Candy Smart Pro CSOW4 1364T/2-07 — бағдарламаларды таңдау және жуу циклі туралы нұсқаулық [44/64]

Candy Smart Pro CSOW4 1364T/2-07 Руководство по эксплуатации онлайн [44/64] 646090
44
Бағдарлама таңдау қосқышын бұрған-
нан кейін, дисплей жанып, таңдалған
бағдарлама параметрлері көрсетіледі.
Бағдарлама таңдау қосқышын OFF
(ӨШІРУЛІ) күйіне бұру арқылы маши-
наны өшіріңіз.
Циклді автоматты түрде орнатылған
параметрлермен бастау үшін БАСТАУ/
КІДІРТУ түймесін басыңыз. Жұмыс
кезінде дисплейде бағдарламаның
соңына дейін қалған уақыт көрсетіледі.
Таңдалған бағдарламаның параметр-
лерін өзгерткіңіз келсе, қажетті функция
түймелерін басыңыз, зауыттық авто-
матты параметрлерді өзгертіңіз, содан
кейін циклді бастау үшін БАСТАУ/
КІДІРТУ түймесін басыңыз.
Құрылғыны қосқаннан кейін, бағдар-
лама іске қосылғанша бірнеше секунд
күту керек.
БАҒДАРЛАМАНЫҢ ҰЗАҚТЫҒЫ
Бағдарлама таңдалған кезде дисплей
автоматты түрде цикл ұзақтығын
(duration) көрсетеді, ол таңдалған
опцияларға байланысты өзгеруі мүмкін.
Бағдарлама іске қосылғаннан кейін, жуу
аяқталғанға дейін қалған уақыт үнемі
сізге көрсетіліп тұрады.
Машина кірдің стандартты жүктемесіне
қарай жуу аяқталғанға дейінгі уақытты
есептейді. Цикл кезінде машина
уақытты жүктелген кірдің мөлшері мен
құрамына қарай реттейді.
БАҒДАРЛАМАНЫҢ АЯҚТАЛУЫ
Дисплейде бағдарламаның аяқталғаны
және ЕСІКТІ БҰҒАТТАУ индикаторы
сөнетіні туралы хабар пайда болған
кезде, есікті ашуға болады.
Бағдарлама таңдау қосқышын OFF
(ӨШІРУЛІ) күйіне бұру арқылы маши-
наны өшіріңіз.
БАСТАУ/КІДІРТУ түймесін баспас
бұрын есікті жабыңыз.
БАСТАУ/КІДІРТУ түймесі
OFF (ӨШІРУЛІ) күйіндегі
бағдарлама таңдау қосқышы
Жуу циклі аяқталғаннан кейін арнайы
қауіпсіздік құрылғысы есікті бірден
ашуға жол бермейді. Есікті ашпас
бұрын, жуу циклі аяқталғаннан кейін
2 минут күтіңіз (ЕСІКТІ БҰҒАТТАУ
индикаторы сөнуі керек).
Есіктің ашылуы
Бағдарлама таңдау қосқышы әр жуу
циклінің соңында немесе келесі
бағдарламаны таңдап, іске қоспас
бұрын келесі жуу циклі басталарда
OFF (ӨШІРУЛІ) күйіне оралуы керек.
Тек көрсетілген бағдарламамен
үйлесімді функцияларды таңдауға
болады.
ЕСКЕРТУ:
қуат сымының ашасын электр розет-
касына қосқан кезде түймеге қолы-
ңызды тигізбеңіз, өйткені алғашқы
бірнеше секунд ішінде машина жү-
йені калибрлейді: түймеге тиіп кету
машинаның қалыпты жұмысын
бұзады. Бұл жағдайда қуат сымы-
ның ашасын розеткадан шығарып,
әрекетті қайталаңыз.
Қалыпты жағдай-манжетте жəне
жуғыш заттарға арналған
контейнерде судың жиналуы.

Бұл нұсқаулықта жуу бағдарламаларын таңдау, цикл ұзақтығын бақылау және қауіпсіздік шаралары туралы ақпарат берілген. Машинаны тиімді пайдалану үшін қажетті кеңестер.

Скачать