Candy Smart Pro CSOW4 1364T/2-07 — кептіру циклінің нұсқаулары: тиімді кептіру үшін кеңестер [53/64]

Candy Smart Pro CSOW4 1364T/2-07 Руководство по эксплуатации онлайн [53/64] 646090
53
8. КЕПТІРУ ЦИКЛІ
Төмендегі ұсыныстар жалпы нұсқаулар
болып табылады және кептірудің ең
жақсы нәтижелерін қамтамасыз ету үшін
тәжірибе қажет.
Алғаш рет пайдаланған кезде, кірдің
қажетті ылғалдылығын қамтамасыз ету
үшін кептіру уақытын көрсетілгеннен
азырақ орнату ұсынылады.
Су ағатын саңылау бітеліп қалмас үшін
кілемшелер мен көп қабатты бұйымдар
сияқты оңай тозатын маталардан жасал-
ған бұйымдарды кептіру ұсынылмайды.
Жууға болатын заттарды келесідей
сұрыптау ұсынылады:
- Бұйымның жапсырмаларында көр-
сетілген кептіру белгілеріне сәйкес
Барабанда кептіруге болады.
Барабанда жоғары температурада
кептіру.
Барабанда тек төмен температу-
рада кептіру.
Барабанда кептіруге БОЛМАЙДЫ.
- Көлемі мен қалыңдығы бойынша
Егер жууға болатын кірдің жүктемесі
кептіруді орындау тұрғысынан машинаның
мүмкіндіктерінен асып кетсе, өнімдерді
қалыңдығына қарай сұрыптаңыз (мысалы,
сүлгілер және жұқа іш киімдер).
- Матаның түрі бойынша
Мақта/зығыр: сүлгілер, трикотаж, төсек-
орын және зығыр дастархан.
Синтетикалық маталар: Полиэфир не-
месе полиамидті маталардан, сондай-
ақ мақта/синтетика аралас маталардан
жасалған блузкалар, жейделер, комби-
незондар және т. б.
Барабанда алдын ала сығу арқылы
кептіру ғана.
Есікті ашыңыз.
Кірді салыңыз. Кірдің көлемі бағдарлама
кестесінде көрсетілген максималды жүкте-
меден аспауы тиіс. Ауқымды бұйымдарда
(мысалы, төсек жаймалары) немесе суды
қатты сіңіретін өнімдерде (мысалы, сүлгілер
немесе джинс) жүктемені азайту керек.
Есікті жабыңыз.
Қолдағы кірге арналған ең қолайлы кептіру
бағдарламасын таңдаңыз (ҚАРҚЫНДЫ
КЕПТІРУ, НӘЗІК КЕПТІРУ, ЖҮНДІ
КЕПТІРУ).
Мұнда құрғақтықтың қажетті дәрежесі
таңдалады:
ҚОСЫМША КЕПТІРУ
(сүлгілерге, халаттарға және үлкен жүк-
терге жарамды).
ҮТІКТЕУГЕ ДАЙЫНДАУ
(жуылған кір үтіктеуге дайын болып
тұрады).
ШКАФТА КЕПТІРУ
(үтіктеуді қажет етпейтін киімдер үшін).
УАҚЫТ ПАРАМЕТРЛЕРІ БАР КЕПТІРУ
БАҒДАРЛАМАЛАРЫ
- 120 МИНУТ
- 90 МИНУТ
- 60 МИНУТ
- 30 МИНУТ
Егер өнімде оған күтім жасауға қа-
тысты таңбалары бар белгі болмаса,
онда мұндай өнім кір жуғыш және
кептіргіш машинада кептіруге жарам-
сыз деп есептеледі.
Кептіруді дұрыс орындау
KZ

Кептіру циклін тиімді орындау үшін ұсыныстар мен нұсқаулар. Кірді дұрыс сұрыптау, кептіру бағдарламаларын таңдау және уақыт параметрлері.

Скачать