Candy Smart Pro CSOW4 1364T/2-07 — кірді сұрыптау және жуу бойынша пайдалы кеңестер [41/64]

Candy Smart Pro CSOW4 1364T/2-07 Руководство по эксплуатации онлайн [41/64] 646090
41
4. ТӘЖІРИБЕЛІК КЕҢЕСТЕР
Кірді сұрыптау кезінде мыналарды
тексеру керек:
- жуылатын кірден түйреуіштер мен тиындар
сияқты металл заттар алынып тасталған;
- түймелер мен сыдырмалар түймеленіп, бел-
діктер мен баулар байланған;
- перделерден роликтер алынған;
- жууға қатысты нұсқаулары бар затбелгі-
лердегі ақпаратты мұқият оқып шығу керек;
- кетуі қиын дақтарды арнайы жуғыш құрал-
дармен кетіру керек.
кілемшелерді, төсек жапқыштарды және
басқа да ауыр маталарды жуу кезінде
сығуды қолдану ұсынылмайды.
Жүннен жасалған бұйымдарды жуар
алдында бұл бұйымның машинада жууға
арналғанына көз жеткізу қажет. Ол үшін
жуғалы жатқан матаның затбелгісіндегі
ақпаратты тексеріңіз.
Машинаны экологиялық таза және үнемді
пайдалану бойынша кеңестер.
Машинаға максималды ұсынылған кір
мөлшерін салыңыз.
Машинаны максималды ұсынылған жүктеу
арқылы электр энергиясын, суды, жуғыш
құралды және уақытты тиімді пайдала-
нуды қамтамасыз етіңіз. Кірді машинаға
бір рет толық жүктеп жуу кірді екіге бөліп
жуғанмен салыстырғанда электр энергия-
сының 50%-на дейін үнемдейді.
Сізге алдын ала жуу қажет пе?
Тек өте лас кір үшін! Өте қатты лас-
танбаған кірді жуу үшін алдын ала жуу
режимін (Prewash) пайдаланбай, жуғыш
құралды, уақытты, суды және 5-тен 15%-
ға дейін электр қуатын ҮНЕМДЕҢІЗ.
Ыстық суда жуу қажет пе?
Ыстық суда жуу қажеттілігін азайту үшін
дақтарды дақ кетіргішпен алдын ала өңдеңіз
немесе кір жуар алдында дағы бар құрғақ
кірді суда жібітіңіз. Төмен температурада жуу
бағдарламасын қолдану арқылы электр
энергиясын тұтынуды азайтыңыз.
Кептіру бағдарламасын пайдалану алдында
(КІР ЖУҒЫШ-КЕПТІРГІШ МАШИНАЛАР)
Кептіру бағдарламасын пайдаланбас бұрын,
барабанның жоғары айналу жылдамдығын
таңдау арқылы кірдегі су мөлшерін азай-
тыңыз. Бұл электр энергиясы мен уақытты
ҮНЕМДЕУГЕ мүмкіндік береді.
Қысқаша нұсқаулықтағы жуғыш құралды
әртүрлі температурада пайдалану бойынша
нұсқаулар мен ұсыныстарды орындаңыз. Кез
келген жағдайда жуғыш құралдың қаптама-
сындағы оны дұрыс пайдалану және мөл-
шерлеу туралы нұсқауларды міндетті түрде
оқып шығыңыз.
Пайдаланушыға арналған
пайдалы кеңестер
Кірді жүктеу туралы кеңестер
Жүннен немесе жібектен жасалған
бұйымдарды жуу үшін тек осы маталарға
арналған арнайы жуғыш құралдарды
пайдаланыңыз.
40°C-ден төмен температурада жуу үшін
сұйық жуғыш құралдарды немесе төмен
температурада жуу үшін қолдануға бола-
тындығы көрсетілген жуғыш құралдарды
қолдануды ұсынамыз.
40°C және 60°C аралығындағы темпера-
турада жуу үшін қолданылатын жуғыш
құралдың түрі матаның түріне және оның
ластану деңгейіне сәйкес келуі керек. Кәдімгі
кір жуғыш ұнтақтар «ақ» және ұзақ тұратын
бояумен боялған түсті маталарға жақсы сәй-
кес келеді, ал сұйық жуғыш құралдар немесе
«түсті қорғайтын» кір жуғыш ұнтақтар лас-
тану деңгейі төмен түрлі-түсті маталарды
жууға жақсы сәйкес келеді.
Қатты ластанған ақ маталарды жуған
кезде 60°C немесе одан жоғары темпе-
ратурада мақта-маталарға арналған бағ-
дарламаларды пайдалануға және бұл
ретте орташа/жоғары температурада та-
маша нәтиже беретін құрамында ағартқыш
заттары бар кәдімгі кір жуғыш ұнтақты
(қатты ластанған заттарды жуу үшін) қолда-
нуға кеңес береміз.
KZ
Есікті абайлап жабыңыз. Заттардың есікпен
қысылмағанына көз жеткізіңіз. Бұл есіктің
манжетін зақымдауы мүмкін. Бұл зақым
кепілдікпен өтелмейді.

Кірді жуу кезінде тиімділікті арттыру үшін сұрыптау, жуу температурасы мен жуғыш құралдарды дұрыс таңдау бойынша кеңестер. Энергия мен суды үнемдеудің жолдары.

Скачать