Haier HI-502 Руководство по эксплуатации онлайн [8/11] 898882
![Haier HI-502 Руководство по эксплуатации онлайн [8/11] 898882](/views2/2138168/page8/bg8.png)
14 15
АВТОМАТТЫ БУ БЕРУ
Үтік автоматты бу берумен жабдықталған.
Бу беру қарқындылығын таңдау үшін реттегішті
0-ден 4-ке дейін жылжытыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Үтіктеу аяқталғаннан
кейін әрқашан реттегішті 0 күйіне жылжыту
ұсынылады.
ТІГІНЕН БУМЕН ҮТІКТЕУ
Бұл режим маталарды ілінген күйде үтіктеуге
арналған.
• Үтік резервуарын сумен толтырыңыз.
• Үтіктің қызуын және қыздыру индикаторы көк
түске айналуын күтіңіз, бұл үтіктің қызғанын
білдіреді.
• Тұрақты бу беру реттегішін 0 күйіне
жылжытыңыз.
• Үтікті тік күйінде ұстаңыз.
• Матаны 15-30 см қашықтықта жоғары/төмен
қозғалыстармен, бу беру батырмасына болым-
сыз үзілістермен басып отырып, булап үтіктеңіз.
Булауды бастамас бұрын, бу беру батырма-
сын бірнеше рет басу ұсынылады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Денеге киілген киімді үтік-
темеңіз, бу ыстық, күйік алу қатері өте жоғары.
АВТОСӨНДІРІЛУ (Үзіліс Режимі)
Қауіпсіздік үшін үтік үзіліс режиміне көшудің
автоматты жүйесімен жабдықталған, бұл ретте
қыздыру сөндіріледі.
Үтік қолданылмаған жағдайда, үзіліс режимі
қосылады:
• Тік күйде 8 минуттан кейін қосылады.
• Көлденең күйде 30 секундтан кейін қосылады.
• Қырымен жатқанда 30 секундтан кейін
қосылады.
Кідірту режимінен шығу үшін үтікті қолыңызға
алу немесе оны аздап жылжыту жеткілікті.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Бұл режим
пайдаланушыны үтікті электр желісінен
ажыратудан босатпайды.
ТАМШЫ ТОҚТАТУ ФУНКЦИЯСЫ
Бұл функция жеткіліксіз қыздыру
температурасында үтіктің табанынан
су ағып кетпеуі үшін жасалған.
Жұмыс барысында сіз кейде “шертуді” естисіз.
Бұл қалыпты жағдай және бұл жүйенің жұмыс
істейтінін білдіреді.
ҚАҚТАН ҚОРҒАУ
Үтік қызмет ету мерзімін ұзарту үшін қос қақтан
қорғаныспен жабдықталған.
1. Үтіктің ішінде орналасқан қаққа қарсы
кіріктірілген картридж қақтың пайда болуын
азайту үшін жасалған. Ол үтіктің қызмет ету
мерзімін ұзартады және ауыстыруды қажет
етпейді.
2. Құюға арналған саңылауда орналасқан
суды тазартуға арналған картридж. Оны
мезгіл-мезгіл ағынды сумен шаю керек,
сондай-ақ ол ауыстыруды қажет етпейді.
ҮТІКТІҢ ІШКІ ЖҮЙЕЛЕРІН ТАЗАЛАУ
Аспаптың неғұрлым ұзақ қызмет етуі үшін таза-
лауды кемінде айына бір рет жүргізу ұсыныла-
ды. Қақтың пайда болуы пайдалану жиілігіне
және судың кермектігіне тікелей байланысты.
• Үтікті электр желісінен ажыратыңыз.
• Су ыдысын жартысына дейін толтырыңыз.
• Үтікті электр желісіне қосып, MAX режимін
қосыңыз.
• Қыздыру шамы көк түске айналғанша күтіңіз.
• Үтікті электр желісінен ажыратыңыз.
• Үтікті алып, оны кез келген ыдыстың неме-
се шұңғылшаның үстінен көлденең ұстап
тұрыңыз.
• Өзін-өзі тазарту батырмасын бірнеше секунд
ұстап тұрыңыз.
• Бу мен ыстық су үтіктің табанының саңылау-
ларынан, сонымен қатар қыздыру жүйесінде
пайда болған қақпен және минералдармен
бірге пайда болады.
• Суға арналған резервуар толығымен бо-
сағанша дейін үтікті ақырындап алға-артқа
жылжытыңыз (аздап шайқаңыз).
• Өзін-өзі тазарту батырмасын түсіріңіз.
• Үтікті электр желісіне қосып, MAX режимін
қосыңыз.
• Қыздыру индикаторы көк түс болғанша күтіңіз
және қажетсіз матаны үтіктеңіз, осылайша та-
банды қақ пен минералдардың қалдықтарынан
тазартыңыз.
ҮТІК ТАБАНЫН ТАЗАЛАУ
• Үтікті электр желісінен ажыратыңыз және
суығанын күтіңіз.
• Тазалау үшін жұмсақ, дымқылданған матаны
пайдаланыңыз. Сызаттар қалдыратын қатты
матаны немесе ысқышты пайдаланбаңыз.
• Қажақты тазартқыш құралдарды, сіркесуды
немесе қақты кетіруге арналған басқа құрал-
дарды пайдаланбаңыз.
ҮТІКТЕУ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТЕР
• Киімді маталар типі бойынша алдын ала
сұрыптаңыз, бұл режимдерді сирек ауысты-
рып-қосуға мүмкіндік береді және уақытты
үнемдейді.
• Температурасы неғұрлым жоғары режимнен
төменірекке ауыстырып-қосқанда табанға
салқындауға уақыт беріңіз, бірден үтіктеуге
кіріспеңіз. Салқындатуды жылдамдату үшін сіз
бу беру батырмасын бірнеше рет баса аласыз.
Үтік, салқындағанына қарағанда, жылдам
қызады. Сондықтан алдымен заттарды төмен
температурада үтіктеу ұсынылады.
• Үтіктеуді ылғи көзге түспейтін жерден немесе
матаның сырт жағынан бастаңыз.
• Үтіктеген кезде нәзік маталарды (жібек,
мақпал, жүн) бүлдіріп алмау үшін үтіктеуге
арналған арнайы матаны пайдаланыңыз.
Похожие устройства
- Haier HI-701 Руководство по эксплуатации
- ZUGEL ZEH290B Руководство по эксплуатации
- Artway AV-304 Руководство по эксплуатации
- Tecno BG6 SPARK Go 2024 Green Руководство по эксплуатации
- Korting KNFS 83414 N черный Руководство по эксплуатации
- Korting KNFS 83414 X нержавеющая сталь Руководство по эксплуатации
- Brother InkBenefit Plus DCP-T420W Руководство по эксплуатации
- Sandisk 128GB (SDSQUNS-128G-GN6MN) Руководство по эксплуатации
- Topdevice TDSEK002_WT белый Руководство по эксплуатации
- Topdevice TDSEK002_BK черный Руководство по эксплуатации
- АвтоУПОР UHYBAY011 Руководство по эксплуатации
- Rival AK.2323.1 Руководство по эксплуатации
- Rival D180AL.2313.2 Руководство по эксплуатации
- Rival A180ALB.2313.2 Руководство по эксплуатации
- Rival F180AL.2313.2 Руководство по эксплуатации
- Rival F180ALB.2313.2 Руководство по эксплуатации
- Berg F.4013.002 Руководство по эксплуатации
- Автоброня 111.02201.1 Руководство по эксплуатации
- Автоброня 111.05783.1 Руководство по эксплуатации
- Rival 1.9418.1 Руководство по эксплуатации