Candy Smart Pro CSOW4 1364T/2-07 — жуу және кептіру бағдарламаларының функционалдық мүмкіндіктері [48/64]
![Candy Smart Pro CSOW4 1364T/2-07 Руководство по эксплуатации онлайн [48/64] 646090](/views2/2142247/page48/bg30.png)
48
⚫ Бағдарламаны іске қосқаннан кейін сіз
жуу аяқталғанға дейін қалған уақыт
туралы үнемі ақпарат аласыз.
⚫ Машина стандартты жүктеу негізінде
таңдалған бағдарламаның соңына
дейінгі уақытты есептейді. Жуу циклі
кезінде машина таңдалған бағдарла-
маның соңына дейінгі уақытты салмақ
пен жүктеме құрамына сәйкес реттейді.
2) КЕПТІРУДІ ТАҢДАУ
ИНДИКАТОРЛАРЫ
Индикаторлар кептіру дәрежесін көрсе-
теді, оны тиісті түймелермен таңдауға
болады:
Автоматты кептіру бағдарламалары
ҚОСЫМША КЕПТІРУ
(сүлгілерге, халаттарға және үлкен
жүктерге жарамды).
ҮТІКТЕУГЕ ДАЙЫНДАУ
(жуылған кір үтіктеуге дайын болып
тұрады).
ШКАФТА КЕПТІРУ
(үтіктеуді қажет етпейтін киімдер
үшін).
3) Kg Detector (Кг детектор) (кейбір
модельдерде ғана қолжетімді)
«Kg Detector» (Кг детекторы) индикаторы
жуу циклінің алғашқы бірнеше минутында
жанып тұрады. Бұл уақытта интеллек-
туалды датчик машинаға салынған кірдің
салмағын өлшеп, цикл уақытын, сондай-
ақ су мен электр энергиясын тұтынуды
реттейді (тек кейбір бағдарламаларда
белсенді).
3) БУ ИНДИКАТОРЫ
(кейбір модельдерде ғана
қолжетімді)
Индикатор бұл функцияның іске қосыл-
ғанын көрсетеді.
4) ЕСІКТІ БҰҒАТТАУ ИНДИКАТОРЫ
⚫ Бұл пиктограмма машинаның есігі
жабық екенін көрсетеді.
⚫ Есігі жабық машинада БАСТАУ/КІДІРТУ
түймесін басқаннан кейін, индикатор
жылдам жыпылықтайды, содан кейін
біркелкі жанып тұрады.
⚫ Жуу циклі аяқталғаннан кейін арнайы
қауіпсіздік құрылғысы есікті бірден
ашуға жол бермейді. Машинаның есігін
ашпас бұрын, жуу циклі аяқталғаннан ке-
йін (есікті бұғаттау индикаторы сөнгенше)
2 минут күтіңіз. Жуу циклі аяқталғаннан
кейін, бағдарлама таңдау қосқышын
OFF (ӨШІРУЛІ) күйіне қойыңыз.
5) ТҮЙМЕЛЕРДІ БҰҒАТТАУ
ИНДИКАТОРЫ
Бұл индикатор түймелердің бұғатталғанын
көрсетеді.
Машинаның есігі толығымен
жабылмаса, индикатор шамамен
7 секунд жыпылықтап тұрады.
Содан кейін іске қосу пәрменінен
автоматты түрде бас тартылады.
Бұл жағдайда есікті дұрыстап
жауып, БАСТАУ/КІДІРТУ түймесін
басыңыз.
БАСТАУ/КІДІРТУ түймесін баспас
бұрын есікті жабыңыз.
6) ТЕМПЕРАТУРАНЫ ТАҢДАУ ИНДИКА-
ТОРЛАРЫ
Таңдалған бағдарламаның жуу темпера-
турасын көрсетеді, оны тиісті түймені басу
арқылы өзгертуге болады (мүмкін болса).
Егер суық сумен жуғыңыз келсе, барлық
индикатор өшірулі болуы керек.
7) СЫҒУДЫ ТАҢДАУ
ИНДИКАТОРЛАРЫ
Таңдалған бағдарлама үшін сығу жыл-
дамдығын көрсетеді, оны тиісті түймені
басу арқылы өзгертуге немесе өткізіп
жіберуге болады.
Содержание
Похожие устройства
-
Candy Smart Pro CSOW4 1364T/2-07Руководство по эксплуатации -
Candy Smart Pro CSOW4 1364T/2-07Инструкция по эксплуатации -
Candy Smart CSWS40 364D/2-07Руководство по эксплуатации -
Candy GVSW40364TWHC-07Инструкция по эксплуатации -
Candy CSW4 365 D/2-07Инструкция по эксплуатации -
Candy CBWD 8514TWH-07Инструкция по эксплуатации -
Candy GrandO Vita Smart GVSW45 385TWHC-07Инструкция по эксплуатации -
Candy GVW 45 385 TC/1-07Инструкция по эксплуатации -
Candy gvw45 385tc-07Инструкция по эксплуатации -
Vestfrost VFWD 1460 SЭксплуатационная инструкция -
Smeg LSTA127Руководство по настройке -
Haier HWD80-BP14979SРуководство по эксплуатации
Бағдарламаны іске қосқаннан кейін жуу циклі мен кептіру параметрлері туралы ақпарат алыңыз. Интеллектуалды датчиктер мен индикаторлар арқылы тиімділік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етіңіз.