Samsung MG22M8054AK/BW Руководство по эксплуатации онлайн [114/192] 235931

Samsung MG22M8054AK/BW Руководство по эксплуатации онлайн [114/192] 235931
Пешті іске пайдалану
18Казақ
Пешті іске пайдалану
Код Тағам
Үстелге тарту
мөлшері
Құраластар
1-3 Кекс 3 дана 150-170 г ұн, 50 г қант, 70-75 мл қаймақ, 20 г
сары май, 1 жұмыртқа, ½ шай қасық ашытқы,
100 г кептірілген кинкан немесе мандарин, сезам
тұқымдары
Нұсқаулар
Ұнды қопсытқышпен үлкен шыныға елеңіз, қаймақ, қант және
жұмсарған сары майды қосыңыз, бір жұмыртқаны жарып, 1-2 минут
жақсылап араластырыңыз. Егер кинкандар тым қатты болса, оларды
жұмсарғанша ыстық суда жібітіңіз және кішкентай бөлшектерге кесіңіз.
Қамырға кесілген кинкандарды қосып, қайтадан араластырыңыз.
Қамырды үштен екіге толтырып, кішкентай қалыптарға салыңыз және
сезам дәндерін себіңіз. Қалыптарды үстіңгі торға қойыңыз. Оларды
микротолқынды пешке салыңыз. СТАРТ/+30СЕК (БАСТАУ/+30с)
түймесін басыңыз. Үстелге тарту алдында 2-3 минут қоя тұрыңыз.
1-4 Лимон
қосылған
булочкалар
9-10 булочка 150 г ұн, 45 г сары май, 60 г қант, 1 жұмыртқа, 1
лимон, 2 ас қасық ұнтақ қант, 2 ас қасық су
Нұсқаулар
Ұнды үлкен шыныға елеңіз, сары майды қосыңыз және және қоқым
пішіміне келгенше саусақтарыңызбен қоспаны ысқылаңыз. Қант,
су, жұмыртқаның ақуызын, лимон қабығын және 1 шай қасық лимон
шырынын қосыңыз және қамырды араластырыңыз. Кішкентай
булочкаларды алхоры мөлшеріндей етіп жасаңыз және оларды ұнтақ
қантқа аунатыңыз. Булочкаларды пергамент қағазға қойыңыз. Оларды
микротолқынды пешке салып, СТАРТ/+30СЕК (БАСТАУ/+30с) түймесін
басыңыз. Сигнал бергенде, булочкаларды шығарыңыз. Жұмыртқаның
сарысын жағып, оларды микротолқынды пешке салып, СТАРТ/+30СЕК
(БАСТАУ/+30с) түймесін қайтадан басыңыз. Үстелге тарту алдында 2-3
минут қоя тұрыңыз.
Код Тағам
Үстелге тарту
мөлшері
Құраластар
1-5 Сырник 2 дана 90-100 г үй ірімшігі, 10 г ваниль қанты, 0,5 г тұз, ¼
жұмыртқа, 5-10 г сары май (жағу үшін), 30 г ұн
Нұсқаулар
Сары майдан басқа барлық құраластарды жақсылап араластырыңыз.
Екі бәліш жасаңыз. Май жағыңыз. Оларды пергамент қағазға және
содан соң үстіңгі торға қойыңыз. Оларды микротолқынды пешке
салыңыз. СТАРТ/+30СЕК (БАСТАУ/+30с) түймесін басыңыз. Сигнал
бергенде, оларды шығарыңыз және бәліштерді аударыңыз. Оларды
микротолқынды пешке салып, қайтадан СТАРТ/+30СЕК (БАСТАУ/+30с)
түймесін басыңыз. Үстелге тарту алдында 2-3 минут қоя тұрыңыз.
1-6 Ірімшіктен
жасалған тост
2 тілім Тост наны – 2 тілім (26-28 г / тілім), ірімшік – 2 тілім
(20 г / тілім)
Нұсқаулар
Екі нан тілімін үстіңгі торға қойыңыз. Оларды микротолқынды пешке
салыңыз. СТАРТ/+30СЕК (БАСТАУ/+30с) түймесін басыңыз. Сигнал
бергенде, оларды шығарыңыз және тост тілімдерін аударып, оларға
ірімшік тілімін қойыңыз. Оларды микротолқынды пешке салып, қайтадан
СТАРТ/+30СЕК (БАСТАУ/+30с) түймесін басыңыз.
1-7 Нан қоқымдары
қосылған
ірімшік
200-250 г 160 г сулугуни ірімішігі, 60 г нан қоқымдары, 1
жұмыртқа
Нұсқаулар
Ірімшікті шетінен 2-2,5 см кішкентай текшелерге кесіңіз. Жұмыртқаны
сәл көпіртіп, ірімшік текшелерін осы қоспаға қосыңыз. Ірімшікті
нан қоқымдарына аунатын, сол қадамдарды қайталаңыз (ірімшік
текшелерін қайтадан жұмыртқа мен нан қоқымдарына аунатыңыз және
оларды саусақтарыңызбен тегістеңіз.) Ірімшікті нан қоқымдарымен
кең тәрелкеге салыңыз. Оларды микротолқынды пешке салыңыз.
СТАРТ/+30СЕК (БАСТАУ/+30с) түймесін басыңыз. Үстелге тарту
алдында 2-3 минут қоя тұрыңыз.
MG22M8054AK_BW_DE68-04445S-01_KK.indd 18 2017-11-29  4:56:49