Kolner kbg 150 f кн150ф Руководство по эксплуатации онлайн [13/21] 195532

Kolner kbg 150 f кн150ф Руководство по эксплуатации онлайн [13/21] 195532
1 ЖАЛПЫ НҰСҚАУЛАР1 ЖАЛПЫ НҰСҚАУЛАР
Электр қайрағыш білдек KBG 150F
тұрмыстық мұқтаждықтардың аясында
металдан жасалған түрлі бұйымдарды
және басқа да материалдарды ажар-
лау және қайрау үшін қолданылады.
Бұйымның тұрмыстық мақсаты бар. Бұл
жабдықтың ауыр өнеркәсіп жұмыстарына
арналмағанына Сіздің назарыңызды ау-
дарамыз. Бұйымды мақсатына сай емес
пайдалану кепілді жөндеуден бас тарту
үшін негіз болып табылады.
Қауіпті жағдайлардың туындау-
ын болдырмау үшін бұйымды
пайдалану алдында осы пайда-
лану жөніндегі нұсқаулықтың барлық
тармақтарымен танысу ұсынылады.
Аталған бұйым келесі
талаптарға сәйкес болады:
Кедендік одақ Комиссиясының
2011 жылдың 16 тамызындағы
№768 Шешімімен бекітілген КО ТР
004/2011 «Төменвольтты жабдықтың
қауіпсіздігі туралы» Кедендік одақтың
Техникалық регламентіне; Кедендік одақ
Комиссиясының 2011 жылдың 18
қазанындағы №823 Шешімімен бекітілген
КО ТР 010/2011 «Машиналар мен
жабдықтардың қауіпсіздігі туралы»
Кедендік одақтың Техникалық
регламентіне; Кедендік одақ
Комиссиясының 2011 жылдың 9
желтоқсанындағы №879 Шешімімен
бекітілген КО ТР 020/2011«Техникалық
құралдардың электромагниттік
үйлесімлілігі туралы» Кедендік одақтың
Техникалық регламентіне. Техникалық
регламентіне; Еуразиялық экономикалық
комиссия Кеңесінің 2016 жылғы 18
қазандағы №113 шешімімен бекітілген
«Электр және электронды өнімдерде
қауіпті заттарды пайдалануды шектеу ту-
ралы» Кеден одағының ТР ТС 037/2016
техникалық регламенттері. Пайдалану
жөніндегі нұсқаулықты бұйымның барлық
қызметтік мерзімінің ішінде сақтаңыз.
Осы Пайдалану нұсқаулығы
бұйымның ажырамас бөлігі
болып табылады. Пайдалану
жөніндегі нұсқаулықты
бұйымның барлық қызметтік мерзімінің
ішінде сақтаңыз.
Өнім тек үй-жайдың ішінде
пайдалануға арналған. Өнімді
жаңбыр, қар, жоғары
ылғалдылық, жылыту және т. б.
сияқты қолайсыз атмосфералық және
сыртқы әсерлердің әсеріне ұшыратуға
тыйым салынады.
Сіз арқылы сатып алынған бұйым осы
нұсқаулықтан оны пайдалануға әсер
етпейтін кейбір айырмашылықтарға ие
болуы мүмкін.
2 ТЕХНИКАЛЫҚ ТАЛАПТАР2 ТЕХНИКАЛЫҚ ТАЛАПТАР
1 кесте
Номиналды
кернеу
220-240 В ~
Номиналды жиілік 50 Гц
Номиналды қуаты 150 Вт
Бос жүрістегі
айналымдар саны
0-10000 айн/мин
Қайрағыш
шарықтың өлшемі
75х20 мм
Шеңбердің
отырғызу диаметрі
10 мм
Желілік кабелдің
ұзындығы
2 м
Ұзындығы икемді
білігінің
1 м
Салмағы 2,7 кг
Қызметтік мерзімі 3 жыл
ПАЙДАЛАНУ БОЙЫНША БАСШЫЛЫҚ 13
KAZ
Скачать