Alteco MK 8000 Руководство по эксплуатации онлайн [7/60] 900853

Alteco MK 7000 Руководство по эксплуатации онлайн [7/60] 900914
KZ
alteco.hk 7
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Нұсқаулықтың талаптарын орындамау құрылғыны зақымдауы мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ!
Өнімді пайдалану кезінде пайдалы болатын ақпаратты көрсетеді.
1. Жұмысты бірінші рет бастамас бұрын, сатушы немесе маманнан құрылғыны
қалай дұрыс ұстау керектігі туралы НҰСҚАУ АЛЫҢЫЗ, қажет болған жағдайда
оқу курсынан өтіңіз.
2. Қадағалаумен оқудан өтіп жатқан 16 жастан асқан адамдарды қоспағанда,
кәмелетке толмаған адамдар құрылғымен жұмыс істеуге жіберілмейді.
3. Құрылғыны жақсы физикалық және психикалық күйде қолданыңыз.
Құрылғыны ауыр немесе шаршаған күйде немесе көру, физикалық және
психикалық күйге әсер етуі мүмкін кез-келген заттардың, дәрі-дәрмектердің
әсерінде пайдаланбаңыз.
4. Тек күндізгі уақытта немесе жақсы жасанды жарықта жұмыс жасаңыз.
5. Құрылғыны осы модельмен жақсы таныс және онымен жұмыс істеуге
үйретілген адамдарға ғана беруге немесе уақытша пайдалануға (жалға)
беруге рұқсат етіледі. Бұл ретте пайдалану жөніндегі нұсқаулық міндетті түрде
қоса берілуі тиіс.
6. Жұмыс аймағын дайындамай және эвакуация жағдайында кедергісіз жолды
анықтамай жұмыс істеуді бастамаңыз.
7. Құрылғымен жалғыз жұмыс істеуге кеңес берілмейді. Жұмыс істеп жатқанда
Сізге көмек қажет болған жағдайда, біреудің сізге жақын екеніне көз
жеткізіңіз.
8. Бөтен адамдар, балалар мен жануарлар жұмыс аймағынан тыс қауіпсіз
қашықтықта болуы керек. Жұмыс істеп тұрған құрылғыдан 3 м жақын болуға
тыйым салынады.
9. Барлық тұтқалар, бекітпелер мен қауіпсіздік құрылғыларының орнында
және дұрыс күйде екендігіне көз жеткізу үшін жұмыс алдында құрылғыны
тексеріңіз.
10. Құрылғыны балалардың қолы жетпейтін жабық жерде сақтаңыз.
ЕСКЕРТУ!
Құрылғымен алкогольдік немесе есірткілік мас күйінде немесе қатты әсер ететін дәрілерді
ішкеннен кейін жұмыс жасамаңыз.
ЕСКЕРТУ!
Қолайсыз ауа-райында (жаңбыр, қар, мұз, жел, бұршақ) жұмысты кейінге қалдыруға кеңес
беріледі, себебі апаттың жоғары қаупі бар!

Похожие устройства

Скачать