Bosch GKF 550 0.601.6A0.020 Руководство по эксплуатации онлайн [109/177] 867597
![Bosch GKF 550 0.601.6A0.020 Руководство по эксплуатации онлайн [109/177] 867597](/views2/2143478/page109/bg6d.png)
Қазақ | 109
Көлемді Bosch керек-жарақтар бағдарламасына жататын
түпнұсқа фрезаларды дилеріңізден алуға болады.
Фреза қорабын шешу (A суретін қараңыз)
Фрезаны орнатудан бұрын алдымен фреза қорабын (2)
жетек блогынан (1) ажыратыңыз.
Қатпарлы бұрандаманы (10) фреза қорабында (2)
ашыңыз.
Жетек блогын жоғарыға тартыңыз.
Цангалы қысқышты алмастыру (B суретін қараңыз)
Пайдаланылатын фрезаға байланысты фрезаны
орнатудан бұрын салмалы гайканы цангалы қысқышпен
(7) алмастыру керек.
Егер фрезаңыз үшін тиісті цангалы қысқыш алдын ала
орнатылған болса, төмендегі бөлімдегі жұмыс
қадамдарын орындаңыз.
Цангалы қысқыш (13) салмалы гайка ішінде азғантай бос
орынмен орналасуы керек. Салмалы гайка (7) оңай
орнатылуы тиіс . Егер салмалы гайка немесе цангалы
қысқыш зақымдалған болса, оны дереу алмастырыңыз.
Айыр тәрізді кілтті (15) құрал бекіткішіне (14) орнатыңыз
(C1 суретін қараңыз).
Салмалы гайканы (7) сағат тілінің бағытына қарсы айыр
тәрізді кілтпен (16) бұрап шығарыңыз.
Қажет болса, құрастырмас бұрын барлық орнатылатын
бөліктерді жұмсақ шүберекпен немесе сығылған ауамен
үрлеп тазартыңыз.
Жаңа салмалы гайканы құрал бекіткішіне (14)
орнатыңыз.
Салмалы гайканы бос етіп тартыңыз.
u Қысқышты жаппа сомынмен фреза орнатылған
болмаса, ешқашан тартып қоймаңыз. Әйтпесе
қысқаш зақымдануы мүмкін.
Фрезаны орнату (C1 - C2 суреттерін қараңыз)
Фрезаның пайдалану мақсатына байланысты түрлі
модельдер мен сапада қол жетімді.
Фреза жылдам кесілетін болаттан дайындалған (HSS)
жұмсақ ағаш пен пластик сияқты жұмсақ метариалдарды
өңдеуге жарамды.
Қатты құймалы кескішжиекті фрезалар (HM) қатты
ағаш және алюминий сияқты қатты және абразивті
материалдарға жақсы жарамды.
Bosch керек-жарақтарының кең бағдарламасына жататын
айрықша фрезаларды дилеріңізден алуға болады.
Тек аса таза фрезаларды пайдаланыңыз.
Фреза қорабын орнату (A суретін қараңыз)
Фрезерлеу үшін фреза қорабын (2) жетек блогына (1)
қайта орнату керек.
Қатпарлы бұрандаманы (10) фреза қорабында (2)
ашыңыз.
Жетек блогын (1) фреза қорабына (2) жылжытыңыз.
Қатпарлы бұранданы (10) фреза қорабында (2)
жабыңыз.
u Әрқашан орнатудан кейін жетек блогының
фрезерлеу қорабында берік тұрғанын тексеріңіз.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандармен
өңделуі керек.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
u Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Пайдалану
u Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет. 230В белгісімен
белгіленген электр құралдармен 220В жұмыс
істеуге болады.
Кесу тереңдігін орнату
u Кесу тереңдігін орнатуды тек электр құрылғы
өшірулі кезде орындау керек.
Фрезерлеу тереңдігін жобалы реттеу үшін келесідей
әрекет етіңіз:
– Фрезасы орнатылған электр құралын өңделетін
дайындамаға қойыңыз.
– Фреза қорабындағы (2) қатпарлы бұранданы (10)
ашыңыз.
– Жетек блогын (1) фрезерлеу тереңдігінің шкаласы
(12) бойынша қажетті тереңдікке жылжытыңыз.
– Фреза қорабындағы (2) қатпарлы бұранданы (10)
жабыңыз.
– Фрезерлеу тереңдігінің реттелгенін тәжірибе жолымен
тексеріп, қажетінше түзетіңіз.
Іске қосу
Қосу/өшіру
Электр құралын қосу үшін ажыратқышты (11) I күйіне
орнатыңыз.
Электр құралын өшіру үшін ажыратқышты (11) 0 күйіне
орнатыңыз.
Bosch Power Tools 1 609 92A 5JF | (10.12.2021)
Похожие устройства
- Аксион Т-33 Руководство по эксплуатации
- Indesit ITR 4180 W Руководство по эксплуатации
- Scarlett SC-CM33004 Руководство по эксплуатации
- Patriot PS 888 S Руководство по эксплуатации
- Patriot FM 380 Руководство по эксплуатации
- Kitfort КТ-3013 Руководство по эксплуатации
- Kitfort KT-3046-3 Руководство по эксплуатации
- Patriot BR 140Li Руководство по эксплуатации
- Patriot LM 401 Руководство по эксплуатации
- Patriot PL 110 Руководство по эксплуатации
- Patriot CS 195 Руководство по эксплуатации
- Patriot DB 460 Руководство по эксплуатации
- Patriot LS 601 The One Руководство по эксплуатации
- Patriot BR 114Li THE ONE Руководство по эксплуатации
- Patriot BR 104Li THE ONE Руководство по эксплуатации
- Patriot FD 750H Руководство по эксплуатации
- Patriot CE 5322 Руководство по эксплуатации
- Patriot pt se24 Руководство по эксплуатации
- Ballu BWH/S 50 Rodon Руководство по эксплуатации
- Patriot LS 750 Руководство по эксплуатации