Alteco PROMO 3SD-370S Инструкция по эксплуатации онлайн [5/0] 897785

Alteco PROMO 3SD-370S Инструкция по эксплуатации онлайн [5/0] 897785
KZ
alteco.hk 5
Корпустық бөлшектерде жарықтар мен майысулардың пайда болуын
анықтаған жағдайда
Сорғыны тасымалдау немесе жылжыту үшін қуат кабелін немесе қалқымалы
қосқышты пайдалану
Электр қозғалтқышының қыздыру температурасын қолмен ұстап тексеру
Теңіз суын айдауға
От қауіпті, жарылыс қауіпті және химиялық белсенді сұйықтықтарды, сондай-
ақ ЖЖМ бар сұйықтықтарды айдауға
Электр сорғының жерге тұйықталусыз жұмыс істеуне тыйым салынады
Жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін сорғы қондырғының барлық схемалары
кезінде сенімді жерге тұйықталуы тиіс. Жерге тұйықталуды диаметрі кемінде 6 мм
жалаң болат сыммен жүзеге асыруға болады. Сымның бір ұшын сорғыға жерге
қосу бұрандаларымен бекіту керек, ал сымның екінші ұшын жерге қосқышқа қосу
керек. Жерге тұйықтағыш ретінде келесілер пайдаланылуы мүмкін:
Артезиан құдықтарының металл құбырлары
Ғимараттар мен құрылыстардың металл құбырлары (жылыту жүйесін
қоспағанда)
Жерге тігінен бітелген болат құбырлар немесе өзектер (құбырларды
қолданған кезде қабырғаларының қалыңдығы кемінде 3.5 мм болуы тиіс),
қалыңдығы кемінде 4 мм және көлденең қимасының ауданы 48 мм
2
болат
таспалар немесе диаметрі 6 мм сым.
Жерге тұйықтағыштардан ғимараттар мен құрылыстардың іргетасына
дейінгі қашықтық кемінде 1.5 м болуы тиіс. Болат таспаларды жерге тұйықтау
құбырларының жоғарғы жиегін 0.6 м кем емес тереңдікке орналастыру қажет.
Сорғы қызып кеткен жағдайда сорғының жұмысын автоматты түрде тоқтатуға
арналған термо қорғаныспен жабдықталған.
Сорғыны пайдалану кезінде келесі ережелерді сақтау қажет:
Сорғымен айдалатын қоспалардың құрамында тастар, металл заттар, құм
және т. б. болмауы тиіс.
Сорғыны пайдалану аяқталғаннан кейін, бір жұмыс орнынан екіншісіне
ауыстырған кезде, үзіліс кезінде желіден ажыратыңыз
Қуат беру сымының әртүрлі жүктерінің астына тартылуына, бұралуына және
түсуіне, оның ыстық және майлы беттермен жанасуына жол бермеңіз
Сорғыны қуат сымын алып жылжытпаңыз
Сорғының сусыз жұмыс істеуіне жол бермеңіз
Сорғыдағы судың қатып қалуына жол бермеңіз
Сорғыны құрғақ бөлмеде, балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.

Содержание

Похожие устройства

Скачать