құралын қолдануға рұқсат
етпеңіз.
Құралды жаңбыр мен ылғалдылықтан сақтаңыз. Электр құралына су мен
ылғалдың кіріп кетуі электр тоғымен жарақаттану қаупін арттырады.
Қуат беруші кабель құралдың әрекет ету аймағынан тыс жерде болуын
қадағалаңыз.
Құралды ешқашан электр қуатын беру баусымынан ұстап тасымаңыз. Айырды
розеткадан алып тастау мақсатында баусымды жұлқыламаңыз. Баусымды
жоғары температурадан, майлау материалдары мен өткір шеттері бар
заттардың әсерінен қорғаңыз.
Салауатты пайым қағидаларын басшылыққа алыңыз. Егер сіз шаршап
тұрсаңыз, мас күйінде немесе дәрілік заттың әсерінде болсаңыз құралмен
жұмыс істемеңіз.
Құралдың бетінде көзге көрінетін ақаулардың бар болуын, сонымен қатар
барлық функциялар мен тетіктердің дұрыс жұмыс жасауын тексеріңіз.
Қауіпсіздік техникасы бойынша кеңестер мен нұсқаулықтарды сақтамау электр тогымен
жарақаттану, өрттің пайда болуына, ауыр жарақат алу, денсаулыққа айтарлықтай зиян келтіруге
себеп болуы мүмкін.
Қауіпсіздік шаралары

Похожие устройства

Скачать