Samsung 8806088671451 — құрылғыны қауіпсіз пайдалану бойынша нұсқаулық [25/60]

Samsung VC20M2540JN/EV Руководство по эксплуатации онлайн [25/60] 785947
Қазақша
5
ДАЙЫНДЫҚ
Бұл құрылғы кембағал, сезім мүкістігі бар немесе ақыл-есі кем, құрылғыны
қолдану тәжірибесі жоқ не қолдана білмейтін адамдар (балаларды қоса
алғанда) қолдануға арналмаған. Олар осы құрылғыны өз қауіпсіздігін
қамтамасыз ететін адамның нұсқауы немесе қадағалауы бойынша
пайдалануға тиіс. Балаларға ересектердің бақылауынсыз тазалауға және
құрылғыны жөндеуге тыйым салынған.
Балаларды құрылғымен ойнамас үшін қадағалап отыру керек. Шаңсорғышты
ешқашан қараусыз іске қосып қоюға болмайды.
Қуат туралы
Шаңсорғыштың ашасын тоқтан суырмай тұрып, корпусындағы тетігін басып
сөндіріңіз. Шаң қалтасын тазалар алдында ашаны розеткадан суырыңыз.
Құрылғыға нұқсан келтірмеу үшін, оны сымынан тартпай, ашасын қысып ұстап
суырыңыз.
Құрылғыны тазалау немесе оған күтім көрсету жұмыстарын жүзеге асыру үшін
ашаны розеткадан суыру керек.
Ашаны розеткаға сұқпай тұрып, Min. қалпына қойыңыз.
Ұзартқыш сымды қолдану ұсынылмайды.
Электр тоғы соғу немесе өрт шығу қатеріне жол бермеңіз.
Қуат сымын бүлдіріп алмаңыз.
Қуат сымын тым қатты тартып суырмаңыз немесе оны су қолмен ұстамаңыз.
Номиналды қуат мәнінен басқа қуат көзін пайдалануға болмайды және
сондай-ақ көп ұялы розеткаға бір мезгілде бірнеше құрылғыны қатарынан
қосуға болмайды.
Қуат сымын еденде қараусыз қалдырмаңыз.
Зақымданған ашаны, қуат сымын немесе босап тұрған розетканы
қолданбаңыз.
Қуат ашасын розеткаға қосу алдында токты сөндіріп, саусақтарыңыз қуат
ашасының істікшелеріне тиіп тұрмағанына көз жеткізіңіз.
Шаңсорғышты бөлшектемеңіз немесе өзгертпеңіз. Қуат сымына нұқсан
келсе, оны уәкілетті техникке ауыстыртып алу үшін өндірушіге немесе
қызмет көрсету агентіне хабарласыңыз.
2_VC2500_KK_00759A-07.indd 5 2019-06-25 오후 8:14:15

Содержание

Бұл нұсқаулық құрылғыны қауіпсіз пайдалану, балалар мен мүгедектер үшін ережелерді қамтиды. Құрылғыны қолдану кезінде сақтық шараларын орындау маңызды.

Скачать
Случайные обсуждения