Hisense RB390N4BWE белый Руководство по эксплуатации онлайн [31/56] 897772

Hisense RB390N4BWE белый Руководство по эксплуатации онлайн [31/56] 897772
Бұл аспап егер олар бақылауда болмаса немесе олардың қауіпсіздігі
үшін жауапты адамға аспапты қолдану туралы нұсқамалық берілмесе,
физикалық, сенсорлы және ақыл-ой қабілеттері төмен немесе
тәжірибесі немесе білімі жеткіліксіз адамдарға (оның ішінде балаларды)
пайдалануға арналмаған.
Балалардың құрылғымен ойнамауын қадағалап отыру керек.
Барлық қаптама материалдары балалардың қолы жетпейтін жерде
сақталуы керек. Тұншығып қалу қаупі бар.
Қызмет ету мерзімі аяқталған аспапты қолдануға жарамсыз күйге
келтіріңіз. Аспапты электр желісінен ажыратыңыз, қуат баусымын
мүмкіндігінше аспапқа жақын кесіңіз және балалардың ойнауын және
электр тоғының соғуын немесе мұздатқыштың ішінде қамалып қалуын
болдырмас үшін есігін алып тастаңыз.
Егер сіз ілгек ысырмасы бар ескі аспаптың орнына бұл аспапты
магниттік тығыздамамен орнататын болсаңыз, балалар аспаптың
ішінде жабылып қалмауы үшін ысырманы сындырыңыз немесе алып
тастаңыз.
Жалпы қауіпсіздік талаптары
ЕСКЕРТУ! Құрылғы тұрмыстық және ұқсас ортада қолдануға
арналған, мысалы:
- дүкендердегі, кеңселердегі және басқа жұмыс орындарындағы
қызметкерлерге арналған ас үй бөлмелері;
- саяжайларда, фермерлік ғимараттарында және клиенттердің
қонақ үйлерде, мотельдерде және басқа тұрғын үй-жайларда
пайдалануына;
- «төсек және таңғы ас» түріндегі қонақ үйлерде;
- тамақтандыру қызметтері және бөлшек саудаға байланысты емес
соған ұқсас қолдану.
ЕСКЕРТУ! Тез тұтанатын газы бар аэрозольды баллондар сияқты
жарылғыш заттарды аспаптың ішінде сақтамауға болмайды.
ЕСКЕРТУ! Қауіпті жағдай туғызбас үшін зақымдалған қуат баусымын
өндіруші, уәкілетті қызмет көрсету орталығы немесе білікті маман
ауыстыруы керек.
Hisense Refrigerator
3

Похожие устройства

Скачать