Hansa BOEI64030077 Руководство по эксплуатации онлайн [22/76] 52596
![Hansa BOEI64030077 Руководство по эксплуатации онлайн [22/76] 52596](/views2/2141759/page22/bg16.png)
22
Пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін
осы құралды қарапайым коммуналдық
қалдық ретінде тастауға болмайды, оны
электрлі және электронды құралдарды
қабылдау және қайта өңдеу орнына
өткізген жөн.
Осы туралы құралда, пайдалану бойынша
нұсқаулықта және орамада белгіленген белгі
мәлімет береді.
Құралда өз белгілеріне сәйкес қайта өңдеуге
жататын материалдар пайдаланылған. Өзінің
қызмет ету мерзімі аяқталған құралды қайта
өңдеудің, материалдарын пайдаланудың немесе
пайдаланудың басқа түрінің арқасында Сіз
қоршаған ортаны қорғауға әжептеуір үлес
қосасыз.
Пайдаланылған құралды пайдаға асырудың
сәйкес тармағы туралы мәліметті Сіз жергілікті
әкімшіліктен ала аласыз.
Тасымалдау үшін құрал
зақымданулардан орамамен
қорғалған. Орамадан шығарған кейін,
Сізден оның бөліктерінен қоршаған
ортаға залал келмейтін әдіспен
құтылуыңызды сұраймыз.Ораманы
дайындау үшін қолданылған барлық материалдар
зиянсыз, оларды 100 %-ға қайта өңдеуге болады
және сәйкес белгімен белгіленген.
Назар аударыңыз! Орамадан шығару барысында
орама материалдарына (полиэтилен пакеттер,
пенопласттың бөліктері және т.б.) балаларды
жақындатпаңыз.
«Hansa» үрмепеші пайдаланудың ерекше қарапайымдылығы мен жүз пайыздық тиімділік сияқты
қасиеттерді өзінде біріктіреді. Нұсқаулықты оқып болғаннан кейін Сізде үрмепешті күту бойынша
қиыншылықтар туындамайды.
Үрмепеш, зауыттан шығару барысында, орау алдында қауіпсіздік және жұмысқа жарамдылық
мақсатында арнайы стендтерде мұқият тексерілген.
Құралды қоспас бұрын, Сізден пайдалану бойынша нұсқаулықты мұқият оқып шығуыңызды өтінеміз.
Онда баяндалған нұсқауларды сақтау үрмепешті дұрыс пайдаланбаудың алдын алады.
Нұсқаулықты сақтап, оңай қолжетімді жерде ұстағаныңыз жөн. Қайғылы оқиғадан аулақ болу үшін
пайдалану бойынша нұсқаулықтағы ережелерді жүйелі түрде орындау қажет.
Назар аударыңыз!
Үрмепешті тек осы нұсқаулықпен танысқаннан кейін ғана қолданыңыз.
Үрмепеш тек үй жағдайында пайдалану үшін ғана арналған.
Дайындаушы құралдың жұмысына әсер етпейтін өзгерістерді енгізу құқығын өзіне қалдырады.
МАЗМҰНЫ
ҚҰРМЕТТІ САТЫП АЛУШЫ,
ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫН ҚАЛАЙ ҮНЕМДЕУ ҚАЖЕТ
KAZ
Электр энергиясын тиімді пайдалану
тек шығындарды төмендетіп қана
қоймайды, сонымен қатар қоршаған
ортаны да қорғайды. Келесі қарапайым
ережелерді орындау ең жақсы
нәтижелерге жетуге көмектеседі:
●Үрмепешті тек тағамның үлкен көлемін
дайындау үшін ғана қолдану.
Салмағы 1 кг-ға дейінгі етті ас пісіретін бетте
кастрюльде дайындау тиімдірек.
●Үрмепештің қалған жылуын пайдалану. Егер
тағам 40 минуттан артық дайындалса, үрмепешті
дайындаудың аяқталуына дейін 10 минут бұрын
ажыратыңыз.
●Үрмепештің есігін ұқыпты жабыңыз. Үрмепеш
есігінің ластанған тығыздағыштары жылудың босқа
кетуіне мүмкіндік туғызады. Тығыздағыштардағы
ластануларды бірден кетірген жөн.
● Тақтаны тоңазытқыштар/мұздатқыш
камералар жанында орнатпаңыз.
Электрдің қажетсіз қолданылуы артады.
Назар аударыңыз!Егер таймер қолданылса,
оны дайындау уақытынан қысқалау уақытқа
орнатқан жөн.
ҚҰРМЕТТІ САТЫП АЛУШЫ, 22
ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫН ҚАЛАЙ ҮНЕМДЕУ ҚАЖЕТ 22
ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ БОЙЫНША НҰСҚАУЛАР 23
ҚҰРЫЛҒЫҒА СИПАТТАМА 25
ҚҰРАСТЫРУ 26
ПАЙДАЛАНУ 27
ЭКСПЛУАТАЦИЯ 31
ТАҒАМДЫ ҮРМЕПЕШТЕ ДАЙЫНДАУ – ІС ЖҮЗІНДЕГІ КЕҢЕСТЕР 32
КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТ ПЕН КҮТІМ 35
АПАТТЫ ЖАҒДАЙЛАРДАҒЫ ІС-ӘРЕКЕТ 36
ТЕХНИКАЛЫҚ ДЕРЕКТЕР 37
Похожие устройства
- Hiberg VМ-4582 YR Руководство по эксплуатации
- Deepcool AK400 ZERO DARK PLUS Инструкция по установке
- Hansa BOEI680177 Руководство по эксплуатации
- Valera SXJ 8700 D RC Black Руководство по эксплуатации
- Karcher SC5 EasyFix Premium White Руководство по эксплуатации
- Hiberg HB 1041 W Руководство по эксплуатации
- Karcher SC 4 EasyFix Premium White Руководство по эксплуатации
- Deepcool AK400 Инструкция по установке
- Kitfort KT-3080 Руководство по эксплуатации
- Hiberg RFB-30 W Руководство по эксплуатации
- Hiberg FEG 950-35 SY Руководство по эксплуатации
- Ballu BFF-801 Руководство по эксплуатации
- Hiberg RF-40DD NFS Руководство по эксплуатации
- Deepcool AK400 WH Инструкция по установке
- Hiberg RF-40DD NFW Руководство по эксплуатации
- Denon AH-D5200 Руководство по эксплуатации
- Polaris PWK 1756С Moon Руководство по эксплуатации
- Hiberg F68 1430 B Руководство по эксплуатации
- Kitfort КТ-1643 Руководство по эксплуатации
- Kitfort KT-929-2 Руководство по эксплуатации
Скачать
Случайные обсуждения
Ответы 1
Здравствуйте, навравляющие разные по длине при аыдвижении и являются ли они съемными
1 год назад