Galaxy GL6256 — шаңсорғышты пайдалану және күтім жөніндегі нұсқаулық [21/25]
![Galaxy GL6256 Руководство по эксплуатации онлайн [21/25] 265982](/views2/2145497/page21/bg15.png)
KAZ
21
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Шаңсорғышты әрбір қолданудан кейін шаң мен
қоқысты кетіруді, сонымен бірге контейнерді бөлшектеу мен тазалауды
жүргізіңіз. Шаңсорғыштың көмегімен тазалауды тек қоқыс пен шаң алдын-
ала контейнерден кетірілген жағдайда ғана бастаңыз.
8 ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
8.1 Жұмыс аяқталғаннан кейін бұйымды шаң мен қоқыстан тазалауды
жүргізу қажет.
8.2 Құралды тазалау үшін құралдың бетін бүлдіруі мүмкін тазартқыш
құралды қолданбаңыз. Корпусты алдымен дымқыл майлықпен, сосын
құрғақ матамен сүртіңіз.
8.3 Контейнер сүзгілерін тазалау
Тұтқасынан ұстай отырып бекіту батырмасына басыңыз және контейнерді
шешіңіз. Контейнерді қоқыс шелекке орналастырыңыз. Контейнерден
сүзгіні алып шығыңыз және жұмсақ шөткені (жиынтықта жеткізілмейді)
қолдана отырып, қоқыс шелегіне тазалаңыз. Сонымен бірге микропоролон-
ды сүзгіні де шешіңіз, әлсіз су ағынымен жуыңыз және мұқият кептіріңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Контейнерді құрастырудың алдында барлық алмалы
бөлшектердің – таза және құрғақ екендіктерін қадағалаңыз.
ЕСКЕРТУ: Ыдыс-аяқ жуатын машинаны сүзгілер мен контейнерді тазалау
үшін қолданбаңыз. Сүзгілерді және басқа да алынбалы бөлшектерін кептіру
үшін фенді қолдануға тыйым салынады.
9 САҚТАУ ЕРЕЖЕСІ
Бұйымды 0°С-тан +40°С-қа дейінгі қоршаған ортаның температурасы
кезінде және 80%-дан аспайтын ауаның салыстырмалы ылғалдылығында
сақтау керек. Бүлінудерді болдырмау үшін бұйымды тек зауыттық
қаптамада ғана тасымалдаңыз. Тасымалдаудан немесе төмендетілген
температурада сақтаудан кейін бұйымды оны бөлме температурасында
кем дегенде екі сағаттай ұстау керек. Бұйымды тиеу, түсіру және сақтау
кезінде пайдалану жөніндегі нұсқаулықта мазмұндалғандардан басқа келесі
талаптарды басшылыққа алу керек:
- бұйымның бүлінуіне және / немесе оның қаптамасының бұзылуына әкеліп
соқтыруы мүмкін елеулі механикалық жүктемелерге бұйымды ұшыратуға
тыйым салынады;
- бұйымның қаптамасына судың және басқа да сұйықтықтардың тиіп
кетулерін болдырмау қажет. Пайдалануда болған бұйымды теріс темпе-
ратурада тасымалдаудың немесе сақтауға берудің алдында бұйымда судың
жоқтығына көз жеткізу қажет. Бұйымның барлық беттері құрғақ болулары
керек. Бұйымды температураның елеулі айырмаларынан және тікелей күн
сәулелерінен қорғаңыз.
Похожие устройства
-
Galaxy GL6254Руководство пользователя -
Galaxy GL6251Руководство по эксплуатации -
Galaxy GL 6251Руководство по эксплуатации -
Galaxy GL 6255Руководство по эксплуатации -
Galaxy GL 6253Руководство по эксплуатации -
Galaxy GL6232Инструкция по эксплуатации -
Galaxy GL 6259Инструкция по эксплуатации -
Galaxy GL 6230Инструкция по эксплуатации -
Galaxy GL 6256Инструкция по эксплуатации -
Galaxy GL 6251Инструкция по эксплуатации -
Galaxy GL 6253Инструкция по эксплуатации -
Galaxy GL 6255Инструкция по эксплуатации
Шаңсорғышты дұрыс пайдалану және күтім жасау бойынша нұсқаулық. Контейнерді тазалау, сақтау ережелері және техникалық қызмет көрсету туралы ақпарат.