Thermex IF 30 V (pro) Wi-Fi Инструкция по эксплуатации онлайн [19/0] 508070

Thermex IF 80 H (pro) Инструкция по эксплуатации онлайн [19/46] 506215
17
Сақтандырғыш клапан (1-сур., 5 т.) су құбырында қысымның түсуі
жағдайында және су қатты ысып кеткен кезде бактағы қысымның артуы
жағдайында су жылытқыштан су құбырына судың түсуіне бөгет жасай отырып,
кері клапан қызметін, сондай-ақ су қатты ысыған кезде бактағы артық қысымды
түсіретін қорғаныс клапанының қызметін атқарады. Су жылытқыш жұмыс істеп
тұрған кезде артық қысымды түсіру үшін сақтандырғыш клапанның сыртқа
шығаратын құбырынан су құйылып кетуі мүмкін, бұл су жылытқыштың
қауіпсіздігі мақсатында жүзеге асады. Бұл сыртқа шығаратын құбыр атмосфера
үшін ашық қалдырылуы және тұрақты төмен қаратылып және қатпайтын
қоршаған ортада орнатылуы тиіс.
ЭСЖ құрастыру кезінде тиісті дренажды қарастыра отырып (1-сур., 6 т.),
канализацияға сақтандырғыш клапанның (1-сур., 14 т.) сыртқа шығаратын
құбырынан судың ағуын қамтамасыз ету қажет.
Әк тұнбасын кетіру үшін және клапанның жұмысқа жарамдылығын тексеру
үшін сақтандырғыш клапанның сыртқа шығару құбыры арқылы суды аздаған
мөлшерін ағызуды тұрақты (айына бір реттен сирек емес) жүзеге асырып отыру
қажет. Клапан ашуға арналған тұтқамен жабдықталған (1-сур., 15 т.). ЭСЖ
жұмыс істеп тұрған кезде бұл тұтқаның бактан судың ағуын жабатын күйде
тұруын қадағалау қажет.
5. ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫНЫҢ НҰСҚАУЛАРЫ
ЭСЖ электр қауіпсіздігіне тек электр қондырғыларын құрастырудың
қолданыстағы ережелеріне сәйкес орындалған тиімді жерге тұйықтау бар болған
жағдайда ғана кепілдік беріледі.
Сантехникалық жеткізу және бекіту арматурасы су құбыры желісінің
параметрлеріне сәйкес келулері және қажетті сапа сертификаттары болуы тиіс.
ЭСЖ құрастыру және пайдалану кезінде рұқсат етілмейді:
егер ЭСЖ сумен толтырылмаған болса, электр қорегін қосуға;
электр қорегі қосылып тұрған кезде, қорғаныс қақпағын шешіп алуға;
ЭСЖ жерге тұйықтаусыз пайдалануға;
ЭСЖ 0,6 МПа жоғары қысыммен су құбыры желісіне қосуға;
ЭСЖ су құбырына сақтандырғыш клапансыз қосуға ;
Электр қорегі қосылып тұрған кезде ЭСЖ-дан суды төгуге;
Өндірушімен ұсынылмаған қосалқы бөлшектерді пайдалануға;
ЭСЖ аққан суды тамақ дайындау үшін пайдалануға;
ЭСЖ және сақтандырғыш клапанның жөмысының бұзылуына әкелуі
мүмкін механикалық қоспалардан (құм, майда тастар) тұратын суды
пайдалануға.
ЭСЖ кронштейндерінің орнату мөлшерлерін және конструкциясын
өзгертуге.
ы
KZ

Похожие устройства

Скачать