Indesit BWSA 51051 1 Руководство по эксплуатации онлайн [17/48] 254311
![Indesit BWSA 51051 1 Руководство по эксплуатации онлайн [17/48] 254311](/views2/2141928/page17/bg11.png)
KZ
17
Сақтандырулар мен кеңестер
! Бұл кір жуғыш машина халықаралық қауіпсіздік
ережелеріне сай өңделіп шығарылған. Төмендегі
ақпарат қауіпсіздік ережелерін ескерту мақсатында
берілген және оны мұқият оқып шығу қажет.
Жалпы қауіпсіздік
• Бұл құрылғы тек үйде пайдаланылуға арналған.
• Бұл құрылғы қауіпсіздіктеріне жауапты адам
құрылғыны қолдану бойынша кеңес не нұсқау
бермеген жағдайда, дене, сезіну немесе ой
қабілеті төмен немесе тәжірибесі мен білімі
жеткіліксіз адамдармен (оның ішінде балалармен)
қолданылуға арналмаған. Балалар құрылғымен
ойнамауы үшін оларды бақылау керек.
• Кір жуғыш машинаны тек осы нұсқаулықтағы
нұсқауларға сәйкес түрде ересек адамдар ғана
пайдалануы тиіс.
• Құрылғыны жалаң аяқ немесе қолыңыз немесе
аяғыңыз ылғал болғанда ұстамаңыз.
• Құрылғыны розеткадан ағытқан кезде ток кабелінен
ұстап тартпаңыз. Айырды ұстап тартыңыз.
• Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде жуғыш зат
тартпасын ашпаңыз.
• Ағызылған суға тимеңіз, себебі оның
температурасы өте жоғары болуы мүмкін.
• Есікті күштеп тартпаңыз. Әйтпесе, кездейсоқ
ашудан қорғауға арналған қауіпсіздік құлпы
механизмі зақымдалуы мүмкін.
• Құрылғы бұзылып қалса, ешбір жағдайда өз
бетіңізбен жөндеу мақсатында ішкі бөліктерге тиюші
болмаңыз.
• Әрқашанда балаларды құрылғыдан алыс ұстаңыз.
• Жуу циклы барысында есік қатты қызып кетуі
мүмкін.
• Құрылғыны жылжыту керек болса, екі немесе үш
адамнан тұратын топпен жұмыс істеңіз және де
өте абай болыңыз. Мұны жалғыз өзіңіз орындаушы
болмаңыз, себебі құрылғы өте ауыр.
• Кірлерді кір жуғыш машинаға салмас бұрын,
барабан бос екеніне көз жеткізіңіз.
Жүкті теңестіру жүйесі
Әрбір сығу циклынан бұрын, шамадан тыс дірілдеудің
алдын алу және жүкті біркелкі түрде тарату үшін,
барабан жуу кезіндегі айналу жылдамдығын сәл
көбірек жылдамдықпен айналып тұрады. Егер
бірнеше әрекеттен кейін жүк дұрыс теңестірілмесе,
құрылғы төмендетілген сығу жылдамдығында
айналдырады. Егер жүк тым теңестірілмеген болса,
құрылғы сығу орнына тарату үдерісін орындайды.
Жүктің таралуы мен теңестірілуін жақсарту үшін кіші
және үлкен киімдерді аралас салуды ұсынамыз.
Қоқысқа тастау
• Орама материалдарын қоқысқа тастау: ораманың
қайта пайдаланылуы мүмкін болатындай жергілікті
ережелерді орындаңыз.
• Электр және электроникалық құралдардың
қалдықтарына қатысты 2012/19/EU - WEEE
Еуропа заңнамасына сәйкес үй құрылғылары
қалыпты сортталмаған қалалық қалдық ағымымен
бірге жойылмауы тиіс. Қоршаған орта мен адам
денсаулығына тиетін зиянның алдын ала отырып,
ескі құрылғылар қайта пайдалануды және қайта
өңдеуді оңтайландыру мақсатында бөлек жиналуы
керек. Өнімдегі сызылған «доңғалақты қоқыс жәшік»
сізге құрылғыны тастаған уақытта бөлек жиналуы
туралы есіңізге салады.
Ескі құрылғыларды дұрыс тастау жөнінде ақпарат
алу үшін пайдаланушылар жергілікті өкілдеріне
немесе сатушыларына хабарласулары керек.
Сақтау және тасымалдау шарттары
• Буып түйілген кір жуғыш машина табиғи түрде
желдетілетін, ылғалдығы 80 %-дан аспайтын жабық
жайда сақталуы тиіс.
Кір жуғыш машина ұзақ уақыт бойы
қолданылмайтын болса және жылытылатын жайда
сақталса, ішіндегі суды толығымен ағызу керек.
Тасымалдамас бұрын кір жуғыш машинаның
барабанына зақым келмеуі үшін, тасымалдау
бұрандаларын машинадағы төлкелерге бекіту
керек.
Кір жуғыш машина бір орынға мықтап бекітіліп, кез
келген жабық көлікпен тік қалыпта (жұмыс істеген
кездегі қалпы) тасымалдануы тиіс.
Тиеген және түсірген кезде кір жуғыш машинаға
механикалық соққы тигізуге ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.
Похожие устройства
- Indesit IWSC 6105 Руководство по эксплуатации
- Indesit IWSD 6105 (CIS).L Руководство по эксплуатации
- JBL Partybox 310 Руководство по эксплуатации
- JBL PartyBox 1000 Руководство по эксплуатации
- Cs Medica VibraPulsar CS-v1 Руководство по эксплуатации
- Indesit BWSE 61051 WWV RU Руководство по эксплуатации
- Edisson Mini 3000 Руководство по эксплуатации
- Thermex Artflow 6000 Руководство по эксплуатации
- Thermex Balance 4500 Руководство по эксплуатации
- Thermex Balance 6000 Руководство по эксплуатации
- Thermex Jam 3000 Руководство по эксплуатации
- Thermex Surf 3500 Руководство по эксплуатации
- Thermex Surf 5000 Руководство по эксплуатации
- Thermex Surf 6000 Руководство по эксплуатации
- Thermex Topflow 10000 Руководство по эксплуатации
- Thermex Topflow 15000 Руководство по эксплуатации
- Thermex Topflow Pro 21000 Руководство по эксплуатации
- Thermex Topflow Pro 24000 Руководство по эксплуатации
- Thermex Trend 4500 Руководство по эксплуатации
- Thermex Trend 6000 Руководство по эксплуатации
Скачать
Случайные обсуждения