Атлант 7201-100 Руководство по эксплуатации онлайн [13/44] 897945
![Атлант 7201-100 Руководство по эксплуатации онлайн [13/44] 897945](/views2/2125936/page13/bgd.png)
13
KAZ
1.1 Пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың қосымшасы бар,онда
мұздатқышты басқару және оны пайдалану ерекшеліктері
туралы ақпарат көрсетілген. Пайдалану жөніндегі нұсқаулық
мұздатқыштардың әртүрлі үлгілері үшін әзірленген. Мұздатқыш
үлгісіндегі соңғы сандар (шартты түрде «-ХХ» немесе «-ХХХ»)
кепілдеме картада және камера ішінде сол жақта орналасқан
мұздатқыш табличкасында көрсетілген орындау нөмірін
білдіреді. Мұздатқыштың орындаулары беттерді жабу матери-
алымен, энерготиімділік класымен және түстік шешімдерімен
ерекшеленеді.
Кесте мен кепілдік карточкасында мұздатқыштың сериялық
нөмері көрсетілген. Өнімнің шығарылуы аптасы мен жылы туралы
ақпарат кепілдік карточкасында көрсетілген.
1.2 Мұздатқыш үй жағдайында және соған ұқсас жағдайда,
атап айтқанда мына орындарда пайдалануға арналған:
– дүкен, кеңсе және тағы басқа қызмет жайларында
қызметкерлердің тамақтануына арналған орындарда;
– шаруа (фермерлік) қожалықтарында; қонақ үйлер мен
уақытша тұру бөлмелерінде;
– таңғы асты ұсынатын қонақ үйлерде;
– қоғамдық тамақтану орындарында және көтерме сауда
орындарында.
1.3 Мұздатқышты пайдалану қажет:
– қосымшада көрсетілген қоршаған орта температурасы
кезінде;
– қатысты ылғалдылық 75 % артық емес;
– кернеу номиналдыдан ауытқыған уақытта ауыспалы тоқтың
электр желісіндегі 220-230 В номиналды кернеулер диапазонында
және жиілігі (50±1) Гц. Пайдаланудың басқа шарттары кезінде
мұздатқыштың жылуэнергетикалық сипаттамалары өндіруші
көрсеткендерге сәйкес келмеуі мүмкін.
Жатын жайларда мұздатқышты пайдалану кезінде
мұздатқыштың жұмысы қызметтік шуылмен және дыбыстармен
ілесетіндігін ескерген жөн.
3
-
1.4 Жеткізілім жиынтығына мыналар кіреді: құрамдас өнімдер,
қосымшамен бірге пайдалану бойынша нұсқаулық, уәкілетті
сервистік ұйымдары тізбесі, кепілдік картасы және тоңазытқыш
құрал-жабдықтардың энергетикалық тиімділік заттаңбасы (бұдан
әрі – заттаңба).
Кепілдік картасында мұздатқыштың техникалық реттемеге
сәйкестілік белгілері келтірілген, кестелерде мұздатқыш сипат-
тамалары бар техникалық парақ пен керек-жарақ саны туралы
ақпарат орналастырылған.
1.5 Өндіруші, мұздатқыштың негізгі техникалық сипатта-
маларын өзгертусіз қалдыра отырып, оның конструкциясын
жетілдіре алады.
Мұздатқыш орынжайда минус 15 °С дейінгі температура
кезінде жұмыс істеу қабілеттілігін сақтайды. Мұздатылған тағамды
сақтаудың оңтайлы температурасын қамтамасыз ету үшін (минус
18 °C және одан төмен), мұздатқыштағы ең төменгі температу-
раны қолдануға сәйкес орнатыңыз.
Егер қоршаған ортаның температурасы құрылғының
климаттық класына көтерілсе, жұмыс істемеу үшін температураны
қайтадан реттеу керек.
.
2.1 Мұздатқыш – электротұрмыстық аспап, сондықтан оны
пайдаланған уақытта электроқауіпсіздіктің жалпы ережелерін
сақтау қажет.
2.2 Аспап қауіпсіздігіне жауапты адамның бақылауында
болмаса немесе аспапты қолдану туралы нұсқау алмаса,
дене мүшесі мен сезімінде ақау бар не ақыл-ой қабілеті
төмен адамдардың(балаларды қосқанда) немесе олардың
өмірлік тәжірибесі не білімі болмаған жағдайда қолдануына
арналмаған.
Балалар аспаппен ойынаудың алдын-алу үшін бақылауда
болулары тиіс.
2.3 Электр тоғымен зақымданудан қорғаныс түрі бойынша
мұздатқыш І класқа жатады және электр желісіне жерге қосушы
контакті бар екі полюсті розетка арқылы қосылуы тиіс.
Жерге қосушы контактісі бар розетканы орнату үшін білікті
электрикке хабарласу қажет. Розетка мұздатқышты сыртқы электр
желісінен шұғыл ажырату үшін қол жетімді орынға орналасты-
рылуы тиіс.
Жерге қосуды газ, жылыту, су құбыры немесе кәріз жүйесінің
жеке сымымен салуға .
-
2.4 Мұздатқышты электр желісіне қосар алдында қоректендіру
бауы мен ашаның зақымдануларының жоқ екендігін көзбен тек-
серу қажет. Қорек көзі бауының бұзылуы жағдайында қауіптілік
орын алмауы үшін оны алмастыруды өндіруші, сервистік қызмет
немесе ұқсас біліктілігі бар қызметкер жргізуі тиіс.
2.5 Мұздатқышты электр желісінен қоректендіру бауы ашасын
розеткадан шығара отырып келесі жағдайларда ажырату қажет:
– оны басқа орынға ауыстыру;
– оның астындағы еденді жуу;
– ұзақ уақытқа кету (14 күннен көп).
-
Өндіруші «АТЛАНТ» ЖАҚ
Победителей даң., 61, 220035, Минск қ., Беларусь Республикасы;
www.atlant.by
Информация для предварительного ознакомления. Официальной информацией изготовителя не является
Похожие устройства
- Атлант 7184-060 Руководство по эксплуатации
- Атлант 7606-160 N Руководство по эксплуатации
- Toshiba TW-BN90C4RU(WK) Руководство по эксплуатации
- Атлант М 7606-150 N Руководство по эксплуатации
- Росомз СОМЗ-1 ЯГУАР 60100 Руководство по эксплуатации
- Росомз СОМЗ-15 Титан 60150 Руководство по эксплуатации
- Hotpoint HT 9201I W O3 Руководство по эксплуатации
- Maunfeld Bath Plus 402IL Руководство по эксплуатации
- Realme Note 50 4/128GB Night Black (RMX3834) Руководство по эксплуатации
- Hanskonner HID2180M Руководство по эксплуатации
- Realme Note 50 3/64GB Sky Blue (RMX3834) Руководство по эксплуатации
- Realme Note 50 4/128GB Sky Blue (RMX3834) Руководство по эксплуатации
- Delonghi CGH923D Руководство по эксплуатации
- Атлант 1602-150 Руководство по эксплуатации
- Атлант 2835-08 серебристый Руководство по эксплуатации
- Kitfort КТ-2944 Руководство по эксплуатации
- Kitfort КТ-3127-1 Руководство по эксплуатации
- Kitfort КТ-3127-2 Руководство по эксплуатации
- Nikko Nano Omni X Future 10202 Blue Руководство по эксплуатации
- Tecno SPARK 20 Pro 8/256GB Sunset Руководство по эксплуатации