Hisense RB390N4BWE белый Руководство по эксплуатации онлайн [34/56] 897772

Hisense RB390N4BWE белый Руководство по эксплуатации онлайн [34/56] 897772
Пайдалану
Тұтанғыш газдарды немесе сұйықтықтарды аспаптың ішінде
сақтамаңыз, себебі жарылыс қауіпі бар.
Мұздатқыш камераның ішінде қандай да бір электр аспаптарды,
мысалы, электрлі балмұздақ жасаушыларды және миксерлерді
пайдаланбаңыз.
Желілік розеткадан ажыратқан кезде әрқашан ашасынан ұстаңыз және
желілік баусымынан тартпаңыз.
Тоңазытқыштың пластикалық бөлшектерінің жанына ыстық заттарды
қоймаңыз.
Өнімдерді аспаптың артқы қабырғасындағы желдету саңылауларына
жақын орналастырмаңыз.
Өнеркәсіптік мұздату өнімдерін өндірушінің нұсқауларына сәйкес
сақтаңыз.
Өнімдерді сақтауға қатысты аспап өндірушісінің ұсыныстарын
орындаңыз. Осы нұсқаулықтың тиісті бөлімдерін қараңыз.
Газдалған немесе көпіршікті сусындарды мұздатқыш камераның ішіне
қоймаңыз, себебі бұл ыдысқа қысымды күшейтеді және жарылыс
тудыруы және аспапты зақымдауы мүмкін.
Өнімдерді мұздатқыш бөліктен алғаннан кейін бірден тұтынбаңыз.
Суықпен күйіп қалу қауіпі бар.
Аспапты тікелей күн сәулесінің астында орнатпаңыз.
Аспапты өртемеу үшін жанып тұрған шырағдандарды, шамдарды
және басқа ашық от көздерін одан қашық ұстаңыз.
Аспап осы нұсқаулықта сипатталғандай үйде қолдану үшін әдеттегі
аспап ретінде өнімдерді және/немесе сусындарды сақтауға арналған.
Аспап ауыр. Оны жылжытқанда абай болыңыз.
Мұздатқыш камерадан заттарды сулы немесе дымқыл қолмен
қозғалтуға немесе ұстауға болмайды. Бұл жарақатқа және / немесе
суық күйікке алып келуі мүмкін.
Аспаптың түбін, оның жәшіктерін және есіктерін баспаңыз және
оларды тірек ретінде қолданбаңыз.
Бір рет жібітілген өнімдерді екіншілік мұздатуға тыйым салынады.
Мұздатқыштан балмұздақты және мұз текшелерін алғаннан кейін
бірден тұтынбаңыз.Сіз аузыңызды немесе ерініңізді суықпен күйдіріп
алуыңыз мүмкін.
Hisense Refrigerator
6

Похожие устройства

Скачать