Candy Smart Pro CSOW4 1364T/2-07 — кептіру циклін орындау: тиімді бағдарламаларды таңдаңыз [46/64]

Candy Smart Pro CSOW4 1364T/2-07 Руководство по эксплуатации онлайн [46/64] 646090
46
- Тек кептіру циклін орындаңыз
Кірдің түріне сәйкес қажетті кептіру
бағдарламасын таңдаңыз. Бұл түймені
басу арқылы әдепкі параметрден (жүн
кептіру бағдарламасынан басқа)
өзгеше кірді кептіру деңгейін таңдауға
болады.
Дисплейде бағдарламаның аяқталғаны
және ЕСІКТІ БҰҒАТТАУ индикаторы
сөнетіні туралы хабар пайда болған
кезде, есікті ашуға болады.
КЕЙБІР МОДЕЛЬДЕРДЕ бұл түйме БУ
функциясымен үйлеседі:
- БУ
Бұл опция кейбір жуу циклдеріне
арнайы бумен өңдеу процесін қосуға
мүмкіндік береді (бағдарламалар
кестесін қараңыз).
Бу функциясы дымқыл киімдегі қыжым-
дарды тегістейді, үтіктеу уақытын
қысқартады.
Талшықтар жаңарып, құрылымын қал-
пына келтіреді, киімнен жағымсыз
иістер жойылады.
Әрбір бағдарлама үшін киімнің матасы
мен түсіне байланысты жуудың макси-
малды тиімділігіне кепілдік беретін
арнайы бумен өңдеу режимі әзірленген.
Жуу цикліне өту үшін тиісті инди-
катор жанғанша түймені бірнеше
рет басыңыз (немесе басып тұрыңыз).
Бұл түйме таңдалған бағдарламаға бай-
ланысты екі нұсқаның бірін таңдауға
мүмкіндік береді.
- ЖЫЛДАМ
Бұл түйме тұтқаны ECO (14/30/44 мин.)
бағдарламасына орнатқан кезде белсенді
болады және жуу циклінің көрсетілген
ұзақтықтарының бірін таңдауға мүмкіндік
береді.
- ЛАСТАНУ ДЕҢГЕЙІ
Бағдарламаны таңдағаннан кейін, сол
бағдарлама үшін орнатылған жуу циклінің
ұзақтығы автоматты түрде көрсетіледі.
Бұл опция бағдарламаның ұзақтығын
өзгерту арқылы матаның ластану дәре-
жесіне байланысты жуу қарқындылы-
ғының үш деңгейінің бірін таңдауға мүм-
кіндік береді (бағдарлама кестесінде
көрсетілгендей кейбір бағдарламалар
үшін ғана қолданылуы мүмкін).
Бұл түйме жуу циклдерінің температу-
расын өзгертуге мүмкіндік береді.
Маталардың зақымдалуына жол бермеу
мақсатында әр бағдарлама үшін рұқсат
етілген температураның максималды
мәнінен асып кету мүмкін емес.
Егер суық сумен жуғыңыз келсе, барлық
индикатор өшірулі болуы керек.
Осы түймені басу арқылы максималды
жылдамдықты азайтуға немесе қажет
болса, циклден бас тартуға болады.
Егер сіз кептіру үшін бағдарламалар
кестесінде көрсетілген кірдің макси-
малды жүктемесінен асып кетсеңіз,
кептіру нәтижелері көңіліңізден шық-
пауы мүмкін.
«СЫҒУДЫ ТАҢДАУ» түймесі
ТЕМПЕРАТУРАНЫ ТАҢДАУ
түймесі
«ЖЫЛДАМ/ЛАСТАНУ
ДЕҢГЕЙІ» түймесі

Кірдің түріне сәйкес кептіру бағдарламасын таңдаңыз. Әр бағдарлама үшін арнайы бумен өңдеу режимі мен ластану деңгейін реттеу мүмкіндігі бар.

Скачать