Galaxy GL4317 Руководство по эксплуатации онлайн [11/15] 175538

Galaxy GL4317 Руководство по эксплуатации онлайн [11/15] 175538
KAZ
11
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Электр құралын суға және басқа да
сұйықтықтарға батыруға болмайды! Электр құралын оған қандай да
болмасын сұйықтықтардың шашырандылары тиіп кетуі мүмкін жер-
лерде немесе ылғалды ортада қолданбаңыз! Электр құралын ванна
бөлмесінде, бассейндердің және басқа да су көздерінің жанында қолданбаңыз!
Жұмыс істеп тұрған құралды дымқыл қолдармен ұстамаңыз!
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Аталған пайдалану жөніндегі нұсқаулық барлық
мүмкін болатын оқыс жағдайларды қарастыра алмайды. Қолданушыға электр
құралымен жұмыс жасау кезінде қауіпсіздік техникасы шараларын өздігінен
сақтауы керек болады!
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Ешбір жағдайда электр құралын алкогольдік немесе
есірткілік масайған күйде немесе шындықты объективті қабылдауға кедергі
жасайтын басқа да шарттарда қолданбау керек, және құралды осындай
жағдайлардағы және шарттардағы адамдарға сеніп тапсырмау керек болады!
Қолданушы электр құралымен жұмыс жасау кезінде қауіпсіздік техникасы
шараларын өздігінен сақтауға тиісті болады!
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Термоажыратқыштың бастапқы қалыпқа кездейсоқ
қайтуымен шақырылатын қауіптерге жол бермеу үшін, құралға таймер секілді
сыртқы құрылғы арқылы қуат берілмеуі керек немесе қуат беруді тұрақты іске
қосу және сөндіру орын алушы тізбекпен қосылмаған болуы керек.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Құрал физикалық, сенсорлық немесе ойлау қабілеттері
төмендеген немесе оларда өмірлік тәжірибе мен білімдері болмаса, егер олар
қарауда болмаса немесе оларға олардың қауіпсіздігіне жауапты тұлғалар
арқылы құралды қолдану жөніндегі нұсқамалық жүргізілмесе, тұлғалармен
балаларды қоса алғанда) қолданылуға арналмаған.
БІРІНШІ РЕТ ҚОЛДАНУДЫҢ АЛДЫНДА
Электр құралын қораптан шығарыңыз және қаптаушы материалды (бар болған
жағдайда) алып тастаңыз. Құралдың корпусын дымқыл матамен сүртіңіз.
ЭЛЕКТР ҚҰРАЛЫН ПАЙДАЛАНУ
Қуат беруші желі параметрлерінің құралда көрсетілген деректерге сәйкестілігін
тексеріп және ажыратқыштың «СӨН» күйінде тұрғандығына көз жеткізе отырып,
қуат беру баусымының істікшесін желіге қосыңыз және электр құралын қолға
алыңыз. Сізге қажетті ауа ағынының жылдамдығын (және температуралық режимді)
тиісті ажыратқыштардың көмегімен таңдаңыз. Саптама-концентраторды дымқыш
шаштарға, кептіруге тиісті затқа немесе бетке бағыттаңыз. Электр құралын тым
жақын жақындаутуға болмайды. Қашықтық кем дегенде 15 см болуы керек.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Құрал тек тұрмыстық қолдануға ғана арналған.
Скачать