Alteco MK 7000 Руководство по эксплуатации онлайн [6/60] 900914

Alteco MK 8000 Руководство по эксплуатации онлайн [6/60] 900853
KZ
alteco.hk6
Ауылшаруашылық машинасы моторлы қопсытқыш (бұдан әрі мәтін бойынша
моторлы қопсытқыш немесе құрылғы) топырақтың беткі қабатын өңдеуге
арналған. Атап айтқанда, пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың барлық талаптарын
сақтай отырып, шағын жер учаскелері мен бақша учаскелерінде жұмыс істеуге
арналған. Бұл машина әдетте күрек және кетмен көмегімен қолмен жасалатын
жұмысты жеңілдетеді
Егер нұсқаулыққа сәйкес пайдаланылса, құрылғы қауіпсіз және
сенімді болатындай етіп құрастырылған. Моторлы қопсытқышты іске
қоспас бұрын, пайдалану нұсқаулығын оқып, біліп алыңыз. Егер осыны
істемесеңіз, нәтиже құрылғыға жарақат немесе зақым келтіруі мүмкін.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Моторлы қопсытқышты осы Нұсқаулықта көзделмеген кез келген басқа мақсаттарда
пайдалану қауіпсіз пайдалану шарттарын бұзу болып табылады және өнім берушінің
кепілдік міндеттемелерінің қолданысын тоқтатады. Өндіруші мен өнім беруші моторлы
қопсытқышты мақсаты бойынша пайдаланбау салдарынан туындаған зақым үшін
жауапты болмайды. Құрылғының істен шығуы мақсаты бойынша пайдаланбаған кезде
кепілдік бойынша жөндеуге жатпайды.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Жөндеу және қызмет көрсету үшін өндіруші ұсынған шығын материалдарын және
түпнұсқа қосалқы бөлшектерді пайдаланыңыз. Ұсынылмаған шығыс материалдарын,
түпнұсқа емес қосалқы бөлшектерді пайдалану сізді моторлы қопсытқышқа кепілдік
қызмет көрсету құқығынан айырады.
Бұл нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз. Жұмысқа кіріспес бұрын моторлы
қопсытқыш құрылғымен танысыңыз. Басқару органдарының жұмысымен
танысыңыз. Төтенше жағдайларда не істеу керектігін біліңіз. Келесі
тақырыптардың алдындағы ақпаратқа ерекше назар аударыңыз:
АБАЙЛАҢЫЗ!
Осы нұсқаулықтың талаптарын орындамау орташа ауыр жарақатқа әкелуі мүмкін.
ЕСКЕРТУ!
Осы нұсқаулықтың талаптарын орындамау өлімге немесе ауыр жарақатқа әкелуі мүмкін.
Мақсаты бойынша пайдалану
Қауіпсіздік техникасының
жалпы ережелері

Похожие устройства

Скачать