Candy Smart Pro CSOW4 1364T/2-07 — машина жұмысындағы ақаулар мен шешімдер [56/64]

Candy Smart Pro CSOW4 1364T/2-07 Руководство по эксплуатации онлайн [56/64] 646090
56
ҚАЛЫПТЫ ЖҰМЫС РЕЖИМІНІҢ БАСҚА ДА БҰЗЫЛУЛАРЫ
Мәселе Ықтимал себептер мен практикалық шешімдер
Машина жұмыс
істемейді/іске
қосылмайды
Машина қуат сымының электр желісі розеткасына қосылғанына
көз жеткізіңіз.
Қуат қосулы екеніне көз жеткізіңіз.
Розеткада кернеу бар екеніне көз жеткізіңіз, оны шам сияқты
басқа құрылғымен тексеріңіз.
Есік дұрыс жабылмаған болуы мүмкін: оны ашып, қайта жабыңыз.
Қажетті бағдарламаның дұрыс таңдалғанын тексеріп, бастау
түймесін қайта басыңыз.
Машинаның кідіріс режимінде екенін тексеріңіз.
Машинаның жанындағы
еденге су төгіледі
Бұған шүмек пен су жіберу құбыршегі арасындағы тығызда-
ғыштағы ағып кету жағдайы себеп болуы мүмкін; бұл жағдайда
тығыздағышты ауыстырып, құбыр мен шүмекті қатайтыңыз.
Сүзгінің дұрыс жабылғанына көз жеткізіңіз.
Машина сығу циклін
орындамайды
Барабанға киім дұрыс орналастырылмағандықтан, машина:
Сығу уақытын арттырып, жүктелген киімді теңдестіруге
тырысады.
Діріл мен шуды азайту үшін сығу жылдамдығын азайта алады.
Машинаны қорғау үшін сығуды болдырмайды.
Жүктелген киімнің барабанның ішіне біркелкі үлестірілгеніне
көз жеткізіңіз. Олай болмаса, оны қайта орналастырып, бағдар-
ламаны қайта іске қосыңыз.
Бұл судың толығымен төгілмеуіне байланысты болуы мүмкін:
бірнеше минут күтіңіз. Мәселе шешілмесе, 3-қате бөліміндегі
нұсқауларды қараңыз.
Кейбір модельдерде «сығусыз» функциясы бар: бұл функцияның
қосылмағанына көз жеткізіңіз.
Сығу жылдамдығын реттейтін кейбір опциялардың қосылма-
ғанына көз жеткізіңіз.
Шамадан тыс кір жуғыш құралын қолдану сығу циклінің баста-
луына жол бермеуі мүмкін.
Центрифуганың
жұмысы кезіндегі
қатты діріл/шу
Машина толығымен тураланбауы мүмкін: қажет болса, тиісті
бөлімде көрсетілгендей аяқтарын реттеңіз.
Көлік бұрандаларының, резеңке тығыздағыштардың және аралық
түтіктердің машинадан шығарылғанына көз жеткізіңіз.
Барабанның ішінде бөгде заттардың (тиындар, ілмектер, түймелер
және т. б.) жоқ екеніне көз жеткізіңіз.

Машина жұмысындағы ақауларды анықтау және шешу жолдары. Қуат, су ағып кету, сығу циклы мен діріл мәселелерін шешу бойынша кеңестер.

Скачать